Get Mystery Box with random crypto!

YerlanGo - 21 😊

Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊 Y
Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊
Арна мекенжайы: @yerlango
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Небір жебір бар © Зылиқа тәте

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2022-07-25 13:47:42 Ура! Yamaha да мен сияқты - смартфоннан музыка тыңдауды қорлық деп есептейді екен!
69 viewsYerlan Ospan, 10:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 13:08:47 Айлыққа жұмыс істеген адамның мерейтойында қалай "ұлтқа қызмет етіп келеді" деп жатады? Жалақы алмаған болса бір сәрі.
103 viewsYerlan Ospan, 10:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 12:11:35
Вологдада науқас жедел жәрдемнен қашып кетті.
125 viewsYerlan Ospan, 09:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 09:51:40 Бизнесті ТМД елдерінен АҚШ-қа қалай көшіруге болады? АҚШ-та өз брендіңізді қалай қалыптастыра аласыз? Осы және басқа да сұрақтар бойынша Нью-Йоркте 24 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 15.00-де @united_alash_foundation «Біріккен Алаш» Қорының тұңғыш кәсіпкерлік фестивалі өтеді.

Бизнес бастау туралы бір күндік құрылтайда сауда кірісін арттырудың мүмкіндігі жайлы айтылады деп көзделуде. Сонымен қатар кәсіпкерлік жиынның сұрақ-жауап кезеңінде сарапшылар «Франшизаны қалай ашу керек? Ол үшін не қажет? Бизнесті ТМД елдерінен АҚШ-қа қалай көшіруге болады? Қытайдан АҚШ-қа импорт қанша тұрады, қалай есептеу керек? Қытаймен жұмыс істеудегі қателіктер мен жаңсақ ұғымдар; АҚШ-та өз брендіңізді қалай қалыптастыруға болады?» деген сауалдарға да жауап беретін болады.

Айта кетсек, шара барысында кофе-брейк те ұйымдастырылады. Шараға қатысу тегін.

Өтетін орны: Манхэттен, 220 E 23rd St Suite 401, Нью-Йорк, NY 10010.

Демеушілер:

– «Біріккен Алаш» Қоры;
– Yes Компаниясы;
– Starta_vc;
– Нью-Йорк Фильм Академиясы;
– Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Миссиясы;
– Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас Консулдығы.
– KazUnite KazUnite] Халықаралық Онлайн газеті.

Барлық сұрақ бойынша:
+5513409717 Айдын.
81 viewsYerlan Ospan, 06:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 09:51:24
Мынау қызық екен. Кәсіпкерлікті шетелде, әрине, ең алдымен АҚШ-та тіркеу туралы сұраушылар көп.
80 viewsYerlan Ospan, 06:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 06:21:42
Әй, мынау рахат екен.
98 viewsYerlan Ospan, 03:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 22:20:18 "Украиндер бүйтуі керек", "украиндер жеңілмеуге бар күшін салуы керек" деп сөз бастайтын арсыз "сарапшыларды" сынағым келеді. Мен автоматпен атып тұрайын, ал сен не істеуің керек екенін тез ойлан деп. Соғыстағы халыққа қалай ақыл айтуға болады, түсінбеймін.
63 viewsYerlan Ospan, 19:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 19:57:26
ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ КОНЬКИ ТЕБУ - ТЕГІН
Сүйікті сюжетім. Науқаншылықтың гротескті көрінісі ретінде таптырмайтын деректі құжат.
Жоғалып кетер, осы жерге салып қояйыншы.
117 viewsYerlan Ospan, 16:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 17:08:45 Халықаралық ғарыш айлағы біздің толқын үшін жаңа ғасырдың, жаңа қадамның символы еді. Адамзат соғыс атаулыны қойып, тек жасампаздықпен жарысатын; Томбукту, Нью-Йорк және Шалқардың арасында өркениет жағынан еш айырмашылық болмайтын; әуемобильдермен қаңғырып жүретін заман келеді деген үміт сыйлаған жоба еді.

Бірақ дегенераттарға билік тиіп, ақыры осы болды.
94 viewsYerlan Ospan, 14:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 16:55:51
Халықаралық ғарыш айлағын циркке айналдырып бітірді(((
177 viewsYerlan Ospan, 13:55
Ашу / Түсініктеме