Get Mystery Box with random crypto!

20 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны есірткі зертханасын ашқ | Тіл кеспек жоқ

20 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны есірткі зертханасын ашқан

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған 8 полимер түйіншек табылған.

Кейін тұрғылықты мекенжайынан 52 түйіншек пен сұйықтық құйылған екі ыдыс анықталған. Күдіктінің үйінен респираторлар, грамдық таразылар, өлшеуіш колбалар мен синтетикалық есірткіні дайындауға арналған басқа да құрылғылар тәркіленді.

Жігіт есірткіні жеке пайдалану үшін сақтағанын айтқан. Қазір синтетикалық есірткіні өндіру және өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.