Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 197

2021-08-18 14:05:58 Қазақстан заң бойынша демократиялы ел саналады. Бірақ көбіне барлығы құжат бойынша ғана, іс жүзінде нағыз демократияның басты қағидасы сақталмайды. Мысал ретінде екеуінің айырмашылығын жаздық

Тағы алып-қосарыңыз болса, жазыңыз!

https://www.instagram.com/p/CStQ9U6Dql4/
150 views11:05
Ашу / Түсініктеме
2021-08-18 09:59:42
Алматылық тұрғын әкімдікке шағымдану үшін Jah Khalib-тың сұхбатын бөлді

Ол түсірілім барысында әншінің балалық шағы өткен ауланың маңы бойынша өзінің наразылығын білдірді. Жұмысшылардың жаттығуға арналған алаңды қазып тастағанын, кейін жұмысты аяқтамай кетіп қалғанын айтты.

Ал Бақтияр оған көмектесуге, барлығын реттеуге уәде берді
134 viewsedited  06:59
Ашу / Түсініктеме
2021-08-18 09:21:43 Арнамызда жұмыс істегіңіз келсе, келесі бетте көрсетілген поштаға жазыңыз

Жазбаны таныстарыңызға жіберіп, төменде достарыңызды белгілеңіз
https://www.instagram.com/p/CStJQPNj1EC/
132 views06:21
Ашу / Түсініктеме
2021-08-18 07:55:51 Павлодар облысында өз күйеуі өртеген әйел қайтыс болды

Розовка ауылында ерлі-зайыптының арасында кикілжің болған. Күйеуі мас күйінде көлікке отырмақ болғанда, әйелі қарсы болған. Ашуланған еркек оның үстіне спирт төгіп, артынша от жаққан.

I дәрежелі күйік алған әйел ауруханада көз жұмды. Әйелдің жасы небәрі 34 жаста.
164 views04:55
Ашу / Түсініктеме
2021-08-18 07:13:16 Кеше Қазақстанда 7034 адамнан коронавирус анықталды. Алматыда 1403 және Қарағандыда 1049 науқас тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша 16 тамыз коронавирустан 135 адам қайтыс болған. Оның ішінде 19 науқас «ковидтектес пневмониядан» көз жұмған.

Сондықтан Алексей Цой «қызыл және қою қызыл» аймақта демалыс күндері локдаун болуын қолдады. Қазір Қазақстанда Түркістан облысынан басқа барлық өңір қызыл аймақта.

Ал Үкімет басшысы Мамин мұғалімдерге екпе салуды 25 тамызға дейін аяқтауды тапсырды.
145 views04:13
Ашу / Түсініктеме
2021-08-17 14:36:22
Ескерткіш демекші, Сеулде Абайдың бюсті орнатылды.

Ашылу салтанатына Тоқаев қатысты.

сурет: tengrinews.kz
77 viewsedited  11:36
Ашу / Түсініктеме
2021-08-17 14:14:44
Желіні шулатқан Мақатаевқа қойылған жаңа ескерткішті алып тастады

Ақынның 90 жылдығына орай Нарынқолда 131 526 000 теңгеге ескерткіш қойылған еді.

Бірақ мүсіншілер ақынның бойын қысқартып «ергежейлі» қылған.

Қызығы ескерткіш алдымен облыстық, кейін Астанада республикалық комиссияның тексерісінен өткен.

Әкім Амандық Баталов болса, «Ақынның ескерткішін өз көзіңізбен көрдіңіз бе? Көңіліңізден шықты ма?» деген сауалға жауап бермеген.

Бәлкім, әкім қоныстойда отырған болар, әзір қолы тимейді...
91 views11:14
Ашу / Түсініктеме
2021-08-17 13:08:39
Амандық Баталов Зульфия Чиншанло мен Игорь Сонға баспана сыйлапты

Талдықорғанда екі және үш бөлмелі пәтердің сертификатын облыс әкімі табыстаған. Ал бапкеріне 2 млн теңге сыйақы берген.

Баталов мұндай сыйлыққа қаражатты өз қалтасынан шығарды ма, әлде бюджеттен алды ма?

nege.kz
97 viewsedited  10:08
Ашу / Түсініктеме
2021-08-17 12:41:09
Қазақстандағы дайвиң: 300 балықтың орнына 3 тонна қоқыс

Сайын Шапағатов ауылының еріктілері Каспий жағалауынан үш тонна қоқыс жинапты

Бұл акцияны ауыл әкімі ұсынған. Ол "Мақсатымыз – халықтың назарын аудару және теңіз жағалауында демалыс мәдениетін қалыптастыру» дейді.

Теңіз түбінен қоқыс жинаған видеоны міндетті түрде көріңіз.
100 viewsedited  09:41
Ашу / Түсініктеме
2021-08-17 11:37:20 Бекшин: жалған құжат сатып алса, вакцинаға төлейді

Ол «вакцина паспортын сатып алғандар өз ақшасына екпе салсын» деген ұсынысты қолдады.

«Біріншіден, өздері екпе салдырмады. Жалған құжат жасатып, бюджет қаржыландырған вакцинаны босқа төкті. Сондықтан өз қалтасынан төлеген дұрыс деп есептеймін», - деді.

Бірақ бас санитария дәрігері Қазақстанда вакцина тегін болғандықтан, ақылы қанша тұратынын әлі айтпады.
113 viewsedited  08:37
Ашу / Түсініктеме