Get Mystery Box with random crypto!

YerlanGo - 21 😊

Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊 Y
Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊
Арна мекенжайы: @yerlango
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Небір жебір бар © Зылиқа тәте

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-07-26 12:58:00 Үйітілген сирақты әкелем дегенше бүйрек салынған табақты көтеріп кетіпті. Бүйрекке тығып, бер жағынан шығарып, "уәәәә!" деп күлгім келген. Болмай қалды.
19 viewsYerlan Ospan, 09:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 12:31:28
Facebook: Айбек Емберген

"Сайлау нәтижесін құдай білед" деген сөздің жаны бар болып шықты.
47 viewsYerlan Ospan, 09:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 11:29:47
Сөздерді ұқсастығы бойынша топтастыру Левенштейн қашықтығы (Levenshtein distance) деп аталады.
83 viewsYerlan Ospan, 08:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 11:21:36 #СүйірДата
Бәрін айт та бірін айт: итальян капитаны Коста Конкордиа кемесін бірінші болып тастап қашқан трагедияға да биыл аттай он жыл болыпты. Қазір қайда жүр екен...
86 viewsYerlan Ospan, 08:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 11:02:30 КАЛЬКА ДЕГЕНМЕН

Тимур досым, "жақсы нәрсенің атын A4 қоймайды" деуші еді, ризограф қағаз шайнап қалғанда.

"Жақсы нәрсенің атын Windows 98 қоймайды" дейтін компы қатып қалғанда.

"Жақсы нәрсенің атын Сара қоймайды" деуші еді комендант кіргізбегенде.

Осылай қақсап-қақсап, бұл сөзі ақыры мем болып кеткен. Кейінгілердің біреуі де мұның орысша сөз екенін білген жоқ.
94 viewsYerlan Ospan, 08:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 10:45:09 Happy деген шайды нарру дейтін ауылда. Тфьуй, вижуал айырмашылық болмай қалды, қайтадан айтайыншы: happy деген шайды нарру дейтін.

Жоқ, былай: ауылда Happy(1) деген шайды Нарру(2) дейтін; 1 - латынмен, 2 - кирилмен.

Көрдіңдер ме, кейде тек ауызбен айтатын әңгімелер болады.
104 viewsYerlan Ospan, 07:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 10:17:04 Жастықсыз және басқа да жабдықтарсыз шыққан Lada әкеліпті деп жатыр, кафенің бір қызметкерін. Марқұммен тірісінде бақұлдасып қалуға болатын сирек сәт.
116 viewsYerlan Ospan, 07:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 07:57:29 Баяғыда портвейн жұқартып отырып, Сабдық тәуіптен сұраймыз ғой, "қалай күліп қоймайсыз?" деп. Сонда жарықтық:

- Әуелі біреу таратып жіберді. Аузынан суы ағып мал болмай тұрған сиырларымыз Сабдық соққаннан кейін жазылып кетті деп. Сосын өздері келіп, өздері қояд. Келеді, ақшасын тықпалайды, бірдеңе айтып, өздері жылап, өздері күліп, өздері кетеді. Мен ана басқалар сияқты - өтірік басымды қалтыратып, қолымды ербеңдетіп сайқал болмаймын. Қолымнан келмейді. Менікі тек үндемей отыру, болды, - деуші еді.
58 viewsYerlan Ospan, 04:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 06:18:29 "Мақпалды сүйіп тыңдамайтын қазақ жоқ", "Мұқағали өлеңдерін жатқа білмейтін қазақ жоқ", "Сүйінбай мен Қатаған айтысын білмейтін қазақ жоқ", "Ескендір Хасанғалиев қайтыс болғанда күңіренбеген қазақ жоқ"...

Лирика-патетика ғой әшейін. Фактчекке шыдамайтын өтірік тұжырымдар.
101 viewsYerlan Ospan, 03:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 20:08:15 HIMARS

"...Не зря эти ракеты назвали химерами, то есть, хаймарсы" деп, басып жіберді жаңа бір экспертсымақ

HIMARS - қысқартылған сөз:
High Mobility Artillery Rocket System
39 viewsYerlan Ospan, 17:08
Ашу / Түсініктеме