Get Mystery Box with random crypto!

Otyrar QAZ

Telegram арнасының логотипі otyrarqaz — Otyrar QAZ O
Telegram арнасының логотипі otyrarqaz — Otyrar QAZ
Арна мекенжайы: @otyrarqaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 484
Арнадан сипаттама

«Отырар TV» телеарнасының Telegram-арнасы.
Шымкент пен Түркістан жаңалықтары, пайдалы ақпарат
WhatsApp: 77479968219
сайт: kz.otyrar.kz
instagram.com/otyrarkz
youtube.com/c/tvotyrar

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2022-07-14 08:08:17 Мемлекет басшысы:

«Тағы бір өзекті мәселе – өнімді сату.

Өкінішке қарай, еліміздегі өнімнің бәрі бірдей дүкен сөресінен табыла бермейді. Импортпен қатар, ішкі кедергілер де бар.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мәселелері де аз емес. Олар тауардың үздіксіз жеткізілуін, өнім сапасының тұрақты болуын қамтамасыз ете алмайды. Басқа да талаптар бар. Әрине, мұның бәрін біртіндеп ретке келтірген жөн.

Сондықтан, фермерлерге қолдау көрсету тәсілдерін бірлесе әзірлеуді тапсырамын»

t.me/bort_01
35 views05:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 08:08:17 Президент:

«Менің тапсырмам бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі алдын ала сатып алу тәсілдерін кеңірек қолдана бастады. Биылғы шілдеге дейін әлеуметтік маңызы бар 47 мың тонна азық-түлікке қатысты осындай шарттар жасалды. Дегенмен, мұндай көлемдегі тауар ішкі нарыққа айтарлықтай ықпал етпейтіні анық.

Өнімді ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден алдын ала тікелей сатып алу жолдарын айқындау қажет. Мұнымен құзырлы министрліктер айналысуға тиіс.

Ауыл шаруашылығы министрлігі осы тәсілді жетілдіру үшін тиісті қауымдастықтарды және нарық субъектілерін жұмылдыруға тиіс»

t.me/bort_01
31 views05:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 08:08:17 Қасым-Жомарт Тоқаев:

«БІРІНШІ. Инфляцияны тұрақтандыру

Қазір инфляцияның шарықтап кетуі ең күрделі мәселе болып отыр. Бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы әсер етті. Оның деңгейі 19,2 пайызға жетті.
Жалпы, азық-түліктің кейбір түрі бірден 80 пайызға қымбаттады.

Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді. Оның өзінде бюджеттен қосымша қаражат бөліп, бағаны жасанды түрде ғана реттеп отыр. Яғни, қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күрес жүріп жатыр.

Ал, шын мәнінде, керісінше болуы керек. Үкімет бар жауапкершілікті өңірлерге артып қойды. Олар әкімшілік ресурсты пайдаланып, дүкендерді аралап жүр, басқа тәсілдер және жаңа идеялар жоқ. Мұндай жұмыс ешқашан тиімді болған емес. Бір сөзбен айтқанда, нарық заңдылығына сай келетін жаңа ұстаным жоқ»

t.me/bort_01
24 views05:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 08:08:17 Мемлекет басшысы:

«Халықаралық институттар әлемдік экономика қарқыны бәсеңдейді деген болжам айтуда. Соған сәйкес инфляция жаппай өсуі мүмкін.

Өңірлік дағдарыстың ұзаққа созылып бара жатқанын байқап отырмыз. Тіпті, бұл ахуал жаһандық тоқырауға ұшыратады деген қауіп бар.

Осындай жағдайда Үкіметтің және Ұлттық Банктің негізгі міндеті – инфляцияны тұрақтандырып, азаматтардың табысын арттыру болуға тиіс. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет»

t.me/bort_01
25 views05:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 08:08:17 Президент:

«Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар.

Дегенмен, инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті»

t.me/bort_01
23 views05:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 08:08:16 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

t.me/bort_01
23 views05:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 06:28:51
Балалардың ауруын ерте сатысында анықтау өте маңызды. Сондықтан да қалалық 6 емханада арнайы брифинг өткізілді. Балалар арасында профилактикалық скрининг 5 топқа бөліп өткізіледі. Алғашқы топтарға дені сау балалар жатқызылса, 4-5 топтарда бұған дейін денсаулығында ауытқуы бар балаларды тексеріп, тіркеуге алып отырады. Қазіргі таңда есту қабілеті мен туа біткен патологиялық ауруларды ерте анықтау үшін балаларды аудиоскринингтен өткізіп жатыр.
30 views03:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 06:27:28
Шымкентте Адырбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Адырбеков көшесіндегі көлік қозғалысы уақытша жабылатынын хабарлады.

Тәуке хан даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аралықтағы Адырбеков көшесінің көлік жолының құрылысын жүргізу мақсатында көлік қозғалысы шектеледі, – делінген хабарламада.

Жол жөндеу 14.07.2022 ж. -28.08.2022ж. аралығын қамтиды.
31 views03:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 18:16:15
Шымкентте үлкен жол апатын жасады деген күдікке ілінген адамнан пневматикалық тапанша табылды

Үш көліктің қатысуымен болған жол апаты 13 шілдеде, түнде Рысқұлов-Бәйтерек көшелерінің қиылысында орын алды. Бұл туралы "Шұғыл шақырылым "бағдарламасының тілшісі хабарлады.

Алдын ала ақпарат бойынша ЖКО кінәлі ВАЗ-2107 жүргізушісі болған. 25 жастағы автокөлік иесі жоғары жылдамдықпен келе жатып, бағдаршамда тұрған екі ВАЗ-2115 және Opel Vectra көліктерімен соқтығысқан.

Соқтығысу салдарынан ВАЗ-2107 жолаушысы ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті.

Апатқа себеп болған ВАЗ-2107 көлігін тексеру барысында полиция қызметкерлері «OPS-M. R. P CAL 45»пневматикалық тапаншасын тапты.

ВАЗ-2107 жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізгенін жоққа шығармады. Бірақ ол көліктегі қарудың қайдан пайда болғанын білмейтінін айтып, оны қандай мақсатта алып жүргенін түсіндіре алмады.
Айтулы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.
47 views15:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 18:14:42
Балаларға балық пен тауық етін бермеген. Прокурорлар Шымкенттегі балабақшалардан заң бұзушылықтарды анықтады. Яғни, балаларға түскі ас өз мөлшерімен берілмей келген. Балалар негізінен тауық еті мен балықты, сондай-ақ соңғы уақытта бағасы қымбаттаған көкөністерді жемей жүрген. Сарапшылардың айтуынша, тамақтан үнемдейтін балабақшалар бар, ал кейбірінде шынында қаражат жетпеуі мүмкін.
45 views15:14
Ашу / Түсініктеме