Get Mystery Box with random crypto!

....

Telegram арнасының логотипі paidalar — .... P
Telegram арнасының логотипі paidalar — ....
Арна мекенжайы: @paidalar
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 5
Арнадан сипаттама

✒ Ержан Абзалбек
Біздің каналдарымыздың сілтемесі:
Telegram: http://t.me/paidalar
Instagram: http://instagram.com/paigambarlar_mirasy
YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCtKjyMhNfY1q5F1KWQqCauA

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-07-26 14:50:33
Бүгін түнде тікелей эфир!

ЖАЛПЫ ТАҚЫРЫП / СҰРАҚ-ЖАУАП

Лектор: Ержан Абзалбек

Тікелей эфирге қосылу үшін, инстаграм парақшамызға тіркеліп, қоңыраушаны (уведомленияны) басып, Астана мен Алматы уақыты бойынша сағат 23:30, ал Батыс Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:30 онлайн болып отырсаңыз болғаны!

Парақшамыздың сілтемесі:
http://instagram.com/paigambarlar_mirasy
334 views11:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 07:15:54 "Асыл білім қазынасынан" намаз туралы 100 сұрақ-жауап дәлелдерімен.
Дайындаған: "Абу Ханифа мирасы" сайтының редакциясы
713 views04:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 07:15:14 Атауы: Китаб әс-Сомт (Үнсіздік және Тілді сақтау әдептері)

Авторы: Имам Ибн Әбид-Дунья

Жетінші сабақ: Талқыланған тақырыптар:

︎ ЛАҒНЕТТЕУДЕН (ҚАРҒЫС АЙТУДАН) САҚТАНДЫРУ;
︎ҚАЛЖЫҢБАСТЫҚТЫ СӨГУ;
︎СЫР САҚТАУ;
︎АЗ СӨЙЛЕУ;
︎ШЫНШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ;
︎БЕРГЕН УӘДЕДЕ ТҰРУ.

#tildi_saqtau_adepteri

t.me/paidalar
555 viewsedited  04:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 17:32:32 Адамдардың қисынсыз сөздері мен сындарына мән бермеу турасында

Имам Шәфиғи (рахимаһуллаһ) айтқан:

‏إنَّك لا تقدر أن ترضي الناس كلهم، فأصلح ما بينك وبين الله، ثم لا تبال بالناس.

«Сен адамдардың барлығын бірдей разы қыла алмайсың. Сондықтан, өзің мен Аллаһтың арасын дұрыста да, адамдарға (олардың қисынсыз сөздері мен сындарына) көңіл аударма».
Тобақот әш-Шәфиғия (2/184).

Имам Ибн Усеймин (рахимаһуллаһ) айтты:

لو أن الإنسان سمع ما يقول الناس وما يعترضون به؛ ما مشى خطوة، لكن أنت أصلح ما بينك وبين الله ولا يهمك أحد، اعمل على إرضاء الله عز وجل، فإذا التمست رضا الله بسخط الناس رضي الله عنك وأرض عنك الناس، وكفاك مؤونتهم.

«Егер пенде адамдардың не деп жатқанына және олардың қарсылықтарына құлақ түретін болса, онда бір қадам да алға баспаушы еді. Алайда, сен өзің мен Аллаһтың арасындағы нәрсені түзе де, ешкімге мән берме. Не жасасаң да, Аллаһтың разылығын қалап жаса. Өйткені, сен адамдардың ашуына қарамастан Аллаһтың разылығын іздесең, Аллаһ Өзі сенен разы болады да, адамдарды да саған разы қылып қояды, сондай-ақ, сені оларға (және олардың қолындағыға) мұқтаж етпейді».
Шарх Иқтидо Сирот әл-Мустақим (151).

———————
#мотивация #qysqa_maqala

http://t.me/paidalar
356 viewsedited  14:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 14:43:18
Бүгін түнде тікелей эфир!

Кітаптың атауы: «Китабус-Сомт» (Үнсіздік жәнеТілді сақтау әдептері)

Тақырыбы: ЛАҒНЕТТЕУДЕН (ҚАРҒЫС АЙТУДАН) САҚТАНДЫРУ. ҚАЛЖЫҢБАСТЫҚТЫ СӨГУ. СЫР САҚТАУ. АЗ СӨЙЛЕУ. ШЫНШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ. БЕРГЕН УӘДЕДЕ ТҰРУ.

Авторы: Имам Ибн Әбид-Дунья

Лектор: Ержан Абзалбек

Тікелей эфирге қосылу үшін, инстаграм парақшамызға тіркеліп, қоңыраушаны (уведомленияны) басып, Астана мен Алматы уақыты бойынша сағат 21:00, ал Батыс Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:00 онлайн болып отырсаңыз болғаны!

Парақшамыздың сілтемесі:
http://instagram.com/paigambarlar_mirasy
151 views11:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 10:06:10 Жаңа кітапша!

ҚҰРАНДА КЕЛГЕН ТАҚУАЛЫҚТЫҢ ПАЙДАЛАРЫ (тақуалықтың жүзден астам пайдасы)

Авторы: Имам Ибн Усеймин (рахимаһуллах)
Аударған: Ержан Абзалбек

Оқимыз және таратамыз

http://t.me/paidalar
494 views07:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 07:14:45 Құранда келген тақуалықтың пайдалары (12).

Жүз он бірінші пайда: Тақуалық – күнәлардың кешірілуіне әрі сауаптардың ұлғаюына себеп. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿وَمَن یَتَّقِ ٱللهَ یُكَفِّرۡ عَنۡهُ سَیِّـَٔاتِهِۦ وَیُعۡظِمۡ لَهُۥۤ أَجۡرًا﴾

﴾Кім Аллаһтан тақуалық қылса, Ол оның жамандықтарын кешіреді және оған берілетін сауабын ұлғайтады﴿.
Талақ сүресі, 13-аят.

Жүз он екінші пайда: Тақуалықпен сипатталғандарың сыйы – Нә’им (көптеген нығметтер мен игіліктерге бөлеуші) бақтары болмақ. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿إِنَّ لِلۡمُتَّقِینَ عِندَ رَبِّهِمۡ جَنَّـٰتِ ٱلنَّعِیمِ﴾

﴾Шын мәнінде, тақуалар үшін Раббыларының алдында Нә’им бақтары бар﴿.
Қалам сүресі, 34-аят.

Жүз он үшінші пайда: Құраннан ескерту алатындар – тақуалар. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿وَإِنَّهُۥ لَتَذۡكِرَةࣱ لِّلۡمُتَّقِینَ﴾

﴾Сондай-ақ, бұл Құран – тақуалар үшін бір еске салу﴿.
Хаққа сүресі, 48-аят.

Жүз он төртінші пайда: Тақуалардың сыйы – көлеңкелер мен бұлақтар және көңілдері қалаған жемістер болмақ. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿إِنَّ ٱلۡمُتَّقِینَ فِی ظِلَـٰلࣲ وَعُیُونࣲ * وَفَوَ ٰ⁠كِهَ مِمَّا یَشۡتَهُونَ﴾

﴾Ал, тақуалар саялар мен бұлақтарда және көңілерді қалаған жемістер арасында болады﴿.
Мурсәләт сүресі, 41-42 аяттар.

Жүз он бесінші пайда: Тақуалар – көптеген нығметтерге қол жеткізу сауабына ие болады. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿إِنَّ لِلۡمُتَّقِینَ مَفَازًا * حَدَاۤىِٕقَ وَأَعۡنَـٰبࣰا * وَكَوَاعِبَ أَتۡرَابࣰا * وَكَأۡسࣰا دِهَاقࣰا * لَّا یَسۡمَعُونَ فِیهَا لَغۡوࣰا وَلَا كِذَّ ٰ⁠بࣰا * جَزَاۤءࣰ مِّن رَّبِّكَ عَطَاۤءً حِسَابࣰا﴾

﴾Анығында, тақуалар үшін (жәннатта) игілік мекені,
бақшалар мен жүзімдіктер,
әрі құрбылас, толық омыраулы (пәк) қыздар, және (сусындар мен шараптарға) толы кеселер бар. Олар онда (жәннатта) бос сөз де, өтірік те естімейді. Сөзсіз, бұл – Раббыңнан қайтарым ретінде берілген толық сый﴿.

Нәбә сүресі, 31-36 аяттар.

Жүз он алтыншы пайда: Тақуалық – жеңілдіктің (жақсылықтың) оңай болуына себеп. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿فَأَمَّا مَنۡ أَعۡطَىٰ وَٱتَّقَىٰ * وَصَدَّقَ بِٱلۡحُسۡنَىٰ * فَسَنُیَسِّرُهُۥ لِلۡیُسۡرَىٰ﴾

﴾Ал, кім (садақа мен зекетті) берсе және тақуалық етсе, әрі ең жақсыны (Жәннатты) шын деп білсе, жақында Біз оған ең жеңілін (жақсылықты) оңайластырамыз﴿.
Ләйл сүресі, 5-7 аяттар.

Жүз он жетінші пайда: Тақуалық – Тозақтан құтылуға басты себеп. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿وَسَیُجَنَّبُهَا ٱلۡأَتۡقَى * ٱلَّذِی یُؤۡتِی مَالَهُۥ یَتَزَكَّىٰ * وَمَا لِأَحَدٍ عِندَهُۥ مِن نِّعۡمَةࣲ تُجۡزَىٰۤ * إِلَّا ٱبۡتِغَاۤءَ وَجۡهِ رَبِّهِ ٱلۡأَعۡلَىٰ * وَلَسَوۡفَ یَرۡضَىٰ﴾

﴾Ал, Тозақтан ең тақуалар, мал-дүниесінен беріп тазарғандар ғана алыстатылады. Ол біреуге мал-мүлкін беруге міндетті болмаса да, Аса Жоғары Раббысының Диадарына ұмтылып қана береді. Әрі ол жақында (Аллаһтың игіліктеры мен сауаптарын, Жәннатты жолықтырып) разы болады﴿.
Ләйл сүресі, 17-21 аяттар.

Міне, осымен Құранда келген тақуалықтың пайдалары тәмәмдалды. Біздің санағымыз бойынша, қайталанып келген пайдаларды алып тастасақ 64 пайдаға, ал бәрін қосып санасақ 117 пайдаға тең келіп тұр.

الحمد لله الذي بنعمته تتم الصالحات.

10-Жумада Сәния, 1393 һ.ж.

Имам Ибн Усеймин, «Фауаид әт-Тақуа»; 30-32 беттер.

———————
#мотивация #taqualyq

http://t.me/paidalar
471 viewsedited  04:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 16:27:53 Құранда келген тақуалықтың пайдалары (11).

Жүз бірінші пайда: Тақуалық Аллаһтың алдындағы құрметке лайықты етеді. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿إِنَّ أَكۡرَمَكُمۡ عِندَ ٱللهِ أَتۡقَاكُمۡۚ﴾

﴾Ақиқатында, Аллаһтың алдында ең құрметтілерің – тақуаларың﴿.
Хужурат сүресі, 13-аят.

Жүз екінші пайда: Тақуалық – Аллаһ елшісін ұлықтаудың себептерінен. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿إِنَّ ٱلَّذِینَ یَغُضُّونَ أَصۡوَ ٰ⁠تَهُمۡ عِندَ رَسُولِ ٱللهِ أُو۟لَـٰۤئكَ ٱلَّذِینَ ٱمۡتَحَنَ ٱللهُ قُلُوبَهُمۡ لِلتَّقۡوَىٰۚ لَهُم مَّغۡفِرَةࣱ وَأَجۡرٌ عَظِیمٌ﴾

﴾Аллаһ елшісінің алдында дауыстарын бәсеңдететіндер – міне, солар, Аллаһ жүректерін тақуалық үшін сынаққа алғандар. Оларға кешірім әрі ұлы сый бар﴿.
Хужурат сүресі, 3-аят.

Жүз үшінші пайда: Жәннат тақуалықпен сипатталғандар үшін жақын орналасқан. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿وَأُزۡلِفَتِ ٱلۡجَنَّةُ لِلۡمُتَّقِینَ غَیۡرَ بَعِیدٍ﴾

﴾Ал, тақуалар үшін Жәннат жақындатылып, олардан алыс болмайды﴿.
Қоф сүресі, 31-аят.

Жүз төртінші пайда: Тақуалықпен сипатталғандардың сауабы – Жәннат. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿إِنَّ ٱلۡمُتَّقِینَ فِی جَنَّـٰتࣲ وَعُیُونٍ﴾

﴾Расында, тақуалар Жәннаттың бақтары мен бұлақтарында болады﴿.
Зәрият сүресі, 15-аят.

Жүз бесінші пайда: Тақуалардың сыйы – Жәннат. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿إِنَّ ٱلۡمُتَّقِینَ فِی جَنَّـٰتࣲ وَنَعِیمࣲ﴾

﴾Ақиқатында, тақуалар Жәннат бақтарында болып, түрлі-түрлі нығметтерге бөленеді﴿.
Тур сүресі, 17-аят.

Жүз алтыншы пайда: Тақуалықтан Аллаһтан қорқу туындап шығады. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿قَالُوۤا۟ إِنَّا كُنَّا قَبۡلُ فِیۤ أَهۡلِنَا مُشۡفِقِینَ﴾

﴾Олар: «Негізінде, біз бұрын үй-ішімізбен болған кезімізде (Аллаһтан) қатты қорқушы едік»,- дейді﴿.
Тур сүресі, 26-аят.

Жүз жетінші пайда: Тақуалардың сауабы мен сыйы – Жәннат және ондағы нығметтер болмақ. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿إِنَّ ٱلۡمُتَّقِینَ فِی جَنَّـٰتࣲ وَنَهَرࣲ * فِی مَقۡعَدِ صِدۡقٍ عِندَ مَلِیكࣲ مُّقۡتَدِرِۭ﴾

﴾Анығында, тақуалар Жәннаттағы бақтар мен өзендер арасында, барлық нәрсені жасай алушы Үкім иесінің (Аллаһтың) алдындағы шыншылдық мекенінде болады﴿.
Қамар сүресі, 54-55 аяттар.

Жүз сегізінші пайда:
Тақуалық – мейірім мен туралықтың және сауап пен сыйдың артуына себеп. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿یَـٰۤأَیُّهَا ٱلَّذِینَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ ٱللهَ وَءَامِنُوا۟ بِرَسُولِهِۦ یُؤۡتِكُمۡ كِفۡلَیۡنِ مِن رَّحۡمَتِهِۦ وَیَجۡعَل لَّكُمۡ نُورࣰا تَمۡشُونَ بِهِۦ وَیَغۡفِرۡ لَكُمۡۚ وَٱللهُ غَفُورࣱ رَّحِیمࣱ﴾

﴾Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа тақуалық және Оның елшісіне сеніңдер, сонда Ол сендерге Өзінің мейірімінен екі есе береді және сендерге өздерің онымен жүретін нұр жасайды әрі сендерді кешіреді. Өйткені, Аллаһ – Ғафур (өте Кешірімді, Рахим (ерекше Мейірімді)﴿.
Хадид сүресі, 28-аят.

Жүз тоғызыншы пайда: Тақуалық – тығырықтар мен қиыншылықтардан шығудың және ризық пен несібенің кең болудың себебі. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿وَمَن یَتَّقِ ٱللَّهَ یَجۡعَل لَّهُۥ مَخۡرَجࣰا * وَیَرۡزُقۡهُ مِنۡ حَیۡثُ لَا یَحۡتَسِبُۚ وَمَن یَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِ فَهُوَ حَسۡبُهُۥۤۚ﴾

﴾Кім Аллаһтан қорқып сақтанса (тақуалық қылс), Ол оған шығатын жол жасайды. Әрі оған оның өзі ойламаған жақтан ризық береді. Ал, кім Аллаһқа тәуекел етсе, сөзсіз, Ол оған жеткілікті﴿.
Талақ сүресі, 2-3 аяттар.

Жүз оныншы пайда: Тақуалық – істердің жеңілдей түсуіне басты себеп. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿وَمَن یَتَّقِ ٱللهَ یَجۡعَل لَّهُۥ مِنۡ أَمۡرِهِۦ یُسۡرࣰا﴾

﴾Кім Аллаһтан тақуалық қылса, Ол оған ісін жеңілдетеді﴿.
Талақ сүресі, 4-аят.

Имам Ибн Усеймин, «Фауаид әт-Тақуа»; 28-30 беттер.

———————
#мотивация #taqualyq

http://t.me/paidalar
653 views13:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 15:33:58 Атауы: Китаб әс-Сомт (Үнсіздік және Тілді сақтау әдептері)

Авторы: Имам Ибн Әбид-Дунья

Алтыншы сабақ: Талқыланған тақырыптар:

︎ Жақсы сөз сөйлеуге үндеу;
︎ Арсыз, ұятсыз және боғауыз сөздерден сақтандыру;
︎ Тілден кететін қатерлі сөздер.

#tildi_saqtau_adepteri

t.me/paidalar
604 viewsedited  12:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 17:33:44 Бауырларды бірлікке шақыру (2).

Имам Мұқбил (рахимаһуллаһ) айтқан:

فيجب أن نوحد صفنا، وأن ندعو إلى الكتاب والسنة ، والذي يدعو إلى الفرقة يُخشى أن تنزل عليه صاعقة من السماء؛ لأن المسلمين أحوج ما يكون إلى جمع الكلمة تحت ظل الكتاب والسنة.

«Біз (сүннет иелері) сабымызды бірлеуге және адамдарды Құран мен сүннетке шақыруға міндеттіміз. Ал, бөлінуге шақырып жатқандарға келсек, біз олардың бастарына аспаннан найзағай (азап) түсіп кетуінен қорқамыз. Өйткені, қазіргі таңда мұсылмандар Құран мен сүннеттің аясында жиналуға, ауызбіршілікке өте қатты мұқтаж».

نصائح وفضائح (١٢٦)

#жамағат #бірлік

http://t.me/paidalar
445 viewsedited  14:33
Ашу / Түсініктеме