Get Mystery Box with random crypto!

....

Telegram арнасының логотипі paidalar — .... P
Telegram арнасының логотипі paidalar — ....
Арна мекенжайы: @paidalar
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 5
Арнадан сипаттама

✒ Ержан Абзалбек
Біздің каналдарымыздың сілтемесі:
Telegram: http://t.me/paidalar
Instagram: http://instagram.com/paigambarlar_mirasy
YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCtKjyMhNfY1q5F1KWQqCauA

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-07-08 05:57:21 Арафа – адамдар тозақтан ең көп босатылатын күн!

Айша анамыздан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ елшісі (ﷺ) былай деген:

مَا مِنْ يَوْمٍ أَكْثَرَ مِنْ أَنْ يُعْتِقَ اللهُ فِيهِ عَبْدًا مِنَ النَّارِ، مِنْ يَوْمِ عَرَفَةَ، وَإِنَّهُ لَيَدْنُو، ثُمَّ يُبَاهِي بِهِمِ الْمَلَائِكَةَ، فَيَقُولُ: مَا أَرَادَ هَؤُلَاءِ.

«Аллаһ Тағала Арафа күні адамдарды тозақтан босататыны сияқты, ешбір күнде олай көп азат етпейді. Расында, Арафаның күнінде (кешінде) Аллаһ Тағала пенделеріне жақындап (аспан әлеміне түсіп), сосын періштелерге: «Менің мына құлдарым нені қалайды? (Олардың қалаған нəрселерін берейін)»,- деп, періштелердің алдында оларды мақтап айтады».
Муслим (1348).

#zul_hidja #arafa
___________________
http://t.me/paidalar

http://instagram.com/paigambarlar_mirasy
351 views02:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 05:56:30
336 views02:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 05:56:27
307 views02:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 05:39:17 Арафаның сауабы мен артықшылығы барлық мұсылмандарға қатысты...

Сұрақ:
Арафа күні дұға тілеудің жəне тозақтан өте көп мөлшерде босатылудың артықшылығы тек қажыларға ғана қатысты ма, жоқ əлде барша мұсылмандарға да қатысы бар ма?

Жауап:
Құрметті фақиһ ғалым шейх Убейд əл-Жəбири (хафизаһуллаһ) айтады:
«Менің көзқарасым (пікірім) бойынша; Арафа күнінің абзалдығы (сауабы мен артықшылығы) тек қажыларға ғана емес, бəлкім, барша мұсылмандарға да қатысты. Сондықтан да, Арафада тұрмаған адам да Аллаһқа жалбарынса, Оны зікір етсе, Құран оқыса, егер шамасы келсе, намаз оқып, ораза ұстаса болады. Осылайша, ол адам үлкен жақсылықтың үстінде болмақ, ин ша Аллаһ».
__________________________

Олай болса, көзді ашып-жұмғанша өтіп кететін осынау бір ұлы күнде Аллаһқа жалбарынуды көбейтудің, Одан өзіміз бен ата-аналарымыз, бала-шағамыз бен туған-туыстарымыз, қандастарымыз бен барша мұсылмандар үшін дүние мен ақыреттің бақыты мен жақсылығын тілеудің жəне отыны адамдар мен тастар болған тозақтан баршамызды босатуын сұраудың үстінде болайық. Ғұламалар айтқандай: əрбір абзал мезгілдің ең соңғы күндері ерекше түрде артық болып келеді. Мəселен, Рамазан айы – ең абзал айлардан. Алайда, оның соңғы он күні алдыңғы күндерінен қарағанда абзалырақ. Сол секілді, Зуль-Хиджаның алғашқы он күні – ең абзал күндерден. Бірақ та, оның тоғызы мен оны (Арафа мен Құрбан айт күні) Зуль-Хиджаның алдыңғы күндерінен қарағанда абзалырақ. Абзал мезгілдердің соңғы күндері ең абзал күндерге айналудағы астарлы даналық пен терең сыр: адам баласы сол абзал мезгілдерде жіберіп алған кемшіліктері мен жасаған күнəларының барлығын сол мезгілдің ең абзал күндерінде қалыпқа келтіруі жəне кешірім тілеп үлгеруі үшін дескен. Сондықтан, осындай өте қымбат сәттерді жағдай барынша оңаша өткізудің, Аллаһпен жеке қалып, Оған ықыласты түрде жалынып жалбарынудың үстінде өткізу қажет. Себебі, біздің әуелгі өткен ізгілеріміз Арафа күнінде оңаша қалуды жоғары тұтқан. Осыған қатысты ұлы табиғин – имам ‘Ато Ибн Аби Робах (рахимаһуллаһ) келесідей өсиет еткен:

إن استطعت أن تخلو بنفسك عشية عرفة فافعل.

«Егер Арафаның кешінде (бесіннен бастап, күн батқанға дейін) жалғыз қалуға мүмкіндігің болса, солай істе».
Имам Ахмад, «Əз-Зуһд» (2211).

#zul_hidja #arafa

https://t.me/paidalar
335 views02:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 05:39:17 Шейх Убейд әл-Жәбири (хафизаһуллаһ): Арафаның сауабы мен артықшылғы тек қажыларға ғана емес, барша мұсылмандарға да тиесілі

Аудармасы астында

#zul_hidja #arafa

http://t.me/paidalar
324 views02:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 05:37:31 Пайғамбарлар мирасы pinned a file
02:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 05:01:24 Достоинство дня Арафа, выпавшего на пятницу

Был спрошен шейх Мухаммад ибн Солих аль-Усеймин, да смилостивится над ним Аллах:


هل ورد شيء عن النبي صلى الله عليه وسلم في فضل كون الحج حج الجمعة ؟ .
فأجاب:
لم يرد عن النبي صلى الله عليه وسلم في فضل الجمعة إذا صادف يوم عرفة ، لكن العلماء يقولون: إن مصادفته ليوم الجمعة فيه خير.
أولاً: لتكون الحجة كحجة النبي صلى الله عليه وآله وسلم ؛ لأن الرسول صلى الله عليه وسلم صادف وقوفه بعرفة يوم الجمعة.
ثانياً: أن في يوم الجمعة ساعةً لا يوافقها عبدٌ مسلم وهو قائمٌ يصلي يسأل الله شيئاً إلا أعطاه إياها، فيكون ذلك أقرب للإجابة.
ثالثاً: أن يوم عرفة عيد ويوم الجمعة عيد، فإذا اتفق العيدان كان في ذلك خير.
وأما ما اشتهر من أن حجة الجمعة تعادل سبعين حجة: فهذا غير صحيح.


"Передается ли что-либо от Пророка, мир ему и благословение Аллаха, о достоинстве хаджа в пятницу?".
Он ответил:
"Не передается от Пророка, мир ему и благословение Аллаха, о достоинстве пятницы, совпавшей с днём Арафа, однако учёные говорят: в выпадении этого дня на пятницу содержится благо.
Во-первых: Хадж становится похожим на хадж Пророка, мир и благословение Аллаха ему и его семье, поскольку стояние Пророка, мир ему и благословение Аллаха, на Арафа выпало на пятницу.
Во-вторых: В пятнице есть час, если раб будет молиться в нем и попросит Аллаха о чем-то, то Аллах непременно дарует ему это. Это будет ближе к тому, чтобы получить ответ на свою мольбу.
В-третьих: День Арафа – праздник, и пятница – тоже праздник. Когда же совпадут два праздника, то в этом будет благо.
Касательно распространенного мнения о том, что хадж в пятницу равен семидесяти хаджам, то это не является достоверным".

"Ежемесячная встреча" (34 / вопрос номер 18).

t.me/nasledie_poslannikov
344 views02:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 22:31:00
541 views19:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 20:56:09 Осы күндерде тəкбір айтудың артықшылығы...

Абу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ елшісі (ﷺ) былай деген:

ما أهلَّ مُهِلٌّ قطُّ إلَّا بُشِّرَ، ولا كبَّرَ مُكبِّرٌ قطُّ إلَّا بُشِّرَ. قيلَ: يا رسولَ اللهِ! بالجنَّةِ؟ قال: نعَم.

«Тəлбия айтқан əрбір адам тəлбия айтқан сайын сүйіншілендіріледі. Сол секілді, тəкбір айтқан əрбір адам да тəкір айтқан сайын сүйіншілендіріледі»,- дейді. Сонда сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Жəннатпен сүйіншілендіріледі ме?»,- деп сұрайды. Ол: «Иə, (жəннатпен сүйіншілердіріледі)»,- дейді.
«Ахбару Макка» 897, «Муғжəм əл-Əусот» 7779, «Шуғаб əл-Иман» 3740, «Сунан əл-Кубро» 10378, «Əл-Жəмиғ əс-Сахих» 7/304. Хадистің сенімділігін имам Альбани растаған.

Тəлбия деп – қажылық немесе умра ғибадатын орындау үшін ихрамға кірген адам ихрамға кірген уақытынан бастап, Меккенің үйлерін көргенге дейін айтатын зікірді айтады. Ол келесідей:

Арабшасы:

لَبَّيْكَ اللَّهُمَّ لَبَّيْكَ، لَبَّيْكَ لاَ شَرِيكَ لَكَ لَبَّيْكَ، إِنَّ الْحَمْدَ، وَالنِّعْمَةَ لَكَ وَالْمُلْكَ، لاَ شَرِيكَ لَكَ.

Айтылуы:
ЛəббəйкаллааҺуммə лəббəик,
лəббəикə лəə шəриикə Лəкə лəббəик, инналь-хамдə,
уəн-ни’мəтə Лəкə уəль-мулк, лəə шəрикə Лəк.

Аудармасы:
Аллаһым! Міне мен Сенің шақыруыңа жауап бердім! Сенің ешбір серігің жоқ, құлшылық етілуге Сен ғана лайықтысың. Ақиқатында, барша мақтау- мадақтар мен нығметтер жəне билік тек Саған ғана
тиесілі. Сенің ешбір теңдесің (серігің) жоқ.

Имам Ибн Усеймин (рахимаһуллаһ) жəне басқа да көптеген ғұламалар айтқандай; Тəкбір айтудың уақыты Арафа күнінің таң атуымен басталып, Зуль-Хиджаның 13-күні Асыр (Екінті) намазының оқылуымен аяқталады.

Тəкбір айтудың түрлері:

Арабшасы:

١) الله أكبر، الله أكبر، الله أكبر كبيرًا.

٢) الله أكبر، الله أكبر، لا إله إلاّ الله، والله أكبر، والله أكبر، ولله الحمد.

٣) الله أكبر، الله أكبر، الله أكبر، لا إله إلاّ الله، والله أكبر، الله أكبر، ولله الحمد.

Айтылуы:

1) Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбару Кәбиро.

2) Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, уә лә иләһә иллә Аллаһ, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбару уә Лилләһиль-Хамд.

3) Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, уә лә иләһә иллә Аллаһ, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбару уә Лилләһиль-Хамд.

Аудармасы:
1) Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – өте Ұлық.

2) Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – Ұлық. Аллаһтан басқа құлшылық етілуге лайықты ешбір құдай жоқ. Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – Ұлық. Жəне мақтаулар Аллаһқа ғана тиесілі.

3) Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – Ұлық. Аллаһтан басқа құлшылық етілуге лайықты ешбір құдай жоқ. Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – Ұлық. Әрі мақтаулар Аллаһқа ғана тиесілі.

Ескерту: Имам Ибн Баз (рахимаһуллаһ) жəне көптеген сүннет ғұламалары айтқандай; тəкбірді жамағатпен бірге хормен айту дұрыс емес. Өйткені, тəкбір айту Аллаһ елшісінің (ﷺ) жəне сахабаралардың кезінде де болған. Алайда, олардың ешбірінен олар тəкбірді жамағатпен қосылып айтқандығы жетпеген. Жолдардың ең жақсысы – Аллаһ елшісі жəне оның сахабалары жүрген жол. Сондықтан, əрбір адам тəкбірді өзі жеке айтуы керек. Сондай-ақ, осы күндерде тəкбір айту тек намаздардан кейін ғана емес, бəлки, кез-келген уақытта айтыла береді.

#zul_hidja #arafa #takbir
________________________
t.me/paidalar

instagram.com/paigambarlar_mirasy
190 views17:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 20:56:08 Арафа – тәкбір айтып Аллаһты ұлықтау басталатын күн...

Құрметті ғұлама шейх Сулейман Рухейли (хафизаһуллаһ) былай деп жазды:

‏التكبير المقيد بأدبار الصلوات يبدأ لغير الحاج من بعد فجرعرفة وقدثبت عن عدد من الصحابةمنهم علي رضي الله عنه وقد أمرنا بالتمسك بسنة الخلفاء الراشدين فهو مشروع، وقال بمشروعيته العلماء ونقل بعضهم الإجماع عليه ، وقد اتفقت المذاهب الأربعة على أنه قبل التسبيح ويظهر لي أنه بعد الاستغفار.

(Парыз) намаздардан кейін айтылатын белгіленген тәкбірді айту (Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, уә лә иләһә иллә Аллаһ, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбару уә Лилләһиль-Хамд деп айту) қажылардан басқаларға Арафа күнінің таң намазынан бастап басталады. Оған дәлел бірнеше сахабалардан, соның ішінде Алиден (Аллаһ одан разы болсын) келген. Біз (хадисте келгендей), туралықта өткен халифаларға еруге бұйырылғанбыз, әрі тәкбір айтудың рұқсат етілген екенін ғұламалар да айтқан, тіпті кейбіреулері бұл бірауыздан келісілген (ижмағ) деп айтқан.
Сондай-ақ, төрт мазхаб иелері бұл тәкбірді – тасбих айтудың алдында деп келіскен. Менің пікірімше ол – истиғфар айтудан кейін болуы керек.

Бұл пайда шейхтың твирттердегі ресми парақшасынан алынған.

#zul_hidja #arafa #takbir
_________________
t.me/paidalar
instagram.com/paigambarlar_mirasy
179 views17:56
Ашу / Түсініктеме