Get Mystery Box with random crypto!

Шымкентте мәйітхананың алдында кезек қалыптасты Қалада корона | Тіл кеспек жоқ

Шымкентте мәйітхананың алдында кезек қалыптасты

Қалада коронавирустан көз жұмғандар көрсеткіші жоғары.

«Егер бұрын айына 60-70 мәйіт жеткізілсе, қазір күніне 30-35 адам түсіп жатыр. Олардың 80-90% ковидтен көз жұмғандар. 1-2 жағдай ғана инсульттен не инфаркттан қайтыс болғандар», — дейді патологоанатом дәрігер Марат Тоқтасов.

Жыл басынан бері Шымкентте коронавирустан 600 адам қайтыс болды. Ал шілдеден бері 300-ден аса адам көз жұмған.

Өткен тәулікте 532 жағдай тіркеліп, 13 адам қайтыс болды. Бұл еліміз бойынша Алматы мен Астанадан кейінгі ең үлкен көрсеткіш.