Get Mystery Box with random crypto!

Коучтің Кабинеті

Telegram арнасының логотипі rozaashirbayeva_kz — Коучтің Кабинеті К
Telegram арнасының логотипі rozaashirbayeva_kz — Коучтің Кабинеті
Арна мекенжайы: @rozaashirbayeva_kz
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 17.19K
Арнадан сипаттама

Бұл кабинетте өзіңе күрделі сұрақтар қоясың, басың қатады, за то өсесің, дамисың, ұшасың 🚀
📍Коучингтік сұрақтар
📍Мотивация
📍Разборлар
📍Трансляциялар
Автор: коуч - Роза Аширбаева

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-03-18 14:27:42 Live stream finished (6 minutes)
11:27
Ашу / Түсініктеме
2022-03-18 14:21:34 Live stream started
11:21
Ашу / Түсініктеме
2022-02-15 09:51:21
Арманың саяхаттау ма?
Anonymous Poll
74%
Ия, ешқашан саяхатқа шықпағанмын
24%
Ия, арасында саяхаттап тұрамын
2%
Жоқ, саяхаттағым келмейді
857 voters1.5K viewsRoza Ashirbayeva, 06:51
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 19:00:10 Live stream finished (1 hour)
16:00
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 17:44:10 Live stream started
14:44
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 16:56:42 Коучтің Кабинеті pinned «БӨЛЕК ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ (екінші бөлім) Бостандықтың дәмі қандай? Егер бостандықты тамақ деп есептесек, оны қалай пісіруіміз керек? Біріншіден, бұл жалғыз пісірелетін тамақ емес. Оны дайындау үшін екі жақ бір команда болу керек. Екі жақ дегеніміз ері мен әйелі.…»
13:56
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 16:56:27 БӨЛЕК ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ (екінші бөлім)

Бостандықтың дәмі қандай?
Егер бостандықты тамақ деп есептесек, оны қалай пісіруіміз керек?

Біріншіден, бұл жалғыз пісірелетін тамақ емес. Оны дайындау үшін екі жақ бір команда болу керек. Екі жақ дегеніміз ері мен әйелі. Әйелі бостандықты қалап, ал күйеуіне бұл тема қызық болмаса, тамақ піспейді. Постты әрі қарай оқымай-ақ қойсаңыз болады.

Екіншіден, бұл тамаққа мынадай маңызды ингридиенттер керек:
бөлек тұрғандағы қаржылық жоспар,
баспана, жаңа мекен-жайдағы жұмыс,
мектеп, садик мәселесі сақадай сай болу керек. Барғанда көреміз емес, уже нақты мәселе шешілген болу керек.

Үшіншіден, пісіру мәселесі. Осы жерде отты дұрыс жақпасаңыз тамақ піспейді, қатты жақсаңыз бәрі күйіп кетеді. Пісіруге уже ері мен әйелі ғана емес, үлкендер (ата-ана), кейде есейген бала шаға қатысады.

Пісіру бұл - әулетпен сіздердің жанұяңыздың бөлек шығуын талқылау, келісу, бата алу

Бостандық тамағын пісіру процессі әр отбасыда әр түрлі. Бәріне бірдей ереже жоқ. Әулеттер де әртүрлі ғой. Бір отбасыда үлкендердің жасы егде, бір отбасыда әлі жас, жұмыс істейді. Бір отбасыда аналары жалғызбасты, енді біреуінде әке жалғыз. Біреулер көп ағайынды болып тұрса, біреулер үйдің жалғызы. Бұл жағдайлардың бәрін ескеру керек. Таныстарыңыз ертерек бөлек шықса, сізде солай болады деген сөз емес

Тамақты бастамай тұрып осы жерде сізге (ер мен әйеліне) бостандықтың не екенін түсініп, сіздерге оның қандай формасы керек екенін нақтылап алу керек.

Түптің түбіне келгенде бостандық дегеніміз не?

Өзбетіңше отағасы мен отанасы болып, өз қаржылық, тұрмыстық, әлеуметтік мәселелерді өзідеріңіз екеуара шешу, үйде рахаттынып қалаған киімді киіп жүру, қалаған асын дайындап, қаламаса үй жинамау сияқты “простой кайфушкалар” ғой.


Бұл әрбір ересек адамның базалық қажеттілігі.
Сіздер түсінуіңіз керек, мұны қалау - нормально!

Бөлек отау тігуді қаласаңыз сіз рахметі жоқ эгоист, ата-ананың қадірін білмейтін жетесіз емессіз.

Бөлек тұруды қалау - есеюге деген құштарлық.

Бөлек тұру - жау болу емес.

Бөлек тұру - енді біз ата-анамызды жақсы көрмейміз деген сөз емес.

Бөлек кетсе алыстап кетеді деген кепіл жоқ, бір шаңырақ астында тұрып бір-бірінен өте алшақ адамадар қаншама! Бір дастархан басында тамақ ішіп отырып, бір-бірін жек көріп отыратындар жетеді. Сондықтан бір үйде тұру - татулықтың кепілі емес.

Үлкендер мен жастардың ортасындағы нағыз жылы қарым-қатынас тек тіл табысқанда, бір-біріңді тыңдай алғанда, бір-біріңнің қажеттілігіңді түсінгенде ғана болады.

Бөлек тұрудың (бостандықтың) формалары:

Көшіп басқа мекенге (ауыл, қала, мемлекет) кету

Бір мекенде тұру (үйлеріңіз алшақ)

Көрші тұру (үйлеріңіз жақын)

Бұл үш форманың да басты принципі - бөлек жанұялық система құру

Сіздің әке-шешеңіздің құрған отауы бөлек система.
Сіздің құрған отауыңыз бөлек система болу керек.

Егер барлығыңыз бір отбасылық системада тұрсаңыз, онда үйде түсіністік пен гармония сақтап отыру үлкен күш, еңбек және шыдам талап етеді.

Осы үш форманың ішінде өздеріңізге дұрысын таңдаңыз

Жоғарыдағы ақпаратты жинақтайық, сонымен:

Ері мен әйелі бірдей бөлек шығуды қалау керек

Толықтай қаржылай және экономикалық тұрғыда дайын болу

Өздеріне дұрыс келетін бостандық формасын таңдау

Пісіру керек, яғни үлкендермен сөйлесу, ойыңды дұрыс жеткізу

Бостандықтың дәмін тату, яғни көшу.

Пост ұзақ болды тағы, өйткені тақырып күрделі.
Көбісі менен былай де, бүйтіп айт, бетке айт, шашын жұл деген ақыл күтіп отырған сияқты

Осы постта көрсетілген алғышарттарды ер мен әйелі бір команда болып орындаса, сөйлесу, жеткізу қайда оңай .

Бостандық аңсаған қауым, сіздерде осы алғышарттардың қайсысы дайын?

1.3K viewsRoza Ashirbayeva, 13:56
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 10:39:13 Коучтің Кабинеті pinned «Қайырлы дүйсенбі Бөлек шыққым келеді “сериалының” екінші бөлімін күтіп отырсыздар ма? Бүгін шығады деген сыбыс бар Жаңа бөлімнен не күтесіз?»
07:39
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 10:24:50 Қайырлы дүйсенбі

Бөлек шыққым келеді “сериалының” екінші бөлімін күтіп отырсыздар ма?

Бүгін шығады деген сыбыс бар

Жаңа бөлімнен не күтесіз?
1.8K viewsRoza Ashirbayeva, 07:24
Ашу / Түсініктеме
2022-02-03 13:02:58 Коучтің Кабинеті pinned «БӨЛЕК ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ (бірінші бөлім) Көбісінің жыры - бөлек шығу. Несін жасырамын мен де күйеуге тимей тұрып осыны аңсағанмын. Бұрынғы жігітім, қазіргі күйеуім - үйдің жалғызы, ол маған тойға дейін бөлек тұрамыз деп сөз берген. Сөйтсем мені алдаған екен…»
10:02
Ашу / Түсініктеме