Get Mystery Box with random crypto!

Коучтің Кабинеті

Telegram арнасының логотипі rozaashirbayeva_kz — Коучтің Кабинеті К
Telegram арнасының логотипі rozaashirbayeva_kz — Коучтің Кабинеті
Арна мекенжайы: @rozaashirbayeva_kz
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 17.19K
Арнадан сипаттама

Бұл кабинетте өзіңе күрделі сұрақтар қоясың, басың қатады, за то өсесің, дамисың, ұшасың 🚀
📍Коучингтік сұрақтар
📍Мотивация
📍Разборлар
📍Трансляциялар
Автор: коуч - Роза Аширбаева

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-01-10 05:19:25 Бүгін жалпыұлттық аза тұту күні

10.01.2022

Барлық қаза болған жандардың туыстарына, жақындарына, дос-таныстарына қайығырып, көңіл айтамын
1.8K viewsRoza Ashirbayeva, 02:19
Ашу / Түсініктеме
2021-12-13 06:30:54
Қайырлы таң
Мынадай сұрақ келіпті каналға.
Тағы да кім осындай идеяны естіді?
1.3K viewsRoza Ashirbayeva, edited  03:30
Ашу / Түсініктеме
2021-11-30 08:37:47 Қайырлы күн

Соңғы жазған жазбама разбор жасауларыңызды сұрадым. Қызықты әртүрлі ойлар айтылды. Белсенділіктеріңіз үшін көөөп рахмет.

Бұл оқиға бойынша менің айтарым:

Шын мәнінде қолдан келгеннің бәрін жасаған адам нәтижеге жетеді.

Шын мәнінде қолдан келгеннің бәрін жасаған адам “мен қолдан келгеннің бәрін жасадым” деп айтпайды.

Әрекетшіл адамнан осы сөздерді естіп көрдіңіз бе?
1.0K viewsRoza Ashirbayeva, 05:37
Ашу / Түсініктеме
2021-11-18 08:55:54 ҚОЛДАН КЕЛГЕННІҢ БӘРІН ЖАСАДЫМ

Осы сөздерді көп айтатын адамдар бар.
Вообще айтпайтын адамдар бар.

Мысалы түрінде айтайық: Жұмысқа тұру процессі арқылы. Екі түрлі стратегияны қарастырайық.

Асан мен Үсен (тура мектептегі ертегідегідей ) жұмысқа тұрғысы келеді. Екеуі де жақсы жұмыс іздейді, екеуі де дайындалуда.

Бірге отырып резюме жазады. Сол резюмені тапсыратын жұмыс орындарының тізімін жасайды.

Екеуі де өмірлеріндегі алғашқы собеседованиесіне барады. Тәжірибе жоқ. Қолдарында бір жапырақ резюме. Көңілде қорқыныш. Бірақ сенім ұрып тұр.

Собеседование өткізіп жатқан адам оңдыра ма? Түрлі сұрақтар қойып, менсінбей қарап, өзінше ақылгөйсіп, резюме дұрыс жазылмағанына дейін айтып, есікті меңзейді.

Асан мен Үсен бастары салбырап тағы 2-3 компанияларды аралайды. Барлығының жауабы бірдей.

Екеуі көңілдері түсіп үйлеріне қайтады. Бірінші күннің жағдайы оларды реальный өмірмен бетпе-бетпе кездестірді. Жұмысқа тұру оңай емес екенін түсінді.

Үйінде жатып Үсен қатты ашуланды.

Үйінде жатып Асан да қатты ашуланды.

Үсенге бүгінгі жағдай ұнамады. Бөтен адамдардың оны менсінбей, басынғаны ашуын келтірді.
Асанға да тура осы жағдай ұнамады.

Осы жерде екеуі екі түрлі шешім қабылдайды

Үсен жұмысты таныстарынан іздейіді. Олар жекімейді. Әкесінен көмек сұрайды. Аға-көкелерін жағалайды. Туыс болмаса да, рулас, жүздес, ауылдастардың көмегіне жүгінеді. Жұмыс іздеу жалғасуда.

Асан HR-менеджерлердің барлық айтқан ескертулерін, жауап бере алмай қалған сұрақтарды есіне түсіреді. Солардың алдында тупой болып отырғаны ішін күйдірді. Отыра қалып сол жауап бере алмаған сұрақтарды интернеттен зерттей бастайды. Айтылған ескертпелерді реттеп, келесі күні тағы собеседованиеге барады. Жұмыс іздеу жалғасуда.

Біраз уақыт өтті. Асан 10-15 компанияны аралады. Собеседование өтуді, өзін ұтымды көрсете білуді, алғырлықты, мықты резюме жазуды үйренді. Ол әрине жұмысқа тұрды. Өзін ұтымды көрсете алу, проблемалардың шешімін тез табу қабілеті оған жұмыста да көмегін тигізді. Ол өзінің алғырлығын әрі қарай дамытты.

Үсен әлі жұмыс күтуде. Папасының нағашы ағасы үлкен компанияда бастық екен, сол күтсін депті.

Асан мен Үсен бірде кездесіп қалады. Амандасып, жұмыс туралы сұрайды.

Асан уже жұмысқа тұрып кеткенін айтады.

Үсен: Мен қолдан келгеннің бәрін істедім, жақсы жұмыс жоқ - депті.

Сіздер осы оқиғаға разбор жасаңыздар. Мен өз ойымды кейінірек айтамын

#мотивация
1.9K viewsRoza Ashirbayeva, edited  05:55
Ашу / Түсініктеме
2021-11-18 05:56:00 ТАҒДЫРҒА ЖАЗЫЛҒАН БОЛАДЫ дегенді қалай түсінесің?

Әрекетшіл адамдар болады. Олар өміріндегі туындаған проблемаларын шешудің жолын тауып, барынша ситуациядан шығады.

Проблеманы “тағдыр” деп қабылдайтын адамдар бар. Олар тек қабылдап, сол проблеманың астында көміліп отыра береді.

Сонда әрекетшіл адамда тағдыр жоқ па?

#оқырмансұрағы #коучингтіксұрақ
2.1K viewsRoza Ashirbayeva, 02:56
Ашу / Түсініктеме
2021-11-18 05:24:21 МЕН ЕШТЕҢЕГЕ ӨКІНБЕЙМІН дейтін адам қандай? Елестетіп суреттеп берші.

#коучтансұрақ #коучингтіксұрақ
2.1K viewsRoza Ashirbayeva, 02:24
Ашу / Түсініктеме
2021-11-14 18:36:03
Аудио емес видеоразбор болып кетті
3.8K viewsRoza Ashirbayeva, edited  15:36
Ашу / Түсініктеме
2021-11-14 16:06:08
3.9K viewsRoza Ashirbayeva, edited  13:06
Ашу / Түсініктеме
2021-11-14 15:50:10 Қайырлы кеш, телеграмсүйер қауым

Үзіліс ұзап кетті деп кінәламауыңызды сұраймын демалыстан соң жұмысқа шомып кеттім.

Біреуңңіз білсеңіз, біреуіңіз білмессіз, мен тек әлеуметтік желідегі блогер-коуч қана емеспін, мен жүйелі түрде жұмыс жасайтын инфобизнесмен, екі баланың анасы, бір азаматтың жары, үлкен кісілердің келінімін

Бүгін кабинеттегі диванға қонақ келіп, өз оқиғасымен бөліспек.

Жалпы қалайсыздар өздеріңіз?
3.6K viewsRoza Ashirbayeva, 12:50
Ашу / Түсініктеме
2021-10-22 20:52:30 Миға разминка жасайық

Күнделікті өмірде мен өзім қазақтың қарапайым қанатты сөздерін, ата-әжелеріміз әңгімесіне қосып отыратын афоризмдерін, мақалдар мен мәтел сөздерін көп айтамын.

Папамнан үйренгенмін ғой, ол тіпті әңгімесін сондай сөздермен араластырмаса айтпайды

Мысал:
Есектің жүгі жеңілдесе - жатаған келеді.
Жаңбыр жаумай су болма
т.с.с.

Мен көп айтатын осындай сөздерімді эмоджиге жасырдым.

Қызық болсын, тауып көріңіздер:



=



50



7.1K viewsRoza Ashirbayeva, 17:52
Ашу / Түсініктеме