Get Mystery Box with random crypto!

Otyrar QAZ

Telegram арнасының логотипі otyrarqaz — Otyrar QAZ O
Telegram арнасының логотипі otyrarqaz — Otyrar QAZ
Арна мекенжайы: @otyrarqaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 484
Арнадан сипаттама

«Отырар TV» телеарнасының Telegram-арнасы.
Шымкент пен Түркістан жаңалықтары, пайдалы ақпарат
WhatsApp: 77479968219
сайт: kz.otyrar.kz
instagram.com/otyrarkz
youtube.com/c/tvotyrar

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-07-23 12:06:53 Шымкентте 101 және 112 телефондары уақытша істемей тұр

Мұны Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы хабарлады.

«Техникалық ақаулықтарға байланысты «101» өртке қарсы қызметінің және «112» Құтқару қызетінің телефондары уақытша жұмыс істемей тұр.

Төтенше жағдайлар кезінде өрт бойынша диспетчердің  87015715770-ұялы телефонына;

112 арнайы желісінің  87784004858, 87711469099 ұялы телефондарына хабарласуыңызды сұранамыз.

Түсіністікпен қарауды сұранамыз!», – делінген хабарламада.
24 views09:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 03:41:16
“Солярка бітіп қалды” Шымкентте автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдаудан бас тартты.

Нөмірі 70 бағыттағы автобус сағат 20:00 шамасында “Дулати” аялдамасынан қатынауы керек болған. Алайда, автобус жүргізушісінің айтуынша, дизель отыны таусылып қалған. Салдарынан қоғамдық көлікке енді отырмақ болған халық барар жеріне таксимен жетуіне тура келді.

“Бұл жағдай бірінші рет емес” деген жүргізуші барынша дизель отынын үнемдеп жұмсаймыз дейді. Тіпті кондиционерді де өшіріп отырады екен. Ал салқындатқыш көп қосылса, дизель отыны сағат 17:00-де таусылып қалатын көрінеді.

Айта кетейік, Қайнарбұлақ саяжайына қатынайтын аталған бағыттағы автобус 21:00-ге дейін жүруі тиіс.
56 views00:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 13:43:52
27 views10:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 13:42:17
27 views10:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 13:37:31 Шымкентте өртенген қоймада ДСП материалдары болған

Мұны Шымкент қаласы ТЖД хабарлады.

– Алғашқы ақпарат
21.07.2022 жылы сағат 14:42-де Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Сайрам көшесінде орналасқан қойма жанып жатыр деген хабарлама 101 басқару пультіне сағат 14.42-де келіп түсті.
Оқиға орнына №2 шақырту бойынша күштер мен құралдар жолданды. Алдын ала белгілі болғандай "Құрылыс материалы" ЖШС аумағында орналасқан қоймада өрт шыққан. Қоймада ДСП материалдары болған, – делінген хабарламада.
31 views10:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 12:31:54
Шымкенттің Сайрам көшесіндегі қоймада шығып жатқан өрт орнынан
38 views09:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 12:15:35
46 views09:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 07:37:49
Бүгін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаят Шымкент тұрғындарымен кездеседі

Бүгін 21 шілде, сағат 15:00-де ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкент қаласы тұрғындарымен есептік кездесу өткізеді.

Денсаулық сақтау министрі А. Ғинияттың есептік кездесуі қалалық денсаулық сақтау басқармасының @gorzdravshymkent ресми инстаграм парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
21 views04:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 07:32:41
Отырар TV телеарнасының тікелей эфирде шығатын «Жаңа күн» сазды-ақпараттық бағдарламасына қонаққа Абдалла Хусейн Мұхаммед келді.
Ол Сомалиде туған, қазір Шымкентте тұрады. Қазақ тілін жақсы біледі. Тиктокта танымал.

Құрметті көрермен, тікелей эфирімізге қосылыңыз
21 views04:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 05:50:12
Қала әкімі Мұрат Әйтенов кезекті рет Еңбекші ауданы тұрғындарымен есепті кездесіун өткізді. Мегаполис басшысы жыл басынан бері тұрғын алап пен шағынаудандарды аралап, 84 кездесу өткізген еді. Тұрғындардан жалпы саны 874 сауал мен ұсыныс түсіп, бүгінге дейін оның 374-і орындалды. Еңбекші ауданында жыл басынан бері қандай өзгеріс орын алғаны жөнінде, сондай-ақ тұрғындарды мазалаған сауалдар туралы әріптесім Гүлдана Дәурен толығырақ айтады.
37 views02:50
Ашу / Түсініктеме