Get Mystery Box with random crypto!

....

Telegram арнасының логотипі paidalar — .... P
Telegram арнасының логотипі paidalar — ....
Арна мекенжайы: @paidalar
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 5
Арнадан сипаттама

✒ Ержан Абзалбек
Біздің каналдарымыздың сілтемесі:
Telegram: http://t.me/paidalar
Instagram: http://instagram.com/paigambarlar_mirasy
YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCtKjyMhNfY1q5F1KWQqCauA

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-07-17 14:59:50 Қажылықтан оралған адамға айтылатын дұға

Ардақты сахаба Абдуллаһ Ибн Омар (Аллаһ əкесі екеуінен разы болсын) қажылықтан оралған адамға:

‏تقبل الله نسكك، وَأعظم أَجرك، وأخلف نفقتك.

«Тақоббəлəллаһу нусукəкə, уə а’зомə əжрокə, уə ахлəфə нəфəқотəкə (Аллаһ ғибадатыңды қабыл алсын, сауабыңды ұлы етсін (ұлғайтсын) жəне жұмсаған қаражатыңды (еселеп) қайтарсын)»,- деп дұға тілейтін болған.
«Мусоннаф Ибн Аби Шейба» 15814.

———————
#duga #zikir

https://t.me/paidalar
664 views11:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 13:55:54
Шейх Сулейман ар - Рухейли (да хранит его Аллах)⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Юноша, который хотел жениться ⁣⁣⠀

https://t.me/al_istifaadah
596 views10:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 10:40:23

207 views07:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 10:38:08 ЛГБТ пропагандасынан сақтандыру

Жәбир ибн Абдуллаһ (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі ﷺ былай деген:

إِنَّ أَخْوَفَ مَا أَخَافُ عَلَى أُمَّتِي عَمَلُ قَوْمِ لُوطٍ.

«Үмбетім үшін ең қатты қорқатын нәрсем – Лұт қауымының амалы».
Тирмизи (1457). Хадистің сенімділігін имам Альбани растаған.


Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) айтты:

لَعَنَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ الْمُخَنَّثِينَ مِنَ الرِّجَالِ وَالْمُتَرَجِّلَاتِ مِنَ النِّسَاءِ.

«Пайғамбар ﷺ қызтекелер мен еркекшораларды лағнеттеді (оларға қарсы қарғыс айтты)».
Бұхари (5886).

Және бір сөзінде былай деген:

لَعَنَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ الْمُتَشَبِّهِينَ مِنَ الرِّجَالِ بِالنِّسَاءِ، وَالْمُتَشَبِّهَاتِ مِنَ النِّسَاءِ بِالرِّجَالِ.

«Аллаһ елшісі ﷺ әйелдерге ұқсағысы келетін еркектерді және еркектерге ұқсағысы келетін әйелдерді лағнеттеді».
Бұхари (5885).

Абу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) жеткізілген хадисте былай делінген:

لَعنَ رسُولُ اللهِ ﷺ الرَّجُلَ يلْبسُ لِبْسةَ المرْأةِ، والمرْأةَ تَلْبسُ لِبْسةَ الرَّجُلِ.

«Аллаһ елшісі ﷺ әйелдің киімін киетін еркектерді және еркектердің киімін киетін әйелдерді лағнеттеген».
Абу Дауд (4098), Ибн Мәжәһ (1903), Ахмад (8309). Хадистің сенімділігін имам Альбани растаған.

Аллаһ Тағала Лұт қауымының амалын жасайтындарды ешбір қауымды азаптамаған сондай қатты күйзелтуші азаптармен азаптап, ондай азап Лұт қауымының амалын (ЛГБТ пропагандасын) қолдайтындарға да болатынын баяндаған. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿فَلَمَّا جَاۤءَ أَمۡرُنَا جَعَلۡنَا عَـٰلِیَهَا سَافِلَهَا وَأَمۡطَرۡنَا عَلَیۡهَا حِجَارَةࣰ مِّن سِجِّیلࣲ مَّنضُودࣲ * مُّسَوَّمَةً عِندَ رَبِّكَۖ وَمَا هِیَ مِنَ ٱلظَّـٰلِمِینَ بِبَعِیدࣲ﴾.

﴾Оларға Біздің әміріміз (азабымыз) келген сәтте ол жердің үстін астына келтірдік, әрі олардың үстеріне ерекше әзірленіп қыздырыдған тастарды жаудырдық. Ол тастар Раббыңның қасында таңбаланған болатын. Сондай-ақ, бұл апат (азап, жаза)– залымдардан (Лұт қауымының амалын жасайтындардан) әсте алыс емес﴿.
Һуд сүресі, 82-83 аяттар.

———————
#қазақ_қоғамы #өзекті_мәселе #paidaly_maqala

http://t.me/paidalar
instagram.com/paigambarlar_mirasy
230 views07:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 13:44:42
Қабыл болған қажылықтың белгісі

Құрметті ғалым шейх Абдур-Раззақ əл-Бадр (хафизаһуллаһ) айтты:
«Қабыл болған қажылықтың анық белгісі: пенде қажылығын Аллаһ үшін жəне Аллаһ елшісінің ﷺ сүннетіне сай орындауы. Сондай-ақ, оның қажылықтан кейінгі жағдайы алдыңғыдан қарағанда жақсырақ болуы. Міне, осы екі белгі – қабыл болған қажылықтың белгісі.
Біріншісі: Қажылық кезінде болатын белгі. Ол – пенде қажылығын Аллаһ үшін жəне Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған мақтауы мен сəлемі болсын) сүннетіне сай орындауы.
Екіншісі: Қажылықтан кейін болатын белгі. Ол - пенденің қажылықтан кейінгі жағдайы жақсы жаққа өзгеруі. Яғни, қажылықтан кейін оның ізгі амалдар мен ғибадаттарға деген талпынысы артып, күнəлар мен жамандықтардан алыстауы күшейе түсуі, əрі дұрыстық пен туралыққа жəне жақсылықтарға толы болған жаңа өмір парағын ашуы қажет».

Бұл пайда шейхтың ресми сайтынан алынған.

https://t.me/paidalar
530 views10:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 06:56:24 Амалға қызықтыру (47).

Жәннаттағы зәулім сарайдан үміті барларға...

Муаз ибн Әнас әл-Жуһәни (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте пайғамбарымыз ﷺ былай деген:

من قرأ قُلْ هُوَ اللهُ أَحَدٌ عشرَ مراتٍ بنى اللهُ له بيتًا في الجنَّةِ.

«Ықылас сүресін басынан аяқ он рет оқып шыққан адамға Аллаһ Тағала Жәннатта зәулім сарай тұрғызады».
Ахмад (15610). Хадистің сенімділігін имам Альбани растаған.

———————
#мотивация

http://t.me/paidalar

instagram.com/paigambarlar_mirasy
627 views03:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 06:33:30 Лучшее, что подарит паломник, совершивший хадж

Сказал шейх Сулейман ар-Рухейли, да сопутствует ему успех от Аллаха:

الحجاج في الغالب يحملون هدايا، الأفضل أن يحمل من ماء زمزم، وكذلك من الهدايا النفيسة أن يحمل كتابا نافعا يُهديه للناس، ككتاب التوحيد، وحصن المسلم، ونحو ذلك، ويحذر أيّما حذر من أن يحمل حراما يُهديه إلى الناس.

هداية السالك ٨٨/٢


قناة فوائد الشيخ أ.د. سليمان الرحيلي

В большинстве случаев паломники привозят с собой подарки. Лучше всего привезти с собой воду зам-зам, а также ценным подарком будет, если привезти полезные книги, чтобы подарить их людям, наподобие книги единобожия, крепости мусульманина и им подобных книг. И пусть всеми способами остерегается привозить харамные [запретные] вещи, которые будут подарены людям.

Хидаятус Салик 2/88


Взято из канала "Пользы шейха, профессора, Сулеймана ар-Рухейли"


https://t.me/al_istifaadah
594 views03:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 11:13:05 Қажыларға насихат (7).

Қажылықтың сауабын сақтап қалу

Абу Һурайра (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі ﷺ былай деген:

الْعُمْرَةُ إِلَى الْعُمْرَةِ كَفَّارَةٌ لِمَا بَيْنَهُمَا، وَالْحَجُّ الْمَبْرُورُ لَيْسَ لَهُ جَزَاءٌ إِلَّا الْجَنَّةُ.

«Умра ғибадаты – бір умрадан екінші умра аралығында жасалған күнəларға кешірім болады. Ал, қабыл етілген қажылықтың сыйы – тек жəннат қана болмақ».
Бұхари (1773), Муслим (3289).

Сондай-ақ, Абу Һурайрадан жеткен басқа бір хадисте Аллаһ елшісі ﷺ:

مَنْ حَجَّ لِلَّهِ فَلَمْ يَرْفُثْ، وَلَمْ يَفْسُقْ، رَجَعَ كَيَوْمِ وَلَدَتْهُ أُمُّهُ

«Кім Аллаһ үшін қажылық жасаса, əрі қажылық кезінде арсыздық пен пасықтық істемесе, сол қажылығынан анасынан туылғандай (күнəдан пəк) жағдайда оралатын болады»,- деген.
Бұхари (1820).

Осыдан келе, қабыл болған қажылықтың жазасы (сыйы) тек қана Жəннат екені жəне ол адам сол қажылығы себепті анасынан жаңа ғана туылған сəби секілді күнəдан пəк күйге енетінгіді анық болғай. Қажылыққа барып, Исламдағы ұлы ғибадатты өтеп қайтудың өзі қиын іс болатын болса, оның сауабы мен сыйын сақтап қалу одан да қиынға соғады. Сөзсіз, бұл нəрсе адам баласынан Аллаһтан тақуалық қылуды жəне күнəлардан алыс болуды одан да қатты дəрежеде талап етеді. Осы баптан имам Ибн Усеймин (рахимаһуллаһ) айтады:

وإذا رجعتم إلى بلادكم، فاشكروا نعمة ربكم وأنيبوا إليه والزموا طاعته ولا تعيدوا سيئاتكم لصفحاتكم، بعد أن محيت بالحج

«Қажылық жасап елдеріңе оралған кезде Аллаһтың сендерге берген нығметтеріне шүкірліп етіп, Аллаһтан жарылқау тілеп, Аллаһқа құлшылық етуден бекем ұстаныңдар жəне қажылық себепті өшіріліп кеткен күнəларды амал дəптерлеріңе қайтадан кіргізуші болмаңдар».
«Əд-Дыя'уль-Лəмиғ, Хутбату Мəнəсик əл-Хадж уəль-'Умра».

———————
#qajylyq_nasihaty

https://t.me/paidalar
953 views08:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 11:12:58
840 views08:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 15:32:47 Қажыларға насихат (6).

Ғалымдардың сабағына қатысу

Абу Һурайра (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі ﷺ былай деп айтқан:

مَنْ جَاءَ مَسْجِدِي هَذَا لَمْ يَأْتِهِ إِلَّا لِخَيْرٍ يَتَعَلَّمُهُ أَوْ يُعَلِّمُهُ فَهُوَ بِمَنْزِلَةِ الْمُجَاهِدِ فِي سَبِيلِ الله.

«Менің осы мешітіме (Мединадағы пайғамбардың мешітіне) тек жақсылық (ілім, əдеп) үйрену немесе үйрету үшін ғана келген адам – Аллаһтың жолында соғысушы адамға (сауабына) тең келеді».
Ибн Мəжəһ (227), Ахмад (8603). Хадисті имам Альбани «сахих» деген.

Бұл – Мединадағы пайғамбардың мешітіне қатысты болған ерекше бір артықшылық. Ал, Меккедегі əл-Харам мешітінде ғалымдардың сабақтарына қатысу – мешіттерде ілім алуға байланысты келген жалпы түрдегі артықшылықтың ішіне кіреді. Абу Һурайраның (Аллаһ одан разы болсын) хадисінде келгендей:

مَا اجْتَمَعَ قَوْمٌ فِي بَيْتٍ مِنْ بُيُوتِ الله تعالى، يَتْلُونَ كِتَابَ اللَّهِ وَيَتَدَارَسُونَهُ بَيْنَهُمْ إِلَّا نَزَلَتْ عَلَيْهِمُ السَّكِينَةُ، وَغَشِيَتْهُمُ الرَّحْمَةُ، وَحَفَّتْهُمُ الْمَلَائِكَةُ، وَذَكَرَهُمُ اللهُ فِيمَنْ عِنْدَهُ.

«Қандай да бір қауым Аллаһтың үйлерінің бірінде (қандай да бір мешітте) жиналып, Аллаһтың Кітабын оқып, ондағы білімді өзара үйренетін болса, онда оларға Аллаһтан тыныштық түсіп, Аллаһтың мейірімі орап, оларды періштелер қоршайды. Сондай-ақ, сол мəжілістегі адамдарды Аллаһ Тағала өз құзырындағыларға (періштелер мен пайғамбарларға) мақтап еске алады».
Муслим (2699), Абу Дауд (1455).

Ескерту: Ғалымдардың сабағына қатысу алдын сол ғалымның кім екенін білу шарт. Имам Мухаммад Ибн Сирин, имам Мəлик жəне т.б көптеген сəлəфтарымыз айтқандай:

إِنَّ هَذَا الْعِلْمَ دِينٌ، فَانْظُرُوا عَمَّنْ تَأْخُذُونَ دِينَكُم.

«Бұл білім – сендердің діндерің. Сондықтан, діндеріңді кімнен алып жатқандарыңды қараңдар».
Дəрими (438), Мәлик (1/25).

Қазіргі уақытта Мекке мен Мединадағы мешітте сабақ беріп жатқан сүннет ғұламаларының қатарына шектеу ретінде емес, мысал ретінде кейбір ғалымдарды айта кетсек;

Меккенің ғалымдары:

1) Мухаддис ғалым шейх Уасыюллаһ əл-Аббас;

2) Меккенің муфтиі – шейх Мухаммад Базмуль және т.б.

Мединаның ғалымдары:

1) Жер жаһанға танымал мухаддис ғалым шейх Абдуль-Мухсин əл-Аббад;

2) Құрметті ғұлама шейх Али Насыр əл-Фақиһи;

3) Медина қаласының муфтиі – шейх Солих Сухейми;

4) Құрметті ғұлама шейх Роби Ибн Һəди əл-Мадхали;

5) Құрметті ғұлама шейх Убейд əл-Жəбири;

6) Құрметті ғұлама шейх Абдур-Рахман Мухид-Дин;

7) Пайғамбар мешітінің имамы – шейх Али Хузейфи;

8) Құрметті ғалым шейх Абдус-Сəлəм Сухейми;

9) Құрметті ғалым шейх Солих əл-Худейси;

10) Құрметті ғалым шейх Абдур-Раззақ əл-Бадр;

11) Құрметті ғалым шейх Сулейман Рухейли;

12) Құрметті ғалым шейх Али Абу Бутейн;

13) Құрметті ғалым шейх Солих Синди және т.б.

———————
#qajylyq_nasihaty

https://t.me/paidalar
1.2K views12:32
Ашу / Түсініктеме