Get Mystery Box with random crypto!

БӨЛЕК ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ (бірінші бөлім) Көбісінің жыры - бөлек шы | Роза Аширбаева

БӨЛЕК ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ (бірінші бөлім)

Көбісінің жыры - бөлек шығу. Несін жасырамын мен де күйеуге тимей тұрып осыны аңсағанмын. Бұрынғы жігітім, қазіргі күйеуім - үйдің жалғызы, ол маған тойға дейін бөлек тұрамыз деп сөз берген.

Сөйтсем мені алдаған екен ғой . Тойдан кейін: мен ешқашан бөлек шықпаймын, ата-анамның жалғызымын, енді бұдан былай бұл мәселені қозғама деді .

Қазір біз бөлек тұрамыз. Бәрі екіжақты келісіммен, және бұл біздің де үлкендердің ортақ жетістігіміз .

Сонымен, бөлек па, бірге ма?

Дұрысы - отбасы құрған екі жас бөлек тұру керек . Олар өз қажеттіліктерін өздері жауып, есеюді, тұлға болуды, отбасы болуды, жауапкершлікті мойнына алып, балаларына өздері қамқор болуды үйрену керек.

Ал, ата-ананың жылыжай комфортында жүріп, бұл нәрселерді үйрену мүмкін емес. Жастарда ақша жетпесе үлкендер пенсиясын беріп құтқарады, баласы жыласа үлкендер қарайды, екеуі ұрысысып кетсе, үлкендер жұбатады.

Не көзбояушылық бұл?
Отбасы - ересектіктің белгісі дейді де, үлкендер бөпе туған бөпелермен алысып жүреді.

Менің позициям - әр отбасы бөлек тұру керек!

Енді реальностьқа келейік. Жаңа отбасыны бөлек жіберуге үлкендер қарсы. Олардың қорқынышын түсінуге болады. Біз қиналдық, бұлардың шамасы келе ма деп уайымдайды.

Енді вопрос: неге ата-ана баласы үй болып кете алмайды деп ойлайды?

Жауап оңай: бала әлі де өзінің қамын өзі жасай алатын, жауапты ересек адам екенін ата-анасына дәлелдей алмады деген сөз.

Үлкендер көзбен көрмеген соң, қалай сенсін? Ертең ойбайлап келіп, тағы өзіме проблемасын айтып жабысады деп ойлайды. Қой, құрысын! Одан да үйде отыр, көз алдымда.

Отбасы үлкен жоба. Бұл жобаға екі бірдей “піскен” адамдар кірмесе қиын болады.

Отбасылық өмірге дайын адамдардың сипаты:

өзінің қажеттілігін толық өтей алатын адам. Яғни ол өзі табыс таба алады және тапқан табысы өзінің тұрмыстық, жеке қажеттіліктеріне толық жетеді.

өзіне өзі қызық адам. Яғни өз өмірін қызығушылыққа толтыра алатын, толыққанды тұлға. Өміріме тек қана сен келсең, мен бақытты боламын, сенімен жатып, сенімен тұрғым келеді дейтіндер, бұл қатарға жатпайды.

отбасы құруға бел буған жандар примерно бір саланың, немесе ұқсас саланың адамдары болғаны абзал. Бұл білімге де қатысты. Біреу қатты оқыған, біреуде білім жетпесе, айтар әңгімесі, ойы бір жерден шықпайды. Берекелі отбасы болу үшін екеуі шектен тыс күш салуға мәжбүр болады. Бұл дегеніміз дамуға, ақша табуға, бақытты сәттерді бірге өткізуге жұмсауға болатын энергияны бір-біріңмен тартысуға құртасың деген сөз.

Осы үш нәрсе. Бақытты отбасы болғым келеді деген әрбір жанның білуі керек қағидалары. Бұл дүниелерді қыздар өз жігітінен талап етсе, жігіт те өз қызынан осы нәрселерді талап ету керек.

Бұл мәселе мені оқып отырған ата-аналарға сабақ болсын. Өз қызыңызды және өз ұлыңызды осы талаптарға сай тәрбиелеуіңіз керек. Ертең оларды үйлендіріп, қызығын көрем деген үмітіңіз болса, қоғамға бәле емес, тұлға қосыңыз

Жоғарыда жазғаным жаңа отбасы құрамын деген жастарға, ертең баламды үйлендіремін деген ата аналарға арналады.

Уже үйленіп қойып, енді бостандықты аңсап жүргендер де менен сөз күтіп отыр ғой.
Оны келесі постта айтамын.
Онсыз да ұзақ болып кетті.

Осы постқа реакция жіберіп, бөлісіп, сақтап алған жандардың бақытты отбасысы болсын

Ой-пікір, сұрақ күтемін