Get Mystery Box with random crypto!

Қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов тергеу амалдары үшін А | Sputnik Қазақстан

Қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов тергеу амалдары үшін Алматыға шақырылды

Музыкант адвокатымен бірге келеді. Ол антикоррупциялық қызметтен өзінің қауіпсіздігі туралы кепілдік беруді сұраған.

"Жауап алу кезінде танымал музыкант екенімді қайта-қайта айттым, ал азаптау кезінде айқайлап тұрып, атымды интернет арқылы тексеруді өтіндім. Бірақ Қазақстанның құқық қорғау органдарындағы бірде-бір адам кім екенімді тексерген жоқ. Мені келемеждеді", - деп жазды Рузахунов Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған қырғыз музыканты Викрам Рузахунов құқық қорғаушылардың күш қолданғанын мәлімдеген болатын.

@sputnik_aitady