Get Mystery Box with random crypto!

YerlanGo - 21 😊

Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊 Y
Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊
Арна мекенжайы: @yerlango
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Небір жебір бар © Зылиқа тәте

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-07-22 06:53:24
Қазпоштаның квитанциясының қағазы күшті. Аристократтар таңдап алып хат жазатын қағаз сияқты.
"Қадірлі герцогиня..." деп бастап кетсем иә...
151 viewsYerlan Ospan, 03:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 15:07:19 Марқұм өлерінде жайнап кетіп еді деп жатушы еді. Блогерлер де сотталар алдында құлпырып кететін сияқты.
107 viewsYerlan Ospan, 12:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 08:06:26
#IT #DALLE
110 viewsYerlan Ospan, 05:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 06:44:58 #НораЧемпион
Ақ адамдардың жүгіргені мен баскетбол ойнағанын қарай алмаймын. Пародия сияқты.
231 viewsYerlan Ospan, 03:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 05:23:35 Жабу жөнінде шешім қабылданған "Зерде" холдингі Мусинге қарсы ақпараттық шабуыл бастап кеткен сыңайы бар. Бұл нарықтағы түйсігіме сүйенсем, мына видео - "Зерденің" осы шабуылдағы "танкісі", басты контенті. Алайда интернет заманында пайғамбар болу қиын дер едім. Әсіресе - Арман Әбдірасыловқа.

1. Мен келгенде трайбализм, шығын, т.б. болды дейді. Енді, болса - болды да, сондықтан сізге берген ғой тізгінді.
Бірақ, 2021 жылы холдингке қарасты компаниялар майнингпен айналысып, оның үстіне салық жеңілдігін алған. Тамыр-таныстық жойылғанымен, жаңа тамыр-таныстыққа ұласқан сияқты.

2. Есеп комитеті 2021 жылы "Зерде" холдингі шығын екенін айтқан. Арман Әбдірасылов Есеп комитетін саяси құрал дейді. Енді білмеймін. Есеп комитетін сотқа берді ме, әлде қорытындысын қоғамдық талқылауға шығарды ма? Бұлайша өзіңе жақпайтын кез келген ұйымды мойындамауға болатын сияқты. Аудитордан бұлай құтыла салуға болса, сеніңіз - мен (Ерлан Оспан) әлдеқашан миллиардер болар едім. Аудиторды алдай алмағасын ғой айлыққа күн көріп жүргеніміз.

3. Сандәйектен гөрі тұспал мен ым көп. Егер: "Зердеге" заңмен 35 міндет жүктелген. Соның бәрін орындап отырмыз. Актілер қолда" - десе - әңгіме басқа болар еді. Блогер-стайл әңгіме өтпеді.

4. ЛРТ-ға триллиондаған ақша кетті, "Зерденің" үш - үш жарым миллионы көре қалғаны дейді. Өте арсыз "оговорка". Цифрдан өтірік шатасқан болғанда да, қалың бұқара "Зердені" шынымен үш жарым миллион теңгеге(!) жұмыс істеп жатыр деп ойлап қалар.

5. "Зердеде" 200-дей адам жұмыс істейді. Министрлік бұл жұмысты өзіне алса - 50-60 адам алуы керек дейді. Байқамай, қандай эконом болатынын өзіңіз көрсетіп қойған жоқсыз ба?

"Зерде" холдингі, жұқартып айтқанда - "бірінші республиканың" өнімі. Ол кезде көкелер "бизнес" ойлап таба беруші еді. Оның үстіне, "Зерде" алған жұмысын қарық қылмаған. Ішінде - ҚазСат та, бірнеше ай бойы әркім тыңдай алатын ашық каналдармен сөйлескен арнайы органдардың да айқайы бар.

Меніңше, жеке кәсіпкер болып, блогер болып жүре бергені дұрыс болар еді. Ешкім тыңдамайды-оқымайды деп "баса беру" - ұят.

P.S. Бұрынғы жалақым тауып жатқанымнан көп болатын депті. Ренжімеңіз, қызметке отырған екенсіз - ел қатарлы жауап бересіз енді.



146 viewsYerlan Ospan, 02:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 00:52:05
"Қараушысы жоқ халық азар, ақылманы көп халық озар".
MOSSAD эмблемасындағы сөз (Танахтан алынған).
160 viewsYerlan Ospan, 21:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 00:34:27 Во все тяжкие. Мемлекет басшысы осындай комментарийге дейін түскені - біткені. Ресурс кремльдікі, ендеше күмәніңіз болмасын.
https://rg.ru/2022/07/20/putin-zaiavil-chto-v-koka-kole-odna-himiia.html
161 viewsYerlan Ospan, edited  21:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 23:00:34 Найнтиуанның бір жігіті үйленді деп, кішкентай емес - қырыққа келген қыздардың жылап қалғаны. Бұл әйелдерді түсініп көр.
189 viewsYerlan Ospan, 20:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 19:10:24 Әйгілі порноактриса велотренажердің жарнамасында жүр, камменттерге қарағанда - ешкім білмейтін сияқты.
59 viewsYerlan Ospan, 16:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 17:29:17
Ботқа сену әлі ерте сияқты.
100 viewsYerlan Ospan, 14:29
Ашу / Түсініктеме