Get Mystery Box with random crypto!

Коучтің Кабинеті

Telegram арнасының логотипі rozaashirbayeva_kz — Коучтің Кабинеті К
Telegram арнасының логотипі rozaashirbayeva_kz — Коучтің Кабинеті
Арна мекенжайы: @rozaashirbayeva_kz
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 17.19K
Арнадан сипаттама

Бұл кабинетте өзіңе күрделі сұрақтар қоясың, басың қатады, за то өсесің, дамисың, ұшасың 🚀
📍Коучингтік сұрақтар
📍Мотивация
📍Разборлар
📍Трансляциялар
Автор: коуч - Роза Аширбаева

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-02-03 13:02:41 БӨЛЕК ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ (бірінші бөлім)

Көбісінің жыры - бөлек шығу. Несін жасырамын мен де күйеуге тимей тұрып осыны аңсағанмын. Бұрынғы жігітім, қазіргі күйеуім - үйдің жалғызы, ол маған тойға дейін бөлек тұрамыз деп сөз берген.

Сөйтсем мені алдаған екен ғой . Тойдан кейін: мен ешқашан бөлек шықпаймын, ата-анамның жалғызымын, енді бұдан былай бұл мәселені қозғама деді .

Қазір біз бөлек тұрамыз. Бәрі екіжақты келісіммен, және бұл біздің де үлкендердің ортақ жетістігіміз .

Сонымен, бөлек па, бірге ма?

Дұрысы - отбасы құрған екі жас бөлек тұру керек . Олар өз қажеттіліктерін өздері жауып, есеюді, тұлға болуды, отбасы болуды, жауапкершлікті мойнына алып, балаларына өздері қамқор болуды үйрену керек.

Ал, ата-ананың жылыжай комфортында жүріп, бұл нәрселерді үйрену мүмкін емес. Жастарда ақша жетпесе үлкендер пенсиясын беріп құтқарады, баласы жыласа үлкендер қарайды, екеуі ұрысысып кетсе, үлкендер жұбатады.

Не көзбояушылық бұл?
Отбасы - ересектіктің белгісі дейді де, үлкендер бөпе туған бөпелермен алысып жүреді.

Менің позициям - әр отбасы бөлек тұру керек!

Енді реальностьқа келейік. Жаңа отбасыны бөлек жіберуге үлкендер қарсы. Олардың қорқынышын түсінуге болады. Біз қиналдық, бұлардың шамасы келе ма деп уайымдайды.

Енді вопрос: неге ата-ана баласы үй болып кете алмайды деп ойлайды?

Жауап оңай: бала әлі де өзінің қамын өзі жасай алатын, жауапты ересек адам екенін ата-анасына дәлелдей алмады деген сөз.

Үлкендер көзбен көрмеген соң, қалай сенсін? Ертең ойбайлап келіп, тағы өзіме проблемасын айтып жабысады деп ойлайды. Қой, құрысын! Одан да үйде отыр, көз алдымда.

Отбасы үлкен жоба. Бұл жобаға екі бірдей “піскен” адамдар кірмесе қиын болады.

Отбасылық өмірге дайын адамдардың сипаты:

өзінің қажеттілігін толық өтей алатын адам. Яғни ол өзі табыс таба алады және тапқан табысы өзінің тұрмыстық, жеке қажеттіліктеріне толық жетеді.

өзіне өзі қызық адам. Яғни өз өмірін қызығушылыққа толтыра алатын, толыққанды тұлға. Өміріме тек қана сен келсең, мен бақытты боламын, сенімен жатып, сенімен тұрғым келеді дейтіндер, бұл қатарға жатпайды.

отбасы құруға бел буған жандар примерно бір саланың, немесе ұқсас саланың адамдары болғаны абзал. Бұл білімге де қатысты. Біреу қатты оқыған, біреуде білім жетпесе, айтар әңгімесі, ойы бір жерден шықпайды. Берекелі отбасы болу үшін екеуі шектен тыс күш салуға мәжбүр болады. Бұл дегеніміз дамуға, ақша табуға, бақытты сәттерді бірге өткізуге жұмсауға болатын энергияны бір-біріңмен тартысуға құртасың деген сөз.

Осы үш нәрсе. Бақытты отбасы болғым келеді деген әрбір жанның білуі керек қағидалары. Бұл дүниелерді қыздар өз жігітінен талап етсе, жігіт те өз қызынан осы нәрселерді талап ету керек.

Бұл мәселе мені оқып отырған ата-аналарға сабақ болсын. Өз қызыңызды және өз ұлыңызды осы талаптарға сай тәрбиелеуіңіз керек. Ертең оларды үйлендіріп, қызығын көрем деген үмітіңіз болса, қоғамға бәле емес, тұлға қосыңыз

Жоғарыда жазғаным жаңа отбасы құрамын деген жастарға, ертең баламды үйлендіремін деген ата аналарға арналады.

Уже үйленіп қойып, енді бостандықты аңсап жүргендер де менен сөз күтіп отыр ғой.
Оны келесі постта айтамын.
Онсыз да ұзақ болып кетті.

Осы постқа реакция жіберіп, бөлісіп, сақтап алған жандардың бақытты отбасысы болсын

Ой-пікір, сұрақ күтемін
2.1K viewsRoza Ashirbayeva, 10:02
Ашу / Түсініктеме
2022-01-30 22:21:21 ӨМІРІҢ ӨЗГЕРУ ҮШІН НЕ КЕРЕК?

Адам қиындыққа тап болғанда блокировкаға түсіп қалғандай дәрменсіздік сезінеді.
Сол қиын жағдайдан ешқашан шыға алмайтындай, өмірі өзгермейтіндей көрінеді.

Ештеңе қаламау, шешім таппау, мүмкіндік көрмеу - нормально. Мұндай жағдай бәрінде болады.
Тек біреулер бұл жағдайдан өзін өзі алып шыға алады, ал біреулер жылдар бойы қалып қалады.

Тас түскен жеріне ауыр, әркім өз проблемасына өте үлкен деп баға береді, сондықтан да проблемадан шығу жолын да тым ауыр деп есептейді. Бірақ олай емес.

Кез-келген проблемадан шығу үшін фокусыңды екі оп-оңай нәрсеге бұр:

1. Ниетіңді анықтау
2. Қуануды үйрену

Осы 2 нәрсені жасау үшін саған күніне небәрі 6 минут керек. Таңертең 3 минут, жатарда 3 минут.

Таңда тұра салып дәптеріңе бүгінгі жоспарлаған істеріңе қатысты ниетіңді жаз.

Мысал келтірейін:

⁃ Сабаққа барудағы ниетім - жаңа білім алу. Үйрену. Мықты маман болу.
⁃ Тамақ жасаудағы ниетім - жақындарымның саулығы, оларға қамқор болу.
⁃ Жұмысқа барудағы ниетім - жұмысберушінің маған артқан міндетін сапалы орындап, адамдарға пайдалы болу.
Тағысын тағы…

Жатарда тура сол дәптеріңе күнді қорытындылап, өзіңе өзің қуана біл:

⁃ Бүгін сабақта жаңа сөздер, ақпараттар білдім, бұл дүниелер маған жақсы маман болуға көмектеседі. Я - молодец!
⁃ Тамағым дәмді шықты. Үйдегілер қуана тауысып қойды. Олардың көңілі толғанын көріп өзімді пайдалы, керек сезіндім. Я - молодец!
⁃ Жұмыста бүгін нәтиже көрсеттім. Адамдар қуанып, алғысын білдірді. Басшылық та байқап жатыр. Я - молодец.

Бұл 6 минуттық практика арқылы сен өз бойыңда мықты әдеттер қалыптастырасың:

1. Өз өміріңді өзің басқару (ниетіңді анықтау арқылы)
2. Өз өміріңді жарқын эмоцияларға толтыру (қорытынды жасап, қуану арқылы)

Осы енді өміріңді өзгерту емей немене?
Жоқ әлде алтын балық күтіп отырсың ба?

Егер өзіңе өзің тәулігіне 6 минут қимасаң, онда өмірің өзгермей, жолдың шетінде қалып қойғаның дұрыс та шығар. Кімге керексің?
294 viewsRoza Ashirbayeva, 19:21
Ашу / Түсініктеме
2022-01-30 22:17:18 Қайырлы түн, ұйықтамаған жандар!

Қараңғыда телефон шұқып жатқан шығарсыздар? Менде де сол

Кешке оқыған сабақтарымды ойша қорытып, заметкаға жазып, миым қайнап жатқан түрім бар. Бос жатпай сол ойларыммен бөлісе кетейін.

Қалай қарайсыздар?
355 viewsRoza Ashirbayeva, 19:17
Ашу / Түсініктеме
2022-01-19 07:35:27 МИҒА ЖАТТЫҒУ

Қайырлы таң, телеграмсүйер қауым!
Күнді миды жаттықтырудан бастайық.
Эмодзилармен жасырылған мақал-мәтелдерді табайық


1.

2. =

3. = , =

4.

5. ,

6. ,

7. …..

8. ,

#коучтыңкабинеті #таңғыжаттығу
1.5K viewsRoza Ashirbayeva, edited  04:35
Ашу / Түсініктеме
2022-01-18 19:16:09 Жауап мынау:
Анаға құрмет - бөлек маңызды дүние
Әкеге құрмет - бөлек маңызды дүние
Ақша - адамның “здесь и сейчас” жасап жатқан іс-әрекеттерінің жемісі
Өзіңді қабылдау - адамның психикасының дамуының көрсеткіші

Зачем бұл дүниелерді бір-біріне байлап?
Саналы адам 4 түрлі ұғымдағы жетістіктерін бөлек-бөлек дамыту керек

Бала емеспіз ғой. Есею керек.

#дивандағықонақ #коучтыңкабинеті
1.3K viewsRoza Ashirbayeva, 16:16
Ашу / Түсініктеме
2022-01-18 19:15:27
ДИВАНДАҒЫ ҚОНАҚ

Сәлем, телеграмсүйер қауым! Бұл айдардың бар екенін есіңізден шығып кетпей тұрғанда жандандыруға кірістім.

Сіздердің менің ақылды ботыма жіберген сұрақтарыңыздың жауабы осы айдарда және инстаграмда пост ретінде шығып отырады. Инстаблогым tupkisana.kz екенін білесіз ғой ия?

Былтыр 13 декабрьде диванға жайғасқан оқырманым - Ұлан Елібай, өз сұрағына жауап ала алмай әлі отыр. Ұят-ай . Осы жоғалыыыып кететін әдетімді қоя алмай қойдым

Кабинетте осы Ұлан мырзаның сұрағы елді дүр сілкіндірді, жауабын білгісін келген оқырмандар өте көп екен.

Канал менікі болған соң, ой да чисто менікі. Келісу не келіспеу өз құқығыңыз.

Мен маман ретінде бір нәрсені екінші нәрсеге байлап, примерно алыстан тон пішіп, ғылымға негізделмеген ақпараттарды ұнатпаймын.
1.3K viewsRoza Ashirbayeva, edited  16:15
Ашу / Түсініктеме
2022-01-18 10:59:13 Қайырлы күн! Жақсы жаңалығым бар

Сіздердің сұрақтарыңызды жинақтап, маған жеткізетін ақылды БОТ іске қосылды



@RozaCoach_Bot

БОТ-ты тексеруден өткізейік. Сұрағыңыз болса қойыңыз
2.2K viewsRoza Ashirbayeva, 07:59
Ашу / Түсініктеме
2022-01-17 10:24:09 ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ЖАЙЛЫ

Неге бір адамдар оңай шешім қабылдайды, ал кейбіреуі қорқып, мың ойланып-толғанып, соңында өзі қабылдамаған шешімге көне салуды оңай көреді?

Өзіне өзі күмәнданатын адам шешім қабылдай алмайды

Осының себебінен оның басқа жетекші проблемалары қосылады:

Қателесуден қорқу
Қабылданған шешімнің нәтижесі үшін жауапкершілік алғысы келмеу
Сенімсіздік

Адамның өзіне өзі күмәні неден оянады?

Ол өзінің қалауларын, армандарын, ойларын, сүйікті істерін, әрекеттерін ДҰРЫС ЕМЕС деп санайды, маңызды көрмейді, кейінге қояды.

Өз қалауыңды өзің маңызды санамасаң, сенің қалауың ешкімге керек емес

P.S. Ал шешімнің нәтижесінен қорқудың қажеті жоқ, амал бізден, нәтиже - Алладан.
1.1K viewsRoza Ashirbayeva, 07:24
Ашу / Түсініктеме
2022-01-17 10:02:00 Неге бір адамдар оңай шешім қабылдайды, ал кейбіреуі қорқып, мың ойланып-толғанып, соңында өзі қабылдамаған шешімге көне салуды оңай көреді?
1.2K viewsRoza Ashirbayeva, 07:02
Ашу / Түсініктеме
2022-01-10 21:44:50 Channel photo updated
18:44
Ашу / Түсініктеме