Get Mystery Box with random crypto!

....

Telegram арнасының логотипі paidalar — .... P
Telegram арнасының логотипі paidalar — ....
Арна мекенжайы: @paidalar
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 5
Арнадан сипаттама

✒ Ержан Абзалбек
Біздің каналдарымыздың сілтемесі:
Telegram: http://t.me/paidalar
Instagram: http://instagram.com/paigambarlar_mirasy
YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCtKjyMhNfY1q5F1KWQqCauA

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-29 15:10:49
701 views12:10
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 14:52:03 Ұмытылған жүз сүннет

Тамақ пен судан соң «Әлхамдулилләһ» деп айту

Әнас ибн Мәлик (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (ﷺ) былай деген:

إِنَّ اللهَ لَيَرْضَى عَنِ الْعَبْدِ أَنْ يَأْكُلَ الْأَكْلَةَ فَيَحْمَدَهُ عَلَيْهَا، أَوْ يَشْرَبَ الشَّرْبَةَ فَيَحْمَدَهُ عَلَيْهَا.

«Аллаһ Тағала құлынан ол бір үзім тамақ жеп, сол үшін Аллаһқа мақтау айтқанына және бір жұтым су ішіп, сол сол үшін Аллаһқа шүкір еткеніне разы болады».*
Муслим (2734).
———————
* Муаз Ибн Анастан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ елшісі ﷺ былай деген:

مَنْ أَكَلَ طَعَامًا، فَقَالَ: الْحَمْدُ للهِ الَّذِي أَطْعَمَنِي هَذَا وَرَزَقَنِيهِ مِنْ غَيْرِ حَوْلٍ مِنِّي وَلَا قُوَّةٍ؛ غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ.

«Кімде кім тамақтанғаннан кейін: «Әлхамду лилләһи əлләзи ат’амәни һәзә, уә розәқониһи мин ғойри хəулин минни уә лә қýуәһ (Мен өзім ешқандай бір күш-қуатқа ие болмасам да, мені тамақтандырып, ризықтандырған Аллаһқа мақтаулар болсын)»,- деп айтатын болса, оның алдыңғы өткен күнəлары кешіріледі».
Тирмизи (3458), Абу Дауд (4025), Ибн Мəжəһ (3285).
———————
#juz_sunnet #зікір #дұға

http://t.me/paidalar

instagram.com/paigambarlar_mirasy
703 views11:52
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 14:43:04 Ұмытылған жүз сүннет

Тамақ пен судың алдында «Бисмилләһ» деп айту

Омар Ибн Әби Сәләма (Аллаһ одан разы болсын) былай деді:

كُنْتُ غُلَامًا فِي حَجْرِ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، وَكَانَتْ يَدِي تَطِيشُ فِي الصَّحْفَةِ، فَقَالَ لِي رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَا غُلَامُ، سَمِّ اللهَ، وَكُلْ بِيَمِينِكَ، وَكُلْ مِمَّا يَلِيكَ. فَمَا زَالَتْ تِلْكَ طِعْمَتِي بَعْدُ.

«Мен Аллаһ елшісінің ﷺ қамқорлығындағы бала едім*. Сол уақытта мен тамақты ортаға қойылған табақтың әр жағынан бір түртіп жейтінмін. Сонда Аллаһ елшісі ﷺ маған: «Уа, балақай! Тамақты «Бисмилләһ» деп баста, әрі оны оң қолыңмен және өз алдыңнан алып же»,- деп айтты. Міне, сол кезден бері (оның маған айтқан өсиеті) менің тамақ жеудегі әдебіме айналды».
Бұхари (5376), Муслим (2022).
———————
Ал, кім тамақтың немесе судың басында Бисмилләһ деп айтуды ұмытып кетсе, онда есіне түскен кезде «Бисмиллəһи Әууәләһу уә Әхироһу» деп айтсын. Оған дәлел Айша анамыздан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен мына хадис:

إِذَا أَكَلَ أَحَدُكُمْ فَلْيَذْكُرِ اسْمَ اللهِ تَعَالَى، فَإِنْ نَسِيَ أَنْ يَذْكُرَ اسْمَ اللهِ تَعَالَى فِي أَوَّلِهِ فَلْيَقُلْ: بِاسْمِ اللهِ أَوَّلَهُ وَآخِرَهُ.

«Тамақтанар алдын «Бисмилләһ» деп айтыңдар, ал егер басында «Бисмилләһ» деп айтуды ұмытып кетсеңдер, онда: «Бисмиллəһи Әууәләһу уә Әхироһу (Басында да, соңында да Аллаһтың атымен)»,- десін».
Абу Дауд (3767), Тирмизи (1858), Ибн Мәжәһ (3264), Ахмад (25106), Дәрими (2063).

* Омар Ибн Әби Сәләма – пайғамбарымыздың ﷺ өгей баласы. Яғни, пайғамбарымыздың әйелі Умму Сәләма анамыздың ұлы. Ал, оның туған әкесі Абу Сәләма – Бадр шайқасында қаза тапқан ардақты сахаба.
———————
#juz_sunnet #зікір #дұға

http://t.me/paidalar

instagram.com/paigambarlar_mirasy
648 viewsedited  11:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 16:59:23 Бала тәрбиесі (9).

Балалардың арасын бөліп-жармау...

Шейх Абдуль-Азиз Рожихи (хафизаһуллаһ) айтты:

«Балалардың арасында біреуін ерекше жақсы көруді және оларға деген махаббаттағы теңсіздікті ашық түрде көрсету – шеттетіліп қалған балалар ертең ата-аналарына тілазарлық қылуға (қарсы келуге) басты себептердің бірі болмақ. Сондықтан да, Йусуфтың бауырлары әкелері Йусуфты басқа балалрынан артығырақ жақсы көретінін көрген кезде, жасаған опасыздықтарын жасады. Аллаһ Тағала айтқандай:
﴾Кезінде олар: «Біз бір әкеден тараған ағайындылар болсақ та, әкеміз Йусуфты және оның інісін бізден артық жақсы көреді, демек әкеміз анық адасудың (қателіктің) үстінде екен. Сондықтан, Йусуфтың көзін құртыңдар немесе оны бір жерге апарып тастаңдар, сонда әкелеріңнің жүзі (сезімі) сендерге бұрылады»,- деп айтты﴿.
Йусуф сүресі, 8-9 аяттар.

Ал егер бір адам балаларының бірін басқаларынан қарағанда көбірек жақсы көрсе, онда ерекше сезімін сөздермен де, сыйлық берумен болса да, басқа балаларына білдіруші болмасын! Бар болғаны ішіндегі сезім болып қала берсін. Ал, сыртқы мәміледе (қарым-қатынаста) -егер балалары кішкентай болса- онда оларды сүюде, иіскеуде, оларға сыйлықтар мен тәттілерді алып беруде олардың арасында теңдік пен әділдік қылсын».

Шарх Сунан Нәсәи.

———————
#bala_tarbiesi

t.me/paidalar

instagram.com/paigambarlar_mirasy
927 viewsedited  13:59
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 16:59:10
Бала тәрбиесіндегі өте маңызды мәселе

Аудармасы астында
790 views13:59
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 16:16:50 Ұмытылған жүз сүннет

Аяқ киімді оң жақтан бастап кию

Абу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ елшісі ﷺ былай деді:

إِذَا انْتَعَلَ أَحَدُكُمْ فَلْيَبْدَأْ بِالْيُمْنَى، وَإِذَا خَلَعَ فَلْيَبْدَأْ بِالشِّمَالِ، وَلْيُنْعِلْهُمَا جَمِيعًا، أَوْ لِيَخْلَعْهُمَا جَمِيعًا.

«Сендердің біреулерің аяқ киімін кигісі келсе, оң жағынан бастап киіп, сол жағынан бастап шешсін. Сондай-ақ, не екеуін де бірдей киіп жүрсін, немесе екенуін де бірдей шешіп тастасын*».
Бұхари (5855), Муслим (2097).

———————
* Бұл хадисте аяқ киімнің бір жұбын киіп, екінші жұбын шешіп тастап жүруге қатысты тыйым бар. Өйткені, олай жасау аяққа жасалған зұлымдық әрі Аллаһқа қарсы келу болып саналады. Осы мәселеге қатысты имам Ибн Баздан (рахимаһуллаһ) жеткізілген өте әсерлі сөздердің бірі; оған бір кісі: «Мен кейде аяқ киімімнің екі жұбы екі жақта жатқан кезде бір жұбын ған киіп алып, екінші жұбын киіп алу үшін жүріп барамын, соның үкімі қандай?»,- деп сұрайды, сонда шейх: «Аллаһқа (шариғатта тыйым салынған істерде) бір қадам жасаумен болса да қарсы келуші болма»,- деп жауап береді.

#juz_sunnet #зікір #дұға

http://t.me/paidalar

instagram.com/paigambarlar_mirasy
861 viewsedited  13:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 12:16:07 С547: Намаздан кейін қандай зікірлерді айту абзал?

Ж547: Намаздан кейін айтылатын зікірлер көп. Олардан келесі зікірлерді айтуға болады:

-Тәслимнен кейін «Аллаһу Акбар» деп үш рет айту.

Ибн Аббас былай деген: «Мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды аяқтағанын тәкбірден білетінмін»

(әл-Бухари, 842 және Муслим, 583);

-«АстағфируЛлаһ» («Мен Аллаһтан кешірім сұраймын») деп үш рет айту, кейін «Аллаһумма әнта-с-Сәләму уә минкә-с-сәләму, табаракта я зәл-жәләли уәл-икрам» («Уа Аллаһ! Сен Пәксің, әрі сәлеметтік те Сенен, Сен Берекелісің, уа Ұлылық пен Қадір Иесі») деп айту.

أَسْتَغْفِرُ اللّه
اللَّهُمَّ أَنْتَ السَّلَامُ وَ مِنْكَ السَّلَامُ تَبَارَكْتَ يا ذَا الجَلَالِ وَ الإكْرَام

Саубан: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазын бітіргенде Аллаһтан үш рет кешірім сұрап, былай деген...» - деп баяндап, кейін біз келтірген сөздерді атап айтқан

(Муслим, 591, Абу Дауд, 1512 және басқалар; «я» сөзі имам Муслимде келітірілмеген);

-«СубханаЛлаһ», «ӘлхамдулиЛләһ» және «Аллаһу Акбар» сөздерін отыз үш реттен айту, кейін: «Лә иләһа илләЛлаһ уәһдаһу лә шәрикә Ләһ, Ләһул-мулку уә Ләһул-хамду, уә Хуа ғәлә кулли шәйин қадир», - деп айту.
-
سُبْحانَ اللّهِ الحَمْدُ لِلّهِ اللّهُ أكْبَرُ
لَا إلَهَ إلَّا اللّهُ وَحْدَهُ لَا شَريكَ لَهُ، لَهُ المُلكُ وَ لَهُ الحَمْدُ وَ هُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِير

Абу Хурайраның хадисінде, намаздан кейін бұл сөздерді айтқан адамның күнәлары теңіздің көбігіндей көп болса да кешірілетіні жайлы айтылған

(Муслим, 597).

-«Аят әл-Курси» оқу (бұл «әл-Бақара» сүреснің 255-ші аяты).

Абу Умама Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Әр намаздан кейін «Аят әл-Курси» оқыған адамның Жәннатқа кіруіне оның әлі қайтыс болмағанынан басқа ештеңе кедергі болмайды»

(ән-Нәсаи «Сунан әл-кубра», 9/44, № 9848; шейх Муқбил әл-Уәдиғи «әс-Сахих әл-Муснад» кітабына хадисті жақсы деп атаған, 1/405, № 478).
1.0K views09:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 16:18:44 Дана сөздер топтамасы (69).

Ең бейшара адам...

Имам Ибн Жәузи (рахимаһуллаһ) айтты:

المسكين كل المسكين من ضاع عمره في علم لم يعمل به، ففاتته لذات الدنيا وخيرات الآخرة، فقَدِمَ مُفلِسًا، مع قوة الحُجة عليه.

«Ең бейшара адам – алған іліміне сай амал жасамаған себепті бүкіл өмірі зая кеткен адам. Өйткені, ол ілім жинап жүргенінде дүниенің ләззаттарын да (қызықтары мен рахаттарын) қарық қылып көрген жоқ, әрі ақыреттің жақсылықтарына да қол жеткізе білген жоқ. Соның нәтижесінде, қияметте банкрот (анық шығын шеккен) әрі өзіне қарсы құжаттарды көбейткен көріністе келетін болады».
Сойд әл-Хотир (138).

#dana_sozder

http://t.me/paidalar

http://instagram.com/paigambarlar_mirasy
1.3K viewsedited  13:18
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 16:05:09
Шейх Солих Синди (да хранит его Аллах)⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Да проклянет Аллах смышленость без Имана⁣⁣
⁣⁣⠀
https://t.me/al_istifaadah ⠀
943 views13:05
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 10:09:49 Ұмытылған жүз сүннет

Жаңа киім кигенде айталтын дұға

Абу Саид әл-Худри (Аллаһ одан разы болсын) былай деді:

كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا اسْتَجَدَّ ثَوْبًا سَمَّاهُ بِاسْمِهِ؛ إِمَّا قَمِيصًا أَوْ عِمَامَةً، ثُمَّ يَقُولُ: ...

«Аллаһ елшісі ﷺ жаңа киім киер кезінде оның қандай киім екенін атап, яғни, көйлек немесе сәлде дегендей, сосын келесі дұғаны айтатын: ...».

(Арабшасы):
اللَّهُمَّ لَكَ الْحَمْدُ؛ أَنْتَ كَسَوْتَنِيهِ، أَسْأَلُكَ مِنْ خَيْرِهِ وَخَيْرِ مَا صُنِعَ لَهُ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّهِ وَشَرِّ مَا صُنِعَ لَهُ.

(Транскрипциясы):
Аллаһуммә ләкәл-хамду, Әнтә кәсәутәниһи, әс-әлукә мин хойриһи уә хойри мә суни’ә ләһу, уә ә’узу бикә мин шәрриһи уә шәрри мә суни’ә ләһу.

(Мағынасы):
«Уа, Аллаһ! Саған мақтау-мадақтар болсын! Сен маған бұл киімді кигіздің. Ендеше мен Сенен оның берекесін тілеймін және қандай жақсылыкқа арналған болса, оның игілігін сұраймын. Сондай-ақ, мен Сенен оның жамандығынан пана тілеймін әрі қандай жаманшылыкқа арналған болса, оның жамандығынан Өзіңе сыйынамын».
Абу Дауд (4020), Тирмизи (1767), Ахмад (11248).
———————

Жаңа киім киген кісіге айтылатын дұға

Абу Надра (рахимаһуллаһ) айтты:

فَكَانَ أَصْحَابُ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا لَبِسَ أَحَدُهُمْ ثَوْبًا جَدِيدًا قِيلَ لَهُ: ...

«Пайғамбардың ﷺ сахабалары араларында жаңа киім кигендерге келесідей айтатын: ...».

(Арабшасы):
تُبْلِي وَيُخْلِفُ اللهُ تَعَالَى.

(Транскрипциясы):
Тубли, уә йухлихуЛлаһу Та’алә

(Мағынасы):
«Киімің тозып қалсын, Аллаһ Тағала басқасын бергей».
Абу Дауд (4020).
_ _ _ _ _ _ _

#juz_sunnet #зікір #дұға

http://t.me/paidalar

instagram.com/paigambarlar_mirasy
1.2K views07:09
Ашу / Түсініктеме