Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-02-28 10:00:24
Алматы маңында тауға шықпақ болған ер адам көз жұмды

Қайғылы оқиға 27 ақпанда болды.

Екі ер адам Проходное шатқалына барған. Вольчья гора жақта жоғары көтеріле берген кезде 60 жастағы ер адам есінен танып қалған.

Құтқарушылар оны таудан шығарып, апат медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Дәрігерлер пациент өкпе артериясы тромбоэмболиясынан көз жұмғанын анықтады.

@sputnik_aitady
104 views07:00
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 09:24:07 “Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түсуге болатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі кеңейеді. Білім және ғылым министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірледі.

@sputnik_aitady
98 views06:24
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 08:47:59
Қазақстанда 1 наурыздан бастап темекі бағасы өседі

2022 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымды қоса алғанда – 550 теңге;

2022 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда –570 теңге;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 600 теңге болады.

@sputnik_aitady
105 viewsedited  05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 07:33:52 Қазақстан қор биржасы валюталық сауда-саттықты бүгін түске дейін тоқтатты

Ұлттық банк Қазақстан қор биржасымен бірлесіп теңге – АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, валюталық сауда-саттық 28 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де ашылады.

@sputnik_aitady
108 views04:33
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 06:44:43
Қазақстан Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатқан жоқ – қорғаныс министрлігі

Қазақстанның қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери қызметшілердің Украинаға жөнелтіліп жатқаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.

"Қазақстандық әскери қызметшілерді Украинаға немесе басқа елге жіберу туралы өтініш түскен жоқ, сәйкесінше, ондай мәселе қарастырылып жатқан жоқ", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

@sputnik_aitady
115 views03:44
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 06:30:50
Нұр-Сұлтанда соңғы тәулікте жел небәрі 2-7 м/с жылдамдықпен соқты.

Салдарынан қаланы түтін басып қалды.

@sputnik_aitady
1.4K views03:30
Ашу / Түсініктеме
2022-02-27 14:36:00 Беларусь Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум өтті

Бұл туралы елдің орталық сайлау комиссиясы хабарлады

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сәйкес, түске қарай азаматтардың 52,85%-і дауыс берген.

Нәтижесі 28 ақпанға қараған түні белгілі болады.

@sputnik_aitady
36 views11:36
Ашу / Түсініктеме
2022-02-27 12:56:02
Павлодарда автокөлік мұз астына түсіп кетті

Төтенше жағдай Усолка өзенінде болды. Құтқарушылар көлікті жүк көтергіш пен ен арқан көмегімен жағаға шығарып алды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Видео: Instagram/ @kerek.pv

@sputnik_aitady
61 views09:56
Ашу / Түсініктеме
2022-02-27 12:29:41
Қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов тергеу амалдары үшін Алматыға шақырылды

Музыкант адвокатымен бірге келеді. Ол антикоррупциялық қызметтен өзінің қауіпсіздігі туралы кепілдік беруді сұраған.

"Жауап алу кезінде танымал музыкант екенімді қайта-қайта айттым, ал азаптау кезінде айқайлап тұрып, атымды интернет арқылы тексеруді өтіндім. Бірақ Қазақстанның құқық қорғау органдарындағы бірде-бір адам кім екенімді тексерген жоқ. Мені келемеждеді", - деп жазды Рузахунов Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған қырғыз музыканты Викрам Рузахунов құқық қорғаушылардың күш қолданғанын мәлімдеген болатын.

@sputnik_aitady
65 views09:29
Ашу / Түсініктеме
2022-02-27 11:01:56 Зеленский Ресеймен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді, бірақ Беларусьте емес

«Біз Ресейге келіссөздер үшін Варшава, Ыстамбұл, Баку немесе Украинаға зымыран ұшпайтын кез келген басқа қалаларды ұсындық», - деді Украина президенті.

@sputnik_aitady
78 views08:01
Ашу / Түсініктеме