Get Mystery Box with random crypto!

....

Telegram арнасының логотипі paidalar — .... P
Telegram арнасының логотипі paidalar — ....
Арна мекенжайы: @paidalar
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 5
Арнадан сипаттама

✒ Ержан Абзалбек
Біздің каналдарымыздың сілтемесі:
Telegram: http://t.me/paidalar
Instagram: http://instagram.com/paigambarlar_mirasy
YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCtKjyMhNfY1q5F1KWQqCauA

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-07-08 21:09:50 Айт күні жасалатын кейбір әдептер

Сұрақ:
Айттың əдептері қандай?

Жауап:
Имам Ибн Усеймин (рахимаһуллаһ) былай деп айтқан:

1) Айттың түнінен бастап, айт намазы басталғанға дейін Тәкбір айтып, Аллаһты ұлықтау;
2) Ораза айт намазына үйден құрма жеп шығу (тақ санға сай);
3) Ер кісілерге айт намазына ең көркем киім киіп бару. Ал, əйелдер болса айт оқылатан жерге (жалпы далаға) сəнді киімдерді киіп шығудан сақтану міндет;
4) Айт намазына ғұсыл құйыну;
5) Айт мейрамымен құттықтау;
6) Айт намазына бір жолмен барып, басқа жолмен оралу.

Әл-Фатауа (16/216,223).

Сондай-ақ, айт күні мейрам екен деп қатты босаңсып, күнәларға жеңіл қарауға болмайды. Бұл турасында асылдарымыздың бірі болып келетін имам Уəкиғ Ибн Джаррох (рахимаһуллаһ) былай деген екен:

خرجنا مع سفيان الثوري في يوم عيد فقال إن أول ما نبدأ به في يومنا غض أبصارنا.

«Біз Суфьян əс-Сəуримен бірге айт (намазына) шыққан едік, сол кезде ол бізге: «Бүгін біздің ең бірінші бастайтын нəрсеміз – көздерімізді төмен түсіру»,- деді».
Ибн Әбид-Дунья, «Əл-Уароғ; (1/66)».


#Takbir #ait
_____________________
t.me/paidalar

instagram.com/paigambarlar_mirasy
1.1K views18:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 17:06:49
195 views14:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 16:48:48 Құрбан айтқа қатысты кейбір үкімдер мен əдептер

*Имам Усейминнің (рахимаһуллаһ) мақаласынан қысқартып алынған

Дайындаған: Ержан Абзалбек

https://t.me/paidalar
242 views13:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 14:47:18
370 views11:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 14:47:07 Айт намазының оқылу үлгісі

Имам Солих Фаузан (хафизаһуллаһ) айт намазының көрінісін сипаттай келіп айтады:

وهي ركعتان يكبر في الأولى سبع تكبيرات، وفي الثانية خمس تكبيرات. ويسن أن يقرأ الإمام فيهما جهراً سورة (الأعلى) و (الغاشية) أو سورة (ق) و (القمر). وتكون الخطبة بعد الصلاة، ويتأكد خروج النساء إليها، ومن الأدلة على ذلك:

1) عن عائشة رضي الله عنها: أن رسول الله كان يكبر في الفطر والأضحى في الأولى سبع تكبيرات، وفي الثانية خمساً.

2) وعن النعمان بن بشير أن رسول الله كان يقرأ في العيدين بـ (سَبِّحِ اسْمَ رَبِّكَ الْأَعْلَى) [الأعلى:1] و(هَلْ أَتَاكَ حَدِيثُ الْغَاشِيَةِ) [الغاشية:1].

3) وعن عبيدالله بن عبدالله أن عمر بن الخطاب سأل أبا واقد الليثي: ما كان يقرأ به رسول الله في الأضحى والفطر؟ فقال: كان يقرأ فيهما بـ (ق وَالْقُرْآنِ الْمَجِيدِ) [ق:1]، (اقْتَرَبَتِ السَّاعَةُ وَانشَقَّ الْقَمَرُ) [القمر:1]

4) وعن أم عطية رضي الله عنها قالت: أُمرنا أن نَخرج، فنُخرج الحُيَّض والعواتق وذوات الخدور - أي المرأة التي لم تتزوج - فأما الحُيَّض فيشهدن جماعة المسلمين ودعوتهم، ويعتزلن مصلاهم.

5) وعن ابن عباس رضي الله عنهما قال: شهدت صلاة الفطر مع نبي الله وأبي بكر وعمر عثمان، فكلهم يصليها قبل الخطبة.

6) وعن ابن عباس رضي الله عنهما: أن رسول الله صلّى العيد بلا أذان ولا إقامة.

«Айт намазы екі рəкəғаттан тұрады. Бірінші рəкəғатта жеті, ал екінші рəкəғатта бес тəкбір қағылады. Айт намазын жүргізетін имамға (Фатихадан кейін) намаздың бірінші рəкəғатында «Əл-Ағлə» немесе «Қоф» сүресін, ал екінші рəкəғатта «Ғошия» немесе «Қамар» сүресін оқу - сүннет.
Айт намазының хұтбасы намаздан кейін оқылу міндет. Əйелдерге де айт намазына шығу күшейтпелі түрде келген. (Жəне Айт намазы азансыз əрі қаматсыз өткізіледі). Ал, енді осы сөздерімізді дəлелдермен сабақтастыра кетсек:


1) Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын): «Аллаһ елшісі ﷺ Құрбан айт пен Ораза айт намазында бірінші рəкəғатта жеті тəкбір, ал екінші рəкəғатта бес тəкбір қағатын еді»,- деген.
Абу Дауд (1149). Хадистің сенімділігін имам Альбани растаған.

2) Нұғман Ибн Бəшир (Аллаһ одан разы болсын): «Аллаһ елшісі ﷺ екі айт намазында {Аса Мəртебелі Раббыңды пəктеп, дəріпте} деп басталатын «Əл-Ағлə» жəне {Саған Ғошияның (қияметтің) хабары жетті ме} деп басталатын «Ғошия» сүресін оқитын еді»,- деген.
Ибн Мəжəһ (1281), Абу Дауд (1122), Нəсəи (1568). Хадистің сенімділігін имам Альбани растаған.

3) Убейдуллаһ Ибн Абдуллаһ (рахимаһуллаһ) айтады: Омар Ибн Хаттаб (Аллаһ одан разы болсын) Абу Уəқид əл-Лəйсиден (Аллаһ одан разы болсын): «Аллаһ елшісі ﷺ Ораза айт пен Құрбан айтта (Фатихадан соң) қандай сүрелерді оқитын еді?»,- деп сұрайды. Сонда ол: {Қоф. Ұлы дəрежелі Құранмен ант етемін} деп басталатын «Қоф» сүресін жəне {Қиямет жақындап, ай қақ екіге бөлінді} деп басталатын «Қамар» сүресін оқитын еді»,- деп жауап қатады.
Муслим (891).

4) Умму ‘Атыйя (Аллаһ одан разы болсын) былай деген: «Аллаһ елшісі ﷺ бізге балиғатқа толған (немесе тұрмысқа шықпай отырып қалған) қыздарды, шымылдырықтың артында отыратын аруларды жəне етеккірі мен нифас қаны келген əйелдердің барлығын екі айт намазына (Ораза айт пен Құрбан айтқа) алып шығуымызды бұйырды. Ал, етеккірі мен нифас қаны келген əйелдер намаз оқитын жерге кірмей (сыртта тұруға), əрі айт күні болатын қайырлы істер мен мұсылмандардың жақсы-жақсы дұғараларына (уағыз-насихаттарына) қатысуға бұйырылған болатын».
Бұхари (351), Муслим (890).

5) Абдуллаһ Ибн Аббас (Аллаһ əкесі екеуінен разы болсын) айтады: «Мен Ораза айт намазын Аллаһ елшісімен, Абу Бакрмен, Омармен жəне Османмен бірге оқыдым. Олардың барлығы да намазды хұтбадан бұрын оқитын еді».
Бұхари (4895), Муслим (884).

6) Абдуллаһ Ибн Аббас (Аллаһ əкесі екеуінен разы болсын) айтқан: «Аллаһ елшісі ﷺ айт намазын азан айтпастан жəне қамат түсірместен оқыды».
Абу Дауд (1147). Хадистің сенімділігін имам Альбани растаған.

Бұл мақала шейхтың ресми сайтынан алынған.

https://t.me/paidalar
374 views11:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 14:46:09 Айт намазының оқылу үлгісі

︎Иманың артында айт қалай оқылады?
︎Үйде айт намазын қалай оқимыз?

Ержан Абзалбек

http://t.me/paidalar
348 views11:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 10:26:07
287 views07:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 10:26:02
287 views07:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 05:58:12
455 views02:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 05:57:40 Арафа күнін пайдалы өткізуге қатысты мұсылмандарға айтылған өте құнды өсиет...

Имам Науауи (рахимаһуллаһ) айтқан:

فهذا اليوم أفضل أيام السنة للدعاء، فينبغي أن يستفرغ الإنسان وسعه في الذكر والدعاء وقراءة القرآن ، وأن يدعو بأنواع الأدعية ويأتي بأنواع الأذكار ، ويدعو لنفسه ووالديه وأقاربه ومشايخه وأصحابه وأصدقائه وأحبابه وسائر من أحسن إليه وجميع المسـلمين. وليحذر كل الحذر من التقصير في ذلك كله، فإن هذا اليوم لا يمكن تداركه.

«Расында, бұл күн (Арафа күні) – дұға қылуға қатысты келген жыл күндерінің ішіндегі ең абзал күн. Сондықтан да, мұсылман адам бұл күнді барынша зікірмен, дұғамен, Құран оқумен, түрлі-түрлі дұғаларды жасаумен және түрлі-түрлі зікірлерді айтумен өткізуі тиіс. Әрі бұл күнде өзі үшін, ата-анасы мен туысқандары үшін, шейхтары (ғалымдары, ұстаздары) мен достары үшін және жақын жандары мен оған жақсылығы өткен барлық мұсылмандар үшін жақсы-жақсы дұға-тілектерді жасауы керек. Сондай-ақ, бұл күнде осы істерде кемшілік жіберуден сақтану қажет. Өйткені, егер бұл күн (ешбір пайдасыз) өтіп кететін болса, оны кері қайтару (оның орнын толтыру) мүмкін емес».
Әл-Әзкар (333).

#zul_hidja #arafa
_____________________________
http://t.me/paidalar

http://instagram.com/paigambarlar_mirasy
437 views02:57
Ашу / Түсініктеме