Get Mystery Box with random crypto!

....

Telegram арнасының логотипі paidalar — .... P
Telegram арнасының логотипі paidalar — ....
Арна мекенжайы: @paidalar
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 5
Арнадан сипаттама

✒ Ержан Абзалбек
Біздің каналдарымыздың сілтемесі:
Telegram: http://t.me/paidalar
Instagram: http://instagram.com/paigambarlar_mirasy
YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCtKjyMhNfY1q5F1KWQqCauA

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-07-07 17:45:33 ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ ДҰҒАЛАР ЖИНАҒЫ

Авторы: Үлкен ғұлама – шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббад

Дайындаған: Ержан Абзалбек

Құрметті бауырлар, бұл кітапша – ертең Арафа күні дұрыс әрі көбірек дұға қылуға өте қажетті құрал!

Оқимыз және таратамыз

http://t.me/paidalar
388 viewsedited  14:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 16:47:03 Арафа – дұғалар қабыл етілетін күн...

Абдуллаһ Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) жеткізген хадисте ардақты пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді:

خَيْرُ الدُّعَاءِ دُعَاءُ يَوْمِ عَرَفَة، وَخَيْرُ مَا قُلْتُ أَنَا وَالنَّبِيُّونَ مِنْ قَبْلِي: لَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ.

«Дұғалардың ең жақсысы – Арафа күні жасалған дұға. Сондай-ақ, мен және маған дейінгі пайғамбарлар (Арафа) күні айтқан ең жақсы дұға – «Лә иләһә иллә Аллаһ, уахдәһу лә шәрикә ләһ, ләһуль-мульку уә ләһуль-хамду уә Һуә ‘алә кулли шәй-ин Қодир» (Жалғыз Аллаһтан өзге құлшылық етілуге лайықты ешбір тәңір жоқ, әрі Оның ешбір серігі (ортағы, теңдесі, жәрдемшісі) жоқ. Билік те, мақтау-мадақ та тек Оған ғана тиесілі. Сондай-ақ, Ол – барлық нәрсеге Құдіретті)» деген дұға».
Тирмизи (3585). Хадистің сенімділігін имам Альбани растаған.

Сондай-ақ, Арафа күнгі дұға жайында имам Ибн Абдуль-Барр (рахимаһуллаһ) былай деген:

دعاء يوم عرفة مجاب كلُّه في الأغلب.

«Арафа күні жасалған дұғалардың барлығы көбінесе қабыл болады».
Тəмһид (6/41).
———————
Мәлімет ретінде:


Аллаһ қаласа, ертең [8.07.2022] бесін намазының уақыты кірумен дұға қылатын өте қымбат әрі ұлы кезең келіп жетеді. Біршамаша ғұламалардың айтуы бойынша, Арафа күнгі дұғаның артықшылығы қылу тек қажыларға ғана қатысты емес, бәлки жер жүзігдегі барша мұсылмандарға да тиесілі. Сондықтан ертең қажылықта емес бауырлар үшін дұға қабыл болатын үш себеп бірден жиналады:
1. Жұманың дұға қабыл болатын уақыты;
2. Арафаның қабыл болатын дұғасы;
3. Ораза ұстаушы адамның кері қайтарылмайтын дұғасы.

Дәл сол сияқты, қажылықтағы бауырлар үшін де дұға қабыл болатын үш себеп бірден жиналады:
1. Жұманың дұға қабыл болатын уақыты;
2. Арафаның қабыл болатын дұғасы;
3. Сапардағы адамның кері қайтарылмайтын дұғасы.

Ендеше, дұғасы кері қайтарылмайтын күнде Аллаһтан өзіміз бен жақындарымыз және еліміз бен барша мұсылмандар үшін дүние мен ақыреттің жақсылығы мен құт-берекесін, амандығы мен сәлеметтігін тілейік.

#zul_hidja #arafa
———————
http://t.me/paidalar

instagram.com/paigambarlar_mirasy
484 viewsedited  13:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 14:30:25
Жұма күніне сай келіп қалған Арафаның оразасын ұстаудың үкімі

Осы мәселеге қатысты шейх Солих әли Шейх (хафизаһуллаһ) өзінің твиттердегі ресми парақшасында былай деп жазды:
«Егер Арафаның оразасы Жұма күнге түсіп қалса, онда тек Жұма күнінде ғана ораза ұстауда тұрған ешқандай проблема жоқ. Өйткені, ол оразадан мақсат Жұма күнінің оразасы емес, бәлки, Арафа күнінің оразасы болмақ»*.
Тарихы: 5.07.2022 жыл.

Яғни, егер кімде-кім бүгін (Бейсенбі күні) ораза ұстай алмаған болса, онда ертең (Жұма күні) жеке түрде Арафаның оразасын ұстай берсе болады. Себебі, оның мақсаты Жұманың артықшылығына қол жеткізу мақсатында Жұманы оразамен ерекшелеу емес, бәлки, Арафа оразасының артықшылығына бөлену мақсатында Жұма күні ораза ұстау болып табылады. Сондықтан, бір жылда бір-ақ мәрте келетін, әрі өткен және келер жылдың күнәларының кешірімі ретінде жүретін ұлы оразаның сауабынан құр қалып жүрмейік, ағайын!

#zul_hidja #arafa

http://t.me/paidalar
480 views11:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 12:50:34

491 views09:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 12:50:21 Арафа күніне қатысты айтылған уағыз-насихат...

[Имам Ибн Ражабтың «Ләтоиф әл-Мағариф» кітабынан алынған]

︎Арафа күнінің ұлылығы
︎Арафа – мұсылмандардың мейрамы
︎Арафа күнінің артықшылықтары
︎Арафа – адамдар Тозақтан ең көп босатылатын күн
︎Арафа – кешірім мен мейірімге толы ең ұлы күн
︎Арафа күні жасалатын амалдар және олардың сауабы мен сыйы
︎Арафа күнінің оразасы
︎Арафа күнінің дұғасы
︎Арафа күнін сахабалар мен табиғиндер қалай өткізген?
__________________________

Тыңдаймыз әрі бөлісеміз!

#zul_hidja #arafa

http://t.me/paidalar
496 views09:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 11:21:45
509 views08:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 06:34:58 Қажылық сабақтарының жинағы

Кітаптың атауы: Манһаж Сәликин

Авторы: Имам Абдуррахман әс-Сағди

Лектор: Ержан Абзалбек

1-Сабақ: Қажылық пен Умраның артықшылықтары: https://t.me/paidalar/4068
https://t.me/paidalar/4079

2-Сабақ: Пайғамбарымыздың ﷺ қажылығы. Қажылықтың шарттары: https://t.me/paidalar/4079

3-Сабақ: Қажылықтың рүкіндері (тіректері): https://t.me/paidalar/4088

4-Сабақ: Ихрамға кірген адамға тыйым салынған нәрселер (махзурат әл-ихрам): https://t.me/paidalar/4103

5-Сабақ: Тауафтың пен Сағидің шарттары мен сүннеттері: https://t.me/paidalar/4107

6-Сабақ: Құрбандық пен Ақиқаның үкімдері: https://t.me/paidalar/4133

http://t.me/paidalar
603 viewsedited  03:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 06:30:15 Атауы: Манһаж Сәликин

Авторы: Имам Абдуррахман әс-Сағди

Отыз сегізінші сабақ: Талқыланған тақырыптар:

︎Һәдидің (қажылықта сойылатын малдың) түсініктемесі мен түрлері;
︎Құрбандық пен ақиқаның шарттары;
︎Аллаһтан басқаға құрбан шалудың қатері мен күнәсі.
︎Мал союға қатысты маңызды үкімдер мен әдептер.

#haj #қажылық

http://t.me/paidalar
519 viewsedited  03:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 06:00:52
525 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 05:56:49
545 views02:56
Ашу / Түсініктеме