Get Mystery Box with random crypto!

Көпшіліктің әңгімесін түсіну үшін машина жүргізіп үйрену керек | YerlanGo - 21 😊

Көпшіліктің әңгімесін түсіну үшін машина жүргізіп үйрену керек екен, болмай бара жатыр. Автоқұмар ел екенімізді жан-тәніммен сезіп жүрмін, жұрт машина туралы бәрі білетін жайт деп ойлап айтатын мысалдар көбейіп кетті. Амал жоқ, оқу керек болды.

Бірақ, руль бұрап отырған адам мен атқа мінген адам маған бала кезден күлкілі көрінетін. Сондықтан үйренбеп едім. Бірақ машинасоққыр жұрттың әңгімесін түсінбесең аштан қататын сияқтысың біздің елде. Бүкіл категориясын оқып алмасам, жөндеуімен қосып. Әңгіме айтқанда көзін көкшитіп.