Get Mystery Box with random crypto!

ӨМІРІҢ ӨЗГЕРУ ҮШІН НЕ КЕРЕК? Адам қиындыққа тап болғанда блок | Роза Аширбаева

ӨМІРІҢ ӨЗГЕРУ ҮШІН НЕ КЕРЕК?

Адам қиындыққа тап болғанда блокировкаға түсіп қалғандай дәрменсіздік сезінеді.
Сол қиын жағдайдан ешқашан шыға алмайтындай, өмірі өзгермейтіндей көрінеді.

Ештеңе қаламау, шешім таппау, мүмкіндік көрмеу - нормально. Мұндай жағдай бәрінде болады.
Тек біреулер бұл жағдайдан өзін өзі алып шыға алады, ал біреулер жылдар бойы қалып қалады.

Тас түскен жеріне ауыр, әркім өз проблемасына өте үлкен деп баға береді, сондықтан да проблемадан шығу жолын да тым ауыр деп есептейді. Бірақ олай емес.

Кез-келген проблемадан шығу үшін фокусыңды екі оп-оңай нәрсеге бұр:

1. Ниетіңді анықтау
2. Қуануды үйрену

Осы 2 нәрсені жасау үшін саған күніне небәрі 6 минут керек. Таңертең 3 минут, жатарда 3 минут.

Таңда тұра салып дәптеріңе бүгінгі жоспарлаған істеріңе қатысты ниетіңді жаз.

Мысал келтірейін:

⁃ Сабаққа барудағы ниетім - жаңа білім алу. Үйрену. Мықты маман болу.
⁃ Тамақ жасаудағы ниетім - жақындарымның саулығы, оларға қамқор болу.
⁃ Жұмысқа барудағы ниетім - жұмысберушінің маған артқан міндетін сапалы орындап, адамдарға пайдалы болу.
Тағысын тағы…

Жатарда тура сол дәптеріңе күнді қорытындылап, өзіңе өзің қуана біл:

⁃ Бүгін сабақта жаңа сөздер, ақпараттар білдім, бұл дүниелер маған жақсы маман болуға көмектеседі. Я - молодец!
⁃ Тамағым дәмді шықты. Үйдегілер қуана тауысып қойды. Олардың көңілі толғанын көріп өзімді пайдалы, керек сезіндім. Я - молодец!
⁃ Жұмыста бүгін нәтиже көрсеттім. Адамдар қуанып, алғысын білдірді. Басшылық та байқап жатыр. Я - молодец.

Бұл 6 минуттық практика арқылы сен өз бойыңда мықты әдеттер қалыптастырасың:

1. Өз өміріңді өзің басқару (ниетіңді анықтау арқылы)
2. Өз өміріңді жарқын эмоцияларға толтыру (қорытынды жасап, қуану арқылы)

Осы енді өміріңді өзгерту емей немене?
Жоқ әлде алтын балық күтіп отырсың ба?

Егер өзіңе өзің тәулігіне 6 минут қимасаң, онда өмірің өзгермей, жолдың шетінде қалып қойғаның дұрыс та шығар. Кімге керексің?