Get Mystery Box with random crypto!

Otyrar QAZ

Telegram арнасының логотипі otyrarqaz — Otyrar QAZ O
Telegram арнасының логотипі otyrarqaz — Otyrar QAZ
Арна мекенжайы: @otyrarqaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 484
Арнадан сипаттама

«Отырар TV» телеарнасының Telegram-арнасы.
Шымкент пен Түркістан жаңалықтары, пайдалы ақпарат
WhatsApp: 77479968219
сайт: kz.otyrar.kz
instagram.com/otyrarkz
youtube.com/c/tvotyrar

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-07-15 16:48:34
Шымкентте 2025 жылға дейін қанағаттанарлық жолдың үлесі 85 пайызға жетеді. Осылай деген қалалық автомобиль жолдары басқармасының басшысы биыл 190 нысанда жол-құрылысы жүргізілетінін жеткізді. Оның ішінде екі жолайрық бар. Қала кептелісін реттеу мақсатында салынып жатқан жолайрықтар қашан халық игілігіне беріледі?
29 views13:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 10:30:40 Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы қамауға алынды

Мұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығына және ағымдағы жылы өздерінің бақылауындағы фирмаларды қолданып «Аrtsport» платформасы арқылы балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырған басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жүргізуде.
Департамент тергеуінде 10 миллион теңге шамасында «Аrtsport» ақпараттық жүйесі арқылы балалар үйірмелерге қатысқандығы туралы жалған мәліметтерді пайдаланған ұрлаудың екі фактісі бар.

Спорттық мемлекеттік тапсырыс аясында 2022 жылы Шымкент қаласына 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бюджет қаражатын иемдену бойынша ұқсас фактілері қосымша тексерілуде.

Соттың санкциясымен басқарма басшысы қамауға алынды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.
43 viewsedited  07:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 09:23:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды t.me/bort_01
38 views06:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 09:18:19
33 views06:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 08:20:04
Мектеп оқушыларының жазғы демалысы басталғаннан-ақ, сауықтыру лагерлері қызу жұмысқа кірісті. Қазіргі таңда бірнеше маусымды артқа тастаған демалыс орындары тамыз айының ортасына дейін балаларды қабылдайды. Бүлдіршіндердің демалысын тиімді түрде ұйымдастырумен айналысып отырған демеушілер де жоқ емес.
35 views05:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 06:20:51
Шымкентте түнгі уақытта қолында пышағы бар бейтаныс азамат бойжеткенге шабуыл жасады. Оқиға «Нұрсәт» шағынауданында болған. Бойжеткен жеке үйлердің сыртында ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған сәтте ер адам жақындап келіп, пышағын шығарып қорқытқан. Кейін тағы бір қадам басқан кезінде, қыз қорыққанынан айғайлап жіберіпті. Сол сәтте ер адам қашып үлгерген. Аталған оқиға төңіректегі бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Жәбірленуші дереу Қаратау аудандық полициясына арызданыпты. Алайда, тәртіп сақшылары «өзің қысқа киініп алғансың, әрине, кез келген адамның ойы бұзылады, деген сынды уәж айтқан. Қазіргі таңда күдіктіні анықтау және ізтеу шаралары жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті өкілдері хабарлады.
36 views03:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 05:02:16
Түркістанда 16 мал ұрлығына қатысы бар 3 азамат ұсталды. Жалпы келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгеден жоғары. Белгілі болғандай, күдіктілер қылмыс жасау барысында өз рөлдерін алдын ала жоспар бойынша орындаған. Мысалы басты күдікті мал жайылымында қараусыз жүрген жылқы, сиырларды байқаған бойда жүк көлігіне тиеп берген. Содан сыбайласы екеуі ұрланған үй жануарларын сатып алушыларға, қасапшыға арзан бағада өткізіп отырған.
39 views02:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 05:01:19
Шымкентте 1800-ге жуық автобус кондукторы жұмыстан шығарылады. Өйткені, тамыз айының ортасынан бастап қоғамдық көліктерде "кондукторсыз жүйе" енгізілмек. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Жолдасов хабарлады. Сондай-ақ ол алдағы уақытта жолақысын төлемеген азаматтарға да айыппұл салынатынын жеткізді.
39 views02:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 11:21:00 Қазақстан Ұлттық Банкі телефон алаяқтарының көбейгенін ескертеді . Олар өздерін банк қызметкері ретінде таныстыру арқылы қазақстандықтардың дербес деректерін алуға тырысады. «Ұлттық Банктің» атынан күдікті хаттар алсаңыз немесе осыған ұқсас қоңырау қабылдасаңыз бірден құқық қорғау органдарына хабар берген абзал.



35 views08:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 11:02:04 Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kk-tokaevtyn-ukimettin-keneytilgen-otyrysynda-soylegen-sozi-1464514
37 views08:02
Ашу / Түсініктеме