Get Mystery Box with random crypto!

....

Telegram арнасының логотипі paidalar — .... P
Telegram арнасының логотипі paidalar — ....
Арна мекенжайы: @paidalar
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 5
Арнадан сипаттама

✒ Ержан Абзалбек
Біздің каналдарымыздың сілтемесі:
Telegram: http://t.me/paidalar
Instagram: http://instagram.com/paigambarlar_mirasy
YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCtKjyMhNfY1q5F1KWQqCauA

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-08-24 09:15:51 Әл-Кәбәир (Үлкен күнәлар)

Авторы: Имам әз-Зәһәби

Бірінші сабақ: Талқыланған тақырыптар:

︎ Кіріспе;
︎ Имам әз-Зәһәбидің қысқаша өмірбаяны;
︎ Кітаппен танысу;
︎ Кітаптың маңыздылығы;
︎ Үлкен күнәлардың анықтамасы;
︎ Үлкен күнәларға қатысты адамдардың ұстанымы;
︎ Үлкен күнә иесінің үкімі.

#ulken_kunalar

t.me/paidalar
1.0K viewsedited  06:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 15:09:00
Үлкен күнәлардан сақтанғысы келетін бауырлар үшін қуанышты хабарлама!

Аллаһ қаласа, бүгіннен бастап аптаның әр Дүйсенбі және Сейсенбі күнінде «Үлкен күнәлар» атты керемет кітапты өтетін боламыз. Себебі, соңғы кездері көптеген мұсылмандар имандары әлсіреп, күнәларға жеңіл қарайтын болып кеткен. Сондықтан, үлкен күнәлардан арылып, иманын арттырғысы келетін әрбір бауырды сабаққа қатысып пайда мен әсер алу мүмкіндігінен қапы қалмауға шақырамын.

Кітаптың артықшылығы: Бұл кітап жетпістен астам үлкен күнәлардың қаншалықты ауыр екендігін әрі олардың жазасы мен азабы қаншалықты қатты екенін баяндайды.

Авторы: Имам әз-Зәһәби

Лектор: Ержан Абзалбек

Эфирдің уақыты Астана уақытымен 21:00

Тікелей эфир өтетін парақшамыздың сілтемесі:
http://instagram.com/paigambarlar_mirasy
1.2K views12:09
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 15:03:06 «ИМАНДЫ АРТТЫРАТЫН ЖӘНЕ ИМАНДЫ АЗАЙТАТЫН АМАЛДАР» сабағының жинағы

Авторы: Шейх Абдурраззақ әл-Бадр

Лектор: Ержан Абзалбек

1-Сабақ: Алғы сөз.
Иманды жаңартып тұрудың маңыздылығы:
https://t.me/paidalar/4258

2-Сабақ: Иманды арттыратын ең ұлы білім – Құран ілімі: https://t.me/paidalar/4260

3-Сабақ: Аллаһтың есім-сипаттарын оқып-үйренудің иманға әсері: https://t.me/paidalar/4264

4-Сабақ: Аспан мен жер және ондағы жаратылыстар жайында ой жүгірту: https://t.me/paidalar/4266

5-Сабақ: Иманды арттыратын жүректің амалдары. Иманды арттыратын тілдің амалдары. Иманды арттыратын дененің амалдары: https://t.me/paidalar/4272

6-Сабақ: Иманды азайтатын (түсіретін, әлсірететін) амалдар: https://t.me/paidalar/4274

وآخر دعوانا أن الحمد لله رب العالمين

Тыңдаймыз әрі таратамыз

http://t.me/paidalar
1.2K views12:03
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 19:33:47 Әйелдерге насихат (1).

Раббысының ақысын өтегісі келетін келіншектерге насихат

Шейх Сулейман Рухейли (хафизаһуллаһ) былай деп жазды:

‏أيتها الصالحة إن أردتي أن تعرفي حظك من حق ربك فانظري في حظك من حق زوجك وإن أردتي أن تذوقي حلاوة الإيمان فاعتني بحق زوجك ولايغرنك العابثون بحياتك وأخلاقك قال النبي صلى الله عليه وسلم : (لن تؤدي المرأة حق ربها حتى تؤدي حق زوجها) وقال:(لا تجد امرأة حلاوة الإيمان حتى تؤدي حق زوجها)

«Уа, салихалы әйел! Егер сен Раббыңның ақысын өтеудегі үлесің қаншалықты деңгейде екенін білгің келсе, онда күйеуіңнің ақысын өтеудегі үлесіңе назар сал. Сондай-ақ, иманның ләззатын (дәмін) татқың келсе, онда күйеуіңнің ақысын өтеуге ерекше мән бер, әрі сенің өміріңді және мінез-құлқыңды ойыншыққа айналдырғысы (мазақ қылғысы) келетіндерге (феминсткалардың алдамшы сөздері мен ұрандарына) мән берме. Пайғамбарымыз ﷺ хадисте: «Әйел адам күйеуінің ақысын өтемейінше, Раббысының ақысын өтемеген болып саналады»,- деген.
Ибн Мəжəһ (1853), Ахмад (19403).

Және бір хадисте: «Әйел кісі күйеуінің ақысын толықтай орындамайынша, иманның ләззатын сезіне алмайды»,- делінген.
Әл-Хаким (7325).
Шейхтың твиттердегі ресми парақшасынан алынған пайда.

————————
#әйелдерге_насихат

http://t.me/paidalar

instagram.com/paigambarlar_mirasy
1.2K viewsedited  16:33
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 16:35:24 Пайғамбарлар мирасы pinned « «ТІЛДІ САҚТАУ ӘДЕПТЕРІ» сабағының жинағы Кітаптың атауы: Үнсіздік және тілді сақтау әдептері Авторы: Имам Ибн Әбид-Дунья Лектор: Ержан Абзалбек 1-Сабақ: Үнсіздік пен тілді сақтаудың артықшылығы: https://t.me/paidalar/4039 2-Сабақ: Бос сөздерден…»
13:35
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 16:35:06 Атауы: ИМАНДЫ АРТТЫРАТЫН ЖӘНЕ ИМАНДЫ АЗАЙТАТЫН АМАЛДАР

Авторы: Шейх Абдурраззақ әл-Бадр

Алтыншы бөлім (соңғы сабақ): Талқыланған тақырыптар:

︎ Иманды азайтатын (түсіретін, әлсірететін) амалдар;
︎ Иманды әлсірететін ішкі факторлар;
︎ Иманды әлсірететін сыртқы факторлар;
︎ Күнәлардың түрлері;
︎ Күнәлардың, шайтанның, нәпсінің және жаман жолдастардың иманды азайтуға қосатын үлесі;
︎ Қорытынды насихат.

#iman

http://t.me/paidalar
1.1K viewsedited  13:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 17:57:07

302 views14:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 17:57:00 Ашура күнінің оразасы жайында толыққанды мәлімет;

︎Мұхаррам айының артықшылығы
︎Ашура күнінің тарихы
︎Ашура оразасының өткен кезеңдері
︎Ашура оразасының артықшылығы мен сыйы

Имам Ибн Ражаб жазған пайданың аудармасы

Тыңдаймыз және бөлісеміз...
_______________________
http://t.me/paidalar
310 views14:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 17:55:42 Мұхаррам айы мен Ашура күнінің артықшылығы

Мұхаррам айында ораза ұстаудың абзалдығы
Ашура күні оразасының артықшылығы
Ашура күні қай күн екендігі жайындағы пікірталас
Нəпіл оразаларды көбейтуге қызықтыру

Дайындаған: Ержан Абзалбек

https://t.me/paidalar
231 views14:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 17:48:20 ЛГБТ пропагандасын қолдау – азғындықтың шегіне жеткендікті білдіреді

Аллаһ Тағала Құранда айтқандай:

﴿وَلُوطًا إِذۡ قَالَ لِقَوۡمِهِۦۤ أَتَأۡتُونَ ٱلۡفَـٰحِشَةَ مَا سَبَقَكُم بِهَا مِنۡ أَحَدࣲ مِّنَ ٱلۡعَـٰلَمِینَ * إِنَّكُمۡ لَتَأۡتُونَ ٱلرِّجَالَ شَهۡوَةࣰ مِّن دُونِ ٱلنِّسَاۤءِۚ بَلۡ أَنتُمۡ قَوۡمࣱ مُّسۡرِفُونَ﴾.

﴾Сонда Лұт өз еліне: «Сендер бұрын-соңды әлемдерден ешкім істемеген жиіркенішті істі істейсіңдер ме? Сендер әйелдерді қойып, тән құмарлықтарыңды (шәһуәттарыңды) еркектерден қандырасыңдар. Шын мәнінде, сендер – шектен шыққан елсіңдер»,- деді﴿.
Ағраф сүресі, 80-81 аяттар.

Имам Мухаммад Ибн Сирин (рахимаһуллаһ) айтты:

ليس شيء من الدواب يعمل عمل قوم لوط إلا الخنزير والحمار.

«Жануалардың ішінде Лұт қауымының амалын есек пен шошқадан басқа ешбір хайуан жасамайды».
Әд-Дурр әл-Мәнсур (3/498).

Имам Уәлид ибн Абдуль-Мәлик (рахимаһуллаһ) айтқан:

لَوْلَا أَنَّ الله عَزَّ وَجَلَّ قَصَّ عَلَيْنَا خبر قوم لوط، مَا ظَنَنْتُ أَنَّ ذَكَرًا يَعْلُو ذَكَرًا.

«Егер де Аллаһ Тағала Құранда Лұт қауымының амалы жайында бізге хабар бермегенде, еркек еркекке құмартып шабады (еркек пен еркек жыныстық қатынасқа түседі) деген нәрсе ойыма да кіріп-шықпайтын еді».
Әл-Бидая уән-Ниһая (9/185).

Ескерту: Лұт қауымының амалын жасаушы деп аталу үшін міндетті түрде олардың жиіркенішті амалдарын жасау шарт емес, бәлки, ЛГТБ пропагандасын қолдаудың өзі – Лұт қауымының амалын жасаушы деген атқа лайықты етеді. Бұл турасында имам Ибн Сәһл (рахимаһуллаһ) былай деп кеткен:

ﺳﻴﻜﻮﻥ ﻓﻲ ﻫﺬﻩ اﻷﻣﺔ ﻗﻮﻡ ﻳﻘﺎﻝ ﻟﻬﻢ اﻟﻠﻮﻃﻴﻮﻥ ﻋﻠﻰ ﺛﻼﺛﺔ ﺃﺻﻨﺎﻑ: ﺻﻨﻒ ﻳﻨﻈﺮﻭﻥ ﻭﺻﻨﻒ ﻳﺼﺎﻓﺤﻮﻥ ﻭﺻﻨﻒ ﻳﻌﻤﻠﻮﻥ ﺫﻟﻚ اﻟﻌﻤﻞ.

«Осы үмбетте бір қауымдар шығады, оларға Лұт қауымының амалын жасаушылар деп айтылады. Әрі олар үш топтан тұрады:
1. Лұт қауымының амалын қарайтындар (арсыздықты тамашалайтындар);
2. Лұт қауымының амалына қошемет білдіріп, шапалақ ұратындар (оларды қолдайтындар);
3. Лұт қауымының амалын жасайтындар (біржыныстылықпен айналысатындар)».

Әд-Дурр әл-Мәнсур (3/498-499).

———————
#қазақ_қоғамы #өзекті_мәселе #paidaly_maqala

http://t.me/paidalar
instagram.com/paigambarlar_mirasy
168 viewsedited  14:48
Ашу / Түсініктеме