Get Mystery Box with random crypto!

Ақмола облысында өрт шыққан үйде үш адам қайтыс болды Купчано | Sputnik Қазақстан

Ақмола облысында өрт шыққан үйде үш адам қайтыс болды

Купчановка ауылында жеке тұрғын үй отқа оранды. Өрт кезінде үй иесі мен қонақтар үйдің ішінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар ұлының кәмелетке толғанын атап өткен.

Құтқарушылар 1976 және 1987 жылы туған екі әйел мен 28 жастағы ер адамның күйген денесін тапты. Үйде болған тағы бір ер адам терезе арқылы шығып, аман қалған. Өрт сөндірушілерді де сол шақырған.

Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

@sputnik_aitady