Get Mystery Box with random crypto!

Otyrar QAZ

Telegram арнасының логотипі otyrarqaz — Otyrar QAZ O
Telegram арнасының логотипі otyrarqaz — Otyrar QAZ
Арна мекенжайы: @otyrarqaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 484
Арнадан сипаттама

«Отырар TV» телеарнасының Telegram-арнасы.
Шымкент пен Түркістан жаңалықтары, пайдалы ақпарат
WhatsApp: 77479968219
сайт: kz.otyrar.kz
instagram.com/otyrarkz
youtube.com/c/tvotyrar

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2022-07-20 06:08:18
37 views03:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 06:08:08 Арғынбеков көшесі-Бәйдібек би даңғылы қиылысындағы жолайырық 3 қабатты болады

Мұны Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты.

– Бүгінде қаланың күретамыры саналатын Арғынбеков көшесі мен Бәйдібек би даңғылының қиылысында жолайырық құрылысы жүргізіліп жатыр.

Арғынбеков көшесінің бір бөлігін қыркүйек айының аяғында ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Жоба 2023 жылдың аяғында аяқталады. 3 қабатты жолайырық болады. Сол себепті, қала тұрғындарынан түсіністікпен қарауын сұраймыз. Біз барынша жол кептелісін шешу мақсатында, құрылыс аяқталмаса да, рет-ретімен жолдарды ашуды көздеп отырмыз. Бұл мектеп емес жауып тастап, аяқтап 100% кейін пайдалануға берілетін. Сондықтан, кезең-кезеңімен бір жерін жапсақ бір жерін ашып жұмыс жасап жатырмыз. Үлкен жұмыстың бірі: бұл – инженерлік инфрақұрылымды аударып өткізу. Бүгін жасамасақ, кейін қиындау болады. Өйткені қаламыз күн сайын өсіп жатыр. Күн өткен сайын көліктер еселеп артуда. Бұл ретте жолайрықтардың атқарар рөлі орасан, – деді Исахов.
37 viewsedited  03:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 04:58:35
Жақында Шымкентте бесінші аудан құрылады. Үшінші мегаполис әкімдігі оны "Тұран" деп атауды жоспарлап отыр. Айтпақшы, бұл атауды қоғамдық кеңес, ақсақалдар мен қоғам қайраткерлері қолдады. Неліктен Тұран? Жаңа аудан әкімі кім болады?
39 views01:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 04:58:30
Шымкентте 45 екпе нысаны бар. Ал қалада ковидтің ықтимал толқынына 3 сценарий дайындалған. Сондай-ақ, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 100 төсек-орын дайындалған. Ал мегаполистегі тұрақсыз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты емханалар жанынан 76 мобильді бригада жасақталды. Медицина мамандары қала тұрғындарын қайта вацина салғызуға шақырады.
38 views01:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 17:24:42
Келес ауданында аяғы ауыр келіншек жіпке асулы тұрған күйде табылды. 25 жастағы әйелдің 2 баласы бар, және жүктілігінің жетінші айында болған. Қазір полицейлер мән-жайды анықтап жатыр. Алайда, әзірге әйелдің өз-өзіне қол жұмсау себебін айтқан жоқ. Ал қоғам белсенділері, жүкті әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарына мұндай әрекетке баруы мүмкін деп топшылайды.
23 views14:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 11:11:51 Шымкентте 20-22 шілде күндері +40+43℃ ыстық болады

Мұны Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы хабарлады.

Ыстық ауа-райы жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертензиясы бар, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін қауіпті.
Бас киімсіз далаға шықпаңыз, күн сәулесі тиюден сақ болу үшін күндіз қарт адамдар мен балалар серуендеуден бас тартқаны жөн.
Физикалық жаттығуларды тоқтату керек.

Созылмалы аурулары бар адамдар дәрігердің ұсыныстарын нақты орындап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет.

Шөлді басу үшін таңертен, кешкі уақытта көбірек су ішіңіз, газдалған тәтті сусындарды пайланбаңыз.

Ыстық күні балаларға ерекше назар аударыңыз! Балалар ағзасы қоршаған ортаның жоғары температурасына ерекше сезімтал. Баланың қызып кету белгілері-терінің қызаруы, қызба, жүрек айну, себепсіз қыңырлық, ентігу, құрысулар және талып қалу. Бұл белгілердің алғашқы көріністерінде баладан киімді шешіп, көлденең күйге келтіріп, бүкіл денені дымқыл шүберекпен немесе суға малынған шүберекпен сүртіп, әр 5-10 минут сайын су беру керек. Есін жоғалтқан жағдайда дереу жедел жәрдем шақырыңыз, – делінген хабарламада.
22 views08:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 08:13:43
37 views05:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 08:13:26
37 views05:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 08:13:03 ШЫМКЕНТТЕ БЕСІНШІ АУДАНҒА «ТҰРАН» АТАУЫ БЕРІЛМЕК

Мұны Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Онда күн тәртібіне сәйкес, қала бюджетіне өзгерістер енгізу; бесінші ауданға атау беру мәселесі қаралды.

Шымкент қаласындағы бесінші ауданға атау беру туралы қала әкімі аппаратының басшысы Г. Мауленкулов баяндады. Ол қоғамдық тыңдау өткізіліп, жаңа ауданға «Алаш», «Жібек жолы», «Тұран», «Бадам», «Мәртөбе», «Яссы», «Құрлық» атаулары мен Ш.Қалдаяқов, А.Асқаров, Ж.Тәшенов есімдерін беру бойынша ұсыныс пікірлер түскенін, көпшілік «Тұран» атауын қолдағанын, одан бөлек жергілікті қоғамдастық өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың ұсынымдары да ескерілгенін атап өтті. Нәтижесінде сессия отырысында ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына «Тұран» атауын беру бойынша ұсынысты халық қалаулылары бір ауыздан қолдады.

Сессияда маңызды тарихи шешім қабылданғанын айтқан қала әкімі бесінші аудан құру – уақыт талабы екенін жеткізді.

- Қаламызда халық саны жыл сайын артып, демографиялық өсім жоғарылап келеді. Сондықтан қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастырып, басқару деңгейін және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруымыз қажет. Қаладағы аудандардың шекараларын бөлу қаланың Бас жоспары негізінде әзірленді. Сонымен қатар, 2022 жылға арналған қала бюджет нақтыланды. Қосымша қаржы құрылыс жұмыстарын аяқтауға, қаланың инженерлік-инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болды,- деп сөзін қорытындылады М.Әйтенов.

Жаңадан құрылатын ауданның аумағы 36,3 мың га (қала аумағының 32%), халық саны – 220,7 мың адамды құрайды. Қаланың Бас жоспарына сәйкес аудан аумағында, 2035 жылға дейін 1 175 гектарға 2 325 мың шаршы метр жаңа көпқабатты тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр.
38 viewsedited  05:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 05:44:40
Шымкент қаласы 2022 жылдың 5-ші ақпанынан бастап «жасыл» аймақта. Дегенмен, кейінгі екі аптада коронавирусты инфекция жұқтырғандар саны күрт өскен. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы мәлімдеді. Жалпы 2022 жылдың 1 қаңтары мен 17 шілде аралығында COVID-19 инфекциясымен 7729 жағдай тіркелген, ал соңғы аптада вирус жұқтырғандар саны – 686. Шымкентте короновирустық індеттің таралуына жол бермеу мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
47 views02:44
Ашу / Түсініктеме