Get Mystery Box with random crypto!

Otyrar QAZ

Telegram арнасының логотипі otyrarqaz — Otyrar QAZ O
Telegram арнасының логотипі otyrarqaz — Otyrar QAZ
Арна мекенжайы: @otyrarqaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 484
Арнадан сипаттама

«Отырар TV» телеарнасының Telegram-арнасы.
Шымкент пен Түркістан жаңалықтары, пайдалы ақпарат
WhatsApp: 77479968219
сайт: kz.otyrar.kz
instagram.com/otyrarkz
youtube.com/c/tvotyrar

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-07-18 16:53:08
Шымкентте 700-ге жуық бала университетке құжат тапсыра алмай жүр. Бірнеше күннен бері әбден әбігерге түстік деген ата-аналары арнамыздан көмек сұрады. Сөзінше, шығармашылық емтихан қабылдаған М.Әуезов атындағы университет "бізде грант жоқ" деген уәж айтқан. Ал өзге оқу орындары, оқушы дәл сол білім ошағында емтихан тапсырмаған соң қабылдай алмаймыз дейді.
32 views13:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 13:18:27
39 views10:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 13:16:37 ӨРТ ІШІНЕН ТУДЫ АЛЫП ШЫҚТЫ

Жұмыспен қамту орталығының қызметкері өрттің ішінен мемлекеттік туды алып шықты.
2022 жылғы 17 шілде күні 13 сағат 38 минут шамасында Сайрам аудандық №6 Өрт сөндіру бөліміне "Сфетафор" супермаркетінің жанып жатқандығы туралы хабар келіп түскен.
Анықталғанындай Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Астана даңғылы №195 мекен-жайда орналасқан ғимараттың шатыры жанған. Ол ғимаратты «Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і жалға алған болып шықты.
Өртке оранған аумақ шамамен 425 шаршы метрді құраған. Өртті сөндіруге 8 дана АЦ (өрт сөндіру авто көліктері) және 37 жеке құрам жұмылдырылды.
Өрт сағат 14: 30 дар шамасында сөндірілді. Оқиғада зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде өрт кезінде, қауіп қатерге қарамай жанып жатқан шатырға шығып мемлекеттік туды шешіп алған азаматтың видеосы тарады.
Белгілі болғанындай ол, Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері болып шықты
38 views10:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 08:34:03 Шымкентте 1 жасар сәби 3-қабаттағы пәтер терезесінен құлап кетті. Жағдайы ауыр.

Мұны Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы хабарлады.

Жедел жәрдем қызметінен баланың құлағаны туралы хабарлама 2022 жылдың 16 шілдесінде сағат 12-30-де келіп түсті. Қаратау ауданы Тұран шағын ауданындағы көп пәтерлі 5 қабатты үйде 2021 жылы туылған сәби үлкендердің қарауынсыз қалып, 3-қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды (жағдайы ауыр). Бүгінгі таңда баланың жағдайы тұрақты. Жыл басынан бері бұл балалардың терезеден құлауының үшінші жағдайы. Барлық жағдайларда балалар жарақат алды.

Құрметті ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыз! Балалар ашық терезеге көтеріле алатын жиһаз бен басқа заттарды терезелердің жанына қоймаңыз.
24 viewsedited  05:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 06:29:28
Шымкентте бойжеткенді пышақпен қорқытқан күдікті қолға түсті.

Әлеуметтік желіде белгісіз азаматтың жас қызды пышақпен қорқытқан бейнежазбасы тараған еді.

Жедел іздестіру жұмысының нәтижесіндебейнекамералардың көмегімен күдіктінің тұрғылықты мекен жайы анықталып, ұсталды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы “бұзақылық” бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
32 views03:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 04:17:14 ШЫМКЕНТТЕ ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫН ЖАСАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Мұны Шымкент қ. ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
17 шілде күні Шымкент қаласы Жиделібайсын көшесі мен Шардара көшесінің қиылысында жол көлік оқиғасы болды.

Белгілі болғандай, “Хова” маркалы автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсі жанғанда рульдік басқару жүйесін игере алмай, тоқтап тұрған 7 автокөліктің артынан соқтығысқан. Апат салдарынан адам шығыны жоқ, тек көліктерге материалдық шығын келтірілген.

Аталған жайтқа қатысты жол апатын жасаған “Хова” жүргізушісіне ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы" бойынша хаттама түзіліп, құжаттар Әкімшілік полиция басқармасына жолданып жатыр.
43 views01:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 13:40:04
13 views10:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 13:40:01
15 views10:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 16:36:27 "Қазгидрометтің" № 10 дауылды ескертуіне сәйкес, Шымкент қаласы ТЖ департаменті 16,17 шілдеде Шымкент қаласында +40 градус қатты ыстық болатынын хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаменті сақтық шараларын еске салады.
Ыстық ауа-райы жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертензиясы бар, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін қауіпті.

Бас киімсіз далаға шықпаңыз, күндіз қарт адамдар мен балалар серуендеуден бас тартқаны жөн.

Физикалық жаттығуларды тоқтату керек.

Созылмалы аурулары бар адамдар дәрігердің ұсыныстарын нақты орындап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет.

Шөлді басу үшін көбірек су ішіңіз, газдалған тәтті сусындарды пайланбаңыз.
Күннің ыстық уақытында күн сәулесі тиюден сақ болу үшін серуендеуден бас тартыңыз.
30 views13:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 18:09:44
Шымкентте 13 шілдеден бастап тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау басталды. Қазірдің өзінді 39 өтініш келіп түсіп, оның он екісі мақұлданған. Биыл қайтарымсыз негізде бастапқы жарнаға қала бюджетінен 500 млн теңге бөлінген болатын. Ал осы сәтті пайдаланған алаяқтар тұрғын үй басқармасының атын жамылып, бірнеше тұрғыннан заңсыз қомақты қаражат алып үлгерген.
25 views15:09
Ашу / Түсініктеме