Get Mystery Box with random crypto!

Биыл түлектердің мектеп бітіру кеші өтеді Бірақ бұл іс-шараны | Qazaqstan.tv

Биыл түлектердің мектеп бітіру кеші өтеді

Бірақ бұл іс-шараның барлығы мектеп қабырғасында өткізілуі тиіс.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің арнайы өкілі айтты.

Кеште неге рұқсат етілмейді:

аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, ақылы әртістерді, мерекелік шараларға жеке студияларды тартуға;

мерекелік дастархан ұйымдастыруға;

автокөліктерді жалға алып, қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізуге;

мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға;

ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға болмайды.

Айта кетейік, Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау мерекесі 25 мамырда өтеді. Аттестат салтанатты түрде 16-17 маусымда тапсырылады.

@qazaqstantv