Get Mystery Box with random crypto!

Сапта тұрған сарбаз кенеттен есінен танып, қайтыс болды - Қорғ | Qazaqstan.tv

Сапта тұрған сарбаз кенеттен есінен танып, қайтыс болды - Қорғаныс министрлігі

Жауынгер биыл көктемде Маңғыстау облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған.

"22 сәуірде Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде қатардағы жауынгер Қалбай Әлібек Саламатұлы қайтыс болды.

Таңертең сапта тұрған жауынгер кенеттен есінен танып қалған. Әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілгенмен, ол есін жимаған күйі қайтыс болды.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы Қалбай Әлібек Саламатұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген министрлік хабарламасында.


Сарбаздың өліміне қатысты тексеру жұмыстары басталды.