Get Mystery Box with random crypto!

YerlanGo - 21 😊

Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊 Y
Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊
Арна мекенжайы: @yerlango
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Небір жебір бар © Зылиқа тәте

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-07-30 19:45:59
Татарларда хай-вай болып жатыр.

Татарлардың Дүниежүзілік Конгресі деген ұйым бар-тын. Сол ұйым Мәскеу тарапынан президенттің құқы шектелгенде де, мектепте ана тілін оқыту мәселесінде де төбе көрсетпеген. Ең қызық жері - тағылған айып. Біздегі әлдекімдерді еске түсіреді. "Конгресс сабантойдан, ән салып, би билеуден қолы тимеді. Татарлардың хақын қорғауда шөптің басын сындырған жоқ" дейді Наиль деген белсенді. Оның ойынша, бұл ұйым керісінше, татарлардың ұлттық мәселелерін көтеруді тежеп отыр. Басшылықта кімдер екені айтпаса да түсінікті.

Биыл татар тілінен мемлекеттік емтиханды 1 адам ғана тапсырыпты.
118 viewsYerlan Ospan, 16:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 19:25:35
ҚТЖ - Қазақстан темір жолы -ның миссиясы. Жылайсың енді. Қазақшасына емес, пафосына жылайсың. Deutsche Bahn бізден артта қалды ма деп уайымдайсың.
132 viewsYerlan Ospan, 16:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 18:43:15
HIMARS, CAESAR

Біз совет зеңбірегінен басқа түк көрмегенбіз. Барлаушы координатаны анықтайды, зеңбіректің аузын соған жобалап келтіресің, желге қатысты ауытқуды есепке аласың да, атасың.

Ал HIMARS оқтары GPS-пен өзі тауып барады. Орыстар GPS сигналын да тұншықтыратын әдіс тауыпты деп жатыр, ақпар расталмаған. Бірақ украин оқтары хирургиялық дәлдікпен түсіп, қиратып жатыр. Француздық CAESAR болса, құлау алдында инфрақызыл сканерін іске қосып, техниканың орнын анықтайды. Яғни, атып-атып, тез қашқаныңмен бәрібір құтылмайсың.

Ресейліктердің тетелес техникалары (Мста, Солнцепек) үлкен ауданды төмпештеуге арналған, яғни бір нысана үшін бірнеше оқ атылады. Көк шығын екені түсінікті.
9 viewsYerlan Ospan, 15:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 18:25:42
Украин армиясы интернеттің бар мүмкіндігін пайдаланып жатыр. Мысалы, телеграмда
@evorog_bot ботын ашып қойған. Жаудың техникасының видеосын-фотосын жіберуге болады. Жіберген файлдың метамәліметтері арқылы техниканың орнын болжайды. Жоба "халық барлауы" деп аталады.
37 viewsYerlan Ospan, 15:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 18:09:58 Ресейде бағасы мың сомға дейінгі зат сатушылардың ішінде алаяқтар көбейіпті. Бос қорап, немесе түрлі қоқыс жібере салады. Сүйтсе, құны мың сомға дейінгі затпен алаяқтық заң бойынша жазаланбайды екен, әрі кеткенде уақ бұзақылық болып танылады. Ал тапсырыс берушілер сол үшін соттасып, уақыт құртқысы келмейді.
57 viewsYerlan Ospan, 15:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 17:56:02
Батыс басылымдарының "сарапшылары" Орта Азияны еш білмей ме деймін. Әуелі әскери бюджетіміз туралы хабар шығып еді, күн айналмай Қазақстан мен Ресейдің алшақтауы туралы "сараптама" қаптап кетті. Олар біздің Ресейге қандай кіріптар екенімізді білмейді-ау деймін. Тіпті елестете алмайды. Егемен ел деп ойлап қалғанына да рахмет бірақ.
67 viewsYerlan Ospan, 14:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 17:10:50
2000 жылдары пародия сайттар көп еді. "Одноклассникиге" ұқсатып жасалған Сокамерники сайты "чарттарды жыртып кетті". Әттеген-айы, путинизм дендеп келе жатыр еді, мораль сақшылары жаптырып тынды.
87 viewsYerlan Ospan, edited  14:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 16:36:59
Siemens шаңсорғышы, 1906 жыл.
98 viewsYerlan Ospan, 13:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 16:25:21
Топас қалжың, бірақ күлесің
105 viewsYerlan Ospan, 13:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 11:58:26 Росатом салатыны анық қой. Бірақ ең болмаса Египет пен Түркия сияқты - өздері кредит беріп, өздері салсын. Аккуюдегі АЭС салу үшін Росатом Сберден 800 млн доллар кредит алды. Тағы алады. Қазір түріктер АЭС-ті орыстың өзінің ақшасына салып жатыр.

Бірақ еліміз есепсіз ақша шығару қабілетін көрсетіп қойды. Орыстар біздің биліктің - қоғамдық бақылаусыз шетелге 67 млрд доллар шығара алатын қабілетін, қалт-құлт еткен бес банкті ақшамен тұншықтырып өлтіре жаздағанын көріп қойды. Енді олар әрине, қолма қол ақшаға салады, әрі тықақтап қоймайтын болады. Бәрібір бейшара екенбіз - тездетіп салсын енді, зб, әңгімені көбейтпей.
133 viewsYerlan Ospan, 08:58
Ашу / Түсініктеме