Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 196

2021-08-20 13:38:34
51 views10:38
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 10:31:56 «Адам құқығын қорғаймыз» деген тәліптер уәдесін орындамады

Ауған жерін жаулап алған тәліптердің бұзақылығы туралы «Медиазона» редакциясы жазды:

Олар Фариаб ауылының тұрғынына 15 еркекке тамақ дайындауды бұйырған. 4 баласы бар, кедей әйел жағдайы жоғын айтып бас тартқанда, тәліптер оны сабап тастаған. Ауыр жаратқан әйел қайтыс болды.

Тахар ауылында әйелді қоғамдық орында паранджа кимегені үшін атып тастады. Марқұмның қасында ата-анасы болған.

Содырлар БАҚ өкілдерін де аңди бастаған. Олар Deutsche Welle редакциясының репортёрін іздеп, оның жақын туыстарының бірін өлтірген, екіншісіне ауыр зақым келтірген.
81 views07:31
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 09:57:04
Тамды ауылының әкімі жарықтың жиі өшуіне қарғаны кінәлады
....
- Енді не істеу керек?
- Қарғаны соттау керек!
467 viewsedited  06:57
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 09:37:09
Отандық «Nomad Stunts» каскадерлері голливуд жұлдызы Сэмюэл Л. Джексонмен бір фильмге түсті

Топ жетекшісі Жайдарбек Күнғұжинов «Киллер кодексі» фильміне ұсынысты 2019 жылы алғанын айтты. Фильмге 8 жігіт пен 2 қыз түскен. Түсірілім былтыр ақпанда Румынияда өткен.

tengrinews.kz
101 views06:37
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 09:18:54 500 миллион теңге қайда жұмсалды? Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы Сәкен Майғазиев қызметтен кетті.
https://informburo.kz/kaz/newskaz/500-million-tenge-qaida-zumsaldy-symkent-qalalyq-madeniet-uiinin-bassysy-saken-maigaziev-qyzmetten-ketti
516 views06:18
Ашу / Түсініктеме
2021-08-19 16:33:38 Экология министрлігі 600 мың долларға тікұшақ жалдай ма?

Мемлекеттік сатып алу сайтында «Охотзоопром ӨБ» кәсіпорны 261 250 000 теңгеге тікұшақ жалдайтынын хабарлады. Бұл мемлекеттік мекеме Экология министрлігі орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетініне тиесілі.

Тікұшақ сирек кездесетін жануарларды әуеден қадағалау үшін керек делінген. Ал ұшу уақыты 440 сағат болатыны жазылған.

Сонда бір сағат қана ұшу үшін салық төлеушілер 593 750 теңге төлейді. Ал жалпы 440 сағат ұшуға 613 мың $ керек.

Сайтта қызмет көрсетуші «DALA AIR» ЖШС деп көрсетілген. Ашық деректерге сүйенсек, оларда BO-105 тікұшағы бар.

Ал интернетте мұндай тікұшақтың бағасы 350 мың доллардан басталады.

Ендеше бұл ақшаға тікұшақты жалдағаннан гөрі, сатып алған үнемдірек емес пе?
70 views13:33
Ашу / Түсініктеме
2021-08-19 16:12:24 Павлодарда вакцина паспортын сатып алған әйел коронавирустан қайтыс болды

Дәрігердің айтуынша, науқастың жағдайы 18 күн бойы ауыр болған. Себебі әйелдің басқа да сырқаты бар.

pavlodarnews.kz
75 views13:12
Ашу / Түсініктеме
2021-08-19 07:08:38
Асқар Омаров ақпарат және қоғамды дамыту вице-министрі болып тағайындалды.

Бұған дейін ол "ҚазАқпарат" басқармасының төрағасы болған.
119 viewsedited  04:08
Ашу / Түсініктеме
2021-08-19 06:41:10
Ауғанстанда жұмыс істейтін 100-ге жуық БҰҰ қызметкерлері уақытша Алматыға келді

Қауіпсіздік мақсатында, олар жұмысын қашықтан жалғастырады.

«Кабулдағы жағдай реттелген соң олар өз еліне қайтады» деді БҰҰ-ның ресми өкілі Стефан Дюжаррик

сурет: vlast.kz
126 viewsedited  03:41
Ашу / Түсініктеме
2021-08-18 15:09:43 15 тамызда «Талибан» террористік қозғалысы Кабулды басып алып, Ауғанстан билігін қолына алды. Ел президенті Ашраф Ғани елден қашты. Ұшақтарға жармасып, бейбіт жерге қашпақ болған халықтың кейбірі әуеден құлаған. Қазір елде дүрбелең болып жатыр. Ақпарат құралдары елді басып алған тәліптер 12 жасар қыздарға үйленіп, секс құлдыққа салып жатыр дейді. Бүгінгі шығарылымда Ауғанстан трагедиясы жайында, ел билігін қолға алған тәліптер деген кім және ондағы мәселенің сіз бен бізге не қатысы бар екенін, ондағы қазақтардың жайы не боларын талқылаймыз.




830 views12:09
Ашу / Түсініктеме