Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін талай жанға қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбанд | Сөз:

Бүгін талай жанға қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп бекітілген болатын.

Қазақстанда ГУЛАГ-тың 20-дан астам лагері орналасқан. ХХ ғасырдың 30-40 жылдары елімізде Карлаг, Степлаг, сияқты лагерлер бірінен соң бірі ашылды. Сол жылдары 120 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары, ғалымдар, ұлт жанашырлары болды. Миллиондаған алаш азаматтары репрессияға ұшырады.

Қаншама қаралы жылдарды бастан кешкен қазағымның әрқайсысының кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдарының бәрі бүгінгі ұрпақтың мәңгі есінде. Бұл қасіретті күн ешқашан ұмытылмайды.

@ztb_qaz