Get Mystery Box with random crypto!

Сөз: Тақыс сын есім Қу, айлакер, әккі. - Хитрый, пройдоха, бы | Сөз:

Сөз: Тақыс
сын есім

Қу, айлакер, әккі.
-
Хитрый, пройдоха, бывалый.
-
1. Тайтұяқ алма күміс төбеңдегі,
Қой жайғыш бая қуып тақыс шалдың
Ұстады қойын, тоның шөгелдегі.
(І.Жансүгіров, Орақ науқаны)

2. Жұмағұл жаратылысындағы тақыстық қулығына салып, бойын бағып отырды.
(М.Әуезов, Қараш-қараш оқиғасы)

3. Ол зұлымдығына найза бойламайтын тақыс, ішінде не сыр барын аңғартпайтын қу еді.
(С.Мұқанов, Аққан жұлдыз)

4. Олар осы күні сөз сөйлеп тақыстанып алған, кәрі қойдай тартыншақ.
(О.Бөкей, Қайдасың, қасқа құлыным)

5. Ал ана тұрған Теңізбай қаршадай кезінен - ақ өте қу, ысқаяқ, қолы қалт етсе асханадан шықпайтын, тым тақыс бала болатын.
(Қ.Жұмаділов, Бір түп тораңғы)

Дереккөз 1; Дереккөз 2

Сөз ұсынған Азатқа (@KZ362mmm) көп рақмет!