Get Mystery Box with random crypto!

Otyrar QAZ

Telegram арнасының логотипі otyrarqaz — Otyrar QAZ O
Telegram арнасының логотипі otyrarqaz — Otyrar QAZ
Арна мекенжайы: @otyrarqaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 484
Арнадан сипаттама

«Отырар TV» телеарнасының Telegram-арнасы.
Шымкент пен Түркістан жаңалықтары, пайдалы ақпарат
WhatsApp: 77479968219
сайт: kz.otyrar.kz
instagram.com/otyrarkz
youtube.com/c/tvotyrar

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-07-26 08:28:35
Шымкентте төбелес кезінде бір адам қайтыс болды

Полицейлер Шымкент қаласының 19 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен бір адамды ұстады. Бұл туралы "Шұғыл шақырылым" бағдарламасының тілшісі хабарлады.

Қылмыс 26 шілдеге қараған түні Қазиев Шынар көшелерінің қиылысында болған.

Оқиға куәгерлері күдіктінің өткір затпен (бұрағыш болуы мүмкін) екі соққы жасағанын айтады.

Алған жарақатынан жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Тәртіп сақшылары күдікті азаматты қолға түсірді. Кейбір мәліметтер бойынша, ол небәрі 17 жаста.

Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.
14 views05:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 03:30:16
Шымкентте 11 мың жас баспана кезегінде тұр. Бұл мегаполисте үйсіз жүргендердің шамамен 5-тен бірі. Сондықтан мемлекет тарапынан 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін азаматтарға сатып алу құқығынсыз баспана беріледі. Билы бұл бағдарлама бойынша үшінші мегаполисте 857 үй беріледі деген жоспар бар. Оның 211-іне өтініш қабылдау 28 шілде басталады.
35 views00:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 03:30:12
Сайрам ауданында саунаға келген жігіттерді аяусыз соққыға жыққан күзет қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Осыдан шамамен 8 ай бұрын Түркістан облысы Сайрам ауданында демалыс кешеніне келген 4 жігітті күзет агенттігінің қызметкерлері тепкіге жығып, салдарынан 27 жастағы азамат есін жимастан қайтыс болған еді. 21 шілде күні оқиғаға қатысты күдіктілерге сот шешімі шықты. Алайда айыпталушылардың үшеуі рақымшылыққа ілініп, жазадан босап үлгерді.
34 views00:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 20:39:23
Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген қаржыны талан-таражға салғандар сотталды. Арыс қаласында әлеуметтік көмекке берілген қаржыны жымқырды деген айыппен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің алты қызметкеріне сот үкімі шықты. Айыпталушылардың қатарында бөлім басшысы да бар. Сондай-ақ, облыстық сот мәліметіне сүйенсек, сотталғандарға пандемия кезінде төтенше жағдай мен шектеу шараларына байланысты азық-түлік пен тұрмыстық қажеттілікке бөлінген қаражатты да жымқырды деген айып тағылған.
11 views17:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 17:11:25
Шымкентте демалыс күндері балалардың қатысуымен екі бірдей жазайтым оқиға орын алды. Бір бала бассейнге құласа, екінші септикке түсіп кеткен. Нақтырақ айтқанда, 23 шілде күні сағат 22-30-да жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 3 жасар бала қаңқалы бассейнге құлап кеткен. Жазатайым оқиға Абай ауданының Қызылжар тұрғын алабында орын алған. Бүлдіршін қалалық балалар ауруханасына жатқызылды, қазір оның жағдайы ауыр, 1 дәрежелі комада жатыр. Сонымен қатар, 24 шілде күні де сағат 00-05-те қалалық ТЖД пультіне хабарлама келіп түскен. Онда Абай ауданы, Самал-3 шағын ауданында жеке тұрғын үй ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала септикке құлап кеткені туралы айтылған. Қазір бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды, жағдайы орташа.
14 views14:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 10:30:37
27 views07:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 08:45:15 Шымкентте ер адам өрт ішінде қалып, қаза тапты

Мұны Отырар ТВ телеарнасының "Шұғыл шақырылым" бағдарламасы тілшісі хабарлады.

Өрт туралы хабарлама 25 шілдеде сағат 00:30-да келіп түскен. Оқиға кезінде Шаумян көшесіндегі тұрғын үй толығымен күлге айналып, шатыры құлады.

Өрт сөндірушілер үйден егесінің денесін алып шықты. Оқиға орнына келген "103" бригадасының дәрігерлері зардап шегушінің қайтыс болғанын анықтады.

Қазір өрт-сынақ зертханасының қызметкерлері өрттің шығу себебін және келтірілген залал көлемін анықтап жатыр.
45 viewsedited  05:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 05:13:53
48 views02:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 14:23:27
Түркістан облысында ҰҚК есірткінің ірі партиясын ұстады

Мұны ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
«2022 жылғы 22 шілдеде ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы «Жібек Жолы» өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін және қызметтік-іздеу итін қолданумен көлік құралын тексеру барысында жасырылған жерден 35 келіге жақын есірткі заттарын тауып, тәркіледі (болжам бойынша «героин»).

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.
16 viewsedited  11:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 13:00:20 Шымкентте 101 және 112 телефондары уақытша істемей тұр Мұны Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы хабарлады. «Техникалық ақаулықтарға байланысты «101» өртке қарсы қызметінің және «112» Құтқару қызетінің телефондары уақытша жұмыс істемей тұр. Төтенше жағдайлар…
22 views10:00
Ашу / Түсініктеме