Get Mystery Box with random crypto!

....

Telegram арнасының логотипі paidalar — .... P
Telegram арнасының логотипі paidalar — ....
Арна мекенжайы: @paidalar
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 5
Арнадан сипаттама

✒ Ержан Абзалбек
Біздің каналдарымыздың сілтемесі:
Telegram: http://t.me/paidalar
Instagram: http://instagram.com/paigambarlar_mirasy
YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCtKjyMhNfY1q5F1KWQqCauA

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-07-23 15:33:53 Тоқсан сегізінші пайда: Тақуалықпен сипатталғандарға жәннаттағы түрлі-түрлі нығметтер уәде етілген:

﴿مَّثَلُ ٱلۡجَنَّةِ ٱلَّتِی وُعِدَ ٱلۡمُتَّقُونَۖ فِیهَاۤ أَنۡهَـٰرࣱ مِّن مَّاۤءٍ غَیۡرِ ءَاسِنࣲ وَأَنۡهَـٰرࣱ مِّن لَّبَنࣲ لَّمۡ یَتَغَیَّرۡ طَعۡمُهُۥ وَأَنۡهَـٰرࣱ مِّنۡ خَمۡرࣲ لَّذَّةࣲ لِّلشَّـٰرِبِینَ وَأَنۡهَـٰرࣱ مِّنۡ عَسَلࣲ مُّصَفࣰّىۖ وَلَهُمۡ فِیهَا مِن كُلِّ ٱلثَّمَرَ ٰ⁠تِ وَمَغۡفِرَةࣱ مِّن رَّبِّهِمۡۖ كَمَنۡ هُوَ خَـٰلِدࣱ فِی ٱلنَّارِ وَسُقُوا۟ مَاۤءً حَمِیمࣰا فَقَطَّعَ أَمۡعَاۤءَهُمۡ﴾

﴾Сондай тақуаларға уәде етілген Жәннаттың мысалы: онда еш бұзылмайтын өзен сулар, дәмі өзгермейтін сүттен өзендер, ішушілерге ләззат сыйлайтын шараптан өзендер, және балдан өзендер, сондай-ақ онда оларға әр түрлі жемістер, әрі Раббыларынан жарылқау бар. Бұлар Тозақта мәңгі қалып, ішектерін жарып жіберетін қайнар су ішкізілетін біреумен тең бе?﴿.
Мухаммад сүресі, 15-аят.

Тоқсан тоғызыншы пайда: Тақуалық – Аллаһтың сыйына қол жеткізудің себебі:

﴿إِنَّمَا ٱلۡحَیَوٰةُ ٱلدُّنۡیَا لَعِبࣱ وَلَهۡوࣱۚ وَإِن تُؤۡمِنُوا۟ وَتَتَّقُوا۟ یُؤۡتِكُمۡ أُجُورَكُمۡ وَلَا یَسۡـَٔلۡكُمۡ أَمۡوَ ٰ⁠لَكُمۡ﴾

﴾Расында, бұл дүние тіршілігі – ойын және ермек қана. Ал, егер иман келтірсеңдер және тақуалық етсеңдер, Ол сендерге сыйларыңды береді әрі сендерден мал-дүниелеріңді сұрамайды﴿.
Мухаммад сүресі, 36-аят.

Жүзінші пайда: Тақуалық – Аллаһтың мейіріміне бөлейтін себеп:

﴿إِنَّمَا ٱلۡمُؤۡمِنُونَ إِخۡوَةࣱ فَأَصۡلِحُوا۟ بَیۡنَ أَخَوَیۡكُمۡۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمۡ تُرۡحَمُونَ﴾

﴾Шын мәнінде, мүміндер – бір-біріне бауыр. Сондықтан, екі бауырдың арасын татуластырыңдар. Әрі өздеріңе мейірім етілуі үшін Аллаһтан қорқыңдар﴿.
Хужурат сүресі, 10-аят.

Имам Ибн Усеймин, «Фауаид әт-Тақуа»; 25-28 беттер.

———————
#мотивация #taqualyq

http://t.me/paidalar
409 views12:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 15:33:43 Құранда келген тақуалықтың пайдалары (10).

Тоқсан бірінші пайда: Тақуалық – құрдымға кетуден және жамандыққа жолығып қалудан сақтайтын себептерден.

﴿وَیُنَجِّی ٱللهُ ٱلَّذِینَ ٱتَّقَوۡا۟ بِمَفَازَتِهِمۡ لَا یَمَسُّهُمُ ٱلسُّوۤءُ وَلَا هُمۡ یَحۡزَنُونَ﴾

﴾Аллаһ тақуаларды жетістіктері (тақуалықтары) құтқарады. Сондай-ақ, оларға жамандық тимейді әрі олар қайғырмайды﴿.
Зүмәр сүресі, 61-аят.

Тоқсан екінші пайда: Тақуалар Жәннатта мәңгі нығмет пен құрметке бөленулері үшін Жәннатқа қарай топ-топ болып айдалады.

﴿وَسِیقَ ٱلَّذِینَ ٱتَّقَوۡا۟ رَبَّهُمۡ إِلَى ٱلۡجَنَّةِ زُمَرًاۖ حَتَّىٰۤ إِذَا جَاۤءُوهَا وَفُتِحَتۡ أَبۡوَ ٰ⁠بُهَا وَقَالَ لَهُمۡ خَزَنَتُهَا سَلَـٰمٌ عَلَیۡكُمۡ طِبۡتُمۡ فَٱدۡخُلُوهَا خَـٰلِدِینَ * وَقَالُوا۟ ٱلۡحَمۡدُ للهِ ٱلَّذِی صَدَقَنَا وَعۡدَهُۥ وَأَوۡرَثَنَا ٱلۡأَرۡضَ نَتَبَوَّأُ مِنَ ٱلۡجَنَّةِ حَیۡثُ نَشَاۤءُۖ فَنِعۡمَ أَجۡرُ ٱلۡعَـٰمِلِینَ﴾

﴾Ал, тақуалар Жәннатқа топ-тобымен алып барылады. Олар оған келіп, қақпалары ашылған кезде, оның күзетшілері оларға: «Сендерге сәлем (амандық) болсын! Сендер (өткен өмірлеріңде) жақсы болдыңдар. Енді жәннатқа мәңгі тұрақтайтын болып кіріңдер»,- дейді. Сонда олар (жәннаттықтар): «Барлық мақтау бізге берген уәдесін шындыққа шығарған және бұл жерге бізді мұрагер еткен Аллаһқа тән. Біз Жәннатта өзіміз қалаған орынға жайғасамыз»,- дейді. Амал етушілердің сыйы – қандай жақсы!﴿.
Зүмәр сүресі, 73-74 аяттар.

Тоқсан үшінші пайда: Тақуалық – осы өмірдегі азаптан құтылуға себеп:

﴿وَنَجَّیۡنَا ٱلَّذِینَ ءَامَنُوا۟ وَكَانُوا۟ یَتَّقُونَ﴾

﴾Ал, иман келтірген және тақуалық қылғандарды құтқардық﴿.
Фуссилат сүресі, 18-аят.

Тоқсан төртінші пайда: Ақырет – тақуалықпен сипатталғандар үшін:

﴿وَٱلۡـَٔاخِرَةُ عِندَ رَبِّكَ لِلۡمُتَّقِینَ﴾

﴾Ал, Раббыңның алдындағы мәңгі өмір (ақырет) тақуаларға арналады﴿.
Зухруф сүресі, 35-аят.

Тоқсан бесінші пайда: Тақуалардың арасындағы ғана достық бұл өмірде де, ақыретте де сақталатын болады:

﴿ٱلۡأَخِلَّاۤءُ یَوۡمَئذِۭ بَعۡضُهُمۡ لِبَعۡضٍ عَدُوٌّ إِلَّا ٱلۡمُتَّقِینَ﴾

﴾Сол күні (ақыретте) тақуалардан басқа жақын достар бір-біріне жауға айналады﴿.
Зухруф сүресі, 67-аят.

Тоқсан алтыншы пайда: Тақуалардың ақыреттегі орны – баулар мен бұлақтарға және түрлі-түрлі нығметтерге толы бейбіт орын (Жәннат) болмақ:

﴿إِنَّ ٱلۡمُتَّقِینَ فِی مَقَامٍ أَمِینࣲ * فِی جَنَّـٰتࣲ وَعُیُونࣲ * یَلۡبَسُونَ مِن سُندُسࣲ وَإِسۡتَبۡرَقࣲ مُّتَقَـٰبِلِینَ * كَذَ ٰ⁠لِكَ وَزَوَّجۡنَـٰهُم بِحُورٍ عِینࣲ * یَدۡعُونَ فِیهَا بِكُلِّ فَـٰكِهَةٍ ءَامِنِینَ * لَا یَذُوقُونَ فِیهَا ٱلۡمَوۡتَ إِلَّا ٱلۡمَوۡتَةَ ٱلۡأُولَىٰۖ وَوَقَىٰهُمۡ عَذَابَ ٱلۡجَحِیمِ * فَضۡلࣰا مِّن رَّبِّكَۚ ذَ ٰ⁠لِكَ هُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِیمُ﴾

﴾Ақиқатында, тақуалар бейбіт орындарда – Жәннат бақтары мен бұлақтарында болады. Олар жұқа және қалың жібектен киімдер киіп, бір-біріне жүзбе-жүз қарар отырады. Әрі оларды аппақ, көздері үлкен де әдемілермен (хор қыздарымен) үйлендіреміз. Олар ол жерде амандықта болып, кез-келген жемісті алдыра алады. Сондай-ақ, алғашқы өлімнен кейін олар онда өлімнің дәмін татпайды. Сөзсіз, Ол (Аллаһ) оларды Жахим азабынан сақтаған. Расында, бұл – сенің Раббыңның кеңшілігінен. Міне, осы – ұлы жетістік﴿.
Дұхан сүресі, 51-57 аяттар.

Тоқсан жетінші пайда: Тақуалық – Аллаһтың қамқорлығына себеп:

﴿وَٱللهُ وَلِیُّ ٱلۡمُتَّقِینَ﴾

﴾Ал, Аллаһ – тақуалардың Қамқоршысы﴿.
Жәсия сүресі, 19-аят.

(Жалғасы астында)
414 views12:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 16:06:37
Адамдарға су берудің артықшылығы

Сағд Ибн Убаданың (Аллаһ одан разы болсын) анасы қайтыс болған кезде, ол Аллаһ елшісіне келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Менің анам өмірден өтті, оның атынан садақа берсем болады ма?»,- деп сұрады. Сонда Аллаһ елшісі ﷺ оған: «Иә»,- деп айтты. Сағд: «Ең абзал садақа ретінде не берсем болады?»,- деді. Аллаһ елшісі ﷺ: «Адамдарға су беру (жеткізу)»,- деп жауап берді.
Нәсәи (3666).

Имам әл-Құртұби айтқан:
Адамдарға су беру – Аллаһқа жақындататын ең ұлы амалдардан. Ертеде табиғиндердің бірі былай деген: «Кімде-кімнің күнәсі көбейіп кеткен болса, онда адамдарға су берсін. Себебі, Аллаһ Тағала шөлдеп тұрған итті суғарғаны үшін (зинақор) адамның күнәларын кешіріп жіберген болса, онда, бірқұдайшыл мүмін пендені сусындандырып, оған өмір сыйлаған адамның күнәлары қалайша кешірілмей қалмақ?!».
Тәфсир әл-Құртұби (7/215).

Атам қазақ айтқандай, БҰЛАҚ КӨРСЕҢ КӨЗІН АШ. Әсіресе, жаздың қатты ыстық күндерінде мешіттерге, қоғамдық орындарға су алып беру – үлкен сауапты іс.

t.me/paidalar
623 viewsedited  13:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 15:20:47
Бүгін түнде тікелей эфир!

Кітаптың атауы: «Китабус-Сомт» (Үнсіздік жәнеТілді сақтау әдептері)

Тақырыбы: ЖАҚСЫ СӨЗ СӨЙЛЕУГЕ ҮНДЕУ. АРСЫЗ, ҰЯТСЫЗ ЖӘНЕ БОҒАУЫЗ СӨЗДЕРДІ СӨЙЛЕУДЕН САҚТАНДЫРУ.

Авторы: Имам Ибн Әбид-Дунья

Лектор: Ержан Абзалбек

Тікелей эфирге қосылу үшін, инстаграм парақшамызға тіркеліп, қоңыраушаны (уведомленияны) басып, Астана мен Алматы уақыты бойынша сағат 21:00, ал Батыс Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:00 онлайн болып отырсаңыз болғаны!

Парақшамыздың сілтемесі:
http://instagram.com/paigambarlar_mirasy
601 views12:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 14:13:16
Шейх Мухаммад Саъид Раслян (да хранит его Аллах)⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Таким образом сооружаются дома! ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀⁣⁣⠀
https://t.me/al_istifaadah
553 views11:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 16:48:24 Бауырларды бірлікке шақыру

Құрметті ғұлама шейх Раби ибн Һәди әл-Мадхали (хафизаһуллаһ) айтты:

«Бауырлар! Құран мен сүннетте ешқандай да негізі жоқ сөздер мен істерді тастаңдар! Мен бауырларға қанша рет айтып келемін: «Егер де сен бір пікірді (сөзді, ойды, істі) дұрыс деп санап, кейін ғалымдардан сұраған кезіңде олар да саған: "жақсы екен (айта бер, істей бер)",- деп айтса, алайда ол нәрсе (үмбетке, дағуатқа) зиян беретін әрі бөлінуге алып баратын болса, онда оны тастай сал. Ал, егер де сенде Құран мен Сүннеттен болған анық дәлел бар болса, онда одан бекем ұстан, әрі өзгелерді де бекем ұстануға шақыр.

Бауырлар! Бөлінуге алып келетін себептердің барлығынан алыс болыңдар, бір-біріңе бауырмашыл, мейірімді, жанашыр болыңдар, сондай-ақ, бір-біріңді Аллаһ үшін жақсы көріңдер, әрі өзара осы құндылықтарды ұмытушы болмаңдар. Негізінде, шайтан араларыңнан бауырмашылдық, бауырларды Аллаһ үшін жақсы көру нығметін кетіру үшін, сендерге түрлі-түрлі фитналармен, айқай-шулармен, (анау айтты, мынау айтты деген пайдасыз сөздермен) кіруді қалайды. Ақиқатында, бұл нығметтердің (бауырмашылдықтың, Аллаһ үшін жақсы көрудің) сауабы мен сыйын Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Солардың бірін мысал ретінде айтсақ, Аллаһ үшін жақсы көру себепті Аллаһ Тағала сені ешбір көлеңке болмайтын күні Өзінің (Аршысының) көлеңкесінің астына алады. Ал, шайтан болса сені сол жақсылықтан мақрұм қалдырғысы келеді. Сондықтан, егер бір бауырың қателесіп қалып жатса, оған жұмсақтықпен, даналықпен, құжаттар мен дәлелдерді келтірумен көркем түрде насихат қыл, сонда Аллаһ Тағала сенің насихатыңды оған пайдалы етеді. Ал, отырып алып адамдардың қателескенін аңдып, біреу қателесіп қалса болды, оны жан-жаққа таратып, оны қаралауың – сәләфилердің жолынан емес, бәлки, ол – шайтандардың жолынан. Бұның бәрін жинастырып қою керек. Аллаһ бізге де, сендерге де тауфиқ берсін. (Әмин). Сонымен қатар, көп сөзді қойып, көп амал етумен айналысыңдар. Өйткені, сөзді көбейту шариғат талап ететін істерден емес, керісінше, адамдарға пайда беретін бір ауыз сөз – том-том сөздерден қарағанда қайырлырақ.


http://t.me/paidalar
197 viewsedited  13:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 16:48:18
Имам Раби ибн Һәди әл-Мадхалидің бауырларға айтқан өте әсерлі насихаты

Аудармасы астында
193 views13:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 16:30:04
Шейх Абдурраззакъ аль - Бадр (да хранит его Аллах)⁣⁣
⁣⁣⠀
Страна, в которой нет знания⁣⁣
⁣⁣⠀⁣⁣⠀
https://t.me/al_istifaadah
199 views13:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 16:14:13 ЛГБТ пропагандасынан сақтандыру

︎ЛГБТ мақсаты неде?
︎ЛГБТ пропагандасын қолдайтын әншілер мен әртістерге насихат

t.me/paidalar
272 views13:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 15:53:16
291 views12:53
Ашу / Түсініктеме