Get Mystery Box with random crypto!

«Otandastar Qory»

Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory» O
Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory»
Арна мекенжайы: @otandastar
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 300
Арнадан сипаттама

Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 6

2022-07-21 13:22:51 «Отандастар қоры» мен “Ш. Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ Өндіріс жөніндегі вице-президенті Серік Ержанұлы, “Tompaq” ЖШС директоры Нұрлан Тургинбаев арасында онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында балаларға арналған “Tompaq” интерактивті планшетіне қазақ тіліндегі мультфильмдер мен отандық кино өнімдерін енгізіп, шетелдегі қандастарға тарату мәселесі талқыланды. Киноөнім ана тілімізді, мәдениетімізді дәріптеу, насихаттау мен пайдалану көкжиегін кеңейтуде мықты құралға айнала алады. Осы мақсатта «Tompaq» интерактивті планшетінің көмегі зор. Идеяны жүзеге асыру жолдары мен тәсілдері кездесу барысында талқыланып, жоба ретінде алдағы жоспарларға енбек.
__

«Otandastar qory» men “Ş. Aimanov atyndağy “Qazaqfilm” AQ Öndırıs jönındegı vise-prezidentı Serık Erjanūly, “Tompaq” JŞS direktory Nūrlan Turginbaev arasynda onlain kezdesu öttı.
Kezdesu barysynda balalarğa arnalğan “Tompaq” interaktivtı planşetıne qazaq tılındegı mültfilmder men otandyq kino önımderın engızıp, şeteldegı qandastarğa taratu mäselesı talqylandy. Kinoönım ana tılımızdı, mädenietımızdı därıpteu, nasihattau men paidalanu kökjiegın keñeitude myqty qūralğa ainala alady. Osy maqsatta «Tompaq» interaktivtı planşetınıñ kömegı zor. İdeiany jüzege asyru joldary men täsılderı kezdesu barysynda talqylanyp, joba retınde aldağy josparlarğa enbek.
37 views10:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 17:38:04 2022 jylğy19 şılde künı «Otandastar qory» men Resei Federasiasyndağy qazaq mädeni ortalyqtarynyñ ökılderı arasynda «ZOOM» arqyly onlain kezdesu öttı.
Kezdesu barysynda Reseidegı qazaqtardyñ mädeni ortalyqtaryn mädeni-gumanitarlyq qoldau jäne ıskerlık bailanystardy nyğaituğa bağyttalğan türlı ideialar talqylandy. Körşıles jäne dos Resei men Qazaqstan arasynda yntymaqtastyqty odan ärı damytu, türlı salalarda (sport, mädeni-gumanitarlyq, turizm) jobalardy jüzege asyru joldary ūsynyldy.
Onlain şarağa «Etnogarmonia» qorynyñ basşysy, Qazaq etnomädenietın saqtau jäne damytu jönındegı komersialyq emes ūiymdar odağynyñ törağasy, «Jas tūlpar» aimaqtyq qoğamdyq ūiymynyñ bas direktory jäne qūryltaişysy Ğabdylrahym Temırjanūly Älıbekov, «Etnogarmonia» etnomädeni bastamalardy qoldau qorynyñ Qamqorşylyq keñesınıñ törağasy Bolat Önerūly Jamalov, ««Ata-Meken» Sankt-Peterburg qalasy jäne Leningrad oblysynyñ qazaq ūlttyq-mädeni qoğamy» öñıraralyq qoğamdyq bırlestıgınıñ törağasy Älia Qazkenqyzy Kikenova,
«Samara qazaqtary» mädeniet ortalyğy» Samara aimaqtyq qoğamdyq ūiymynyñ törağasy Aigül Narimanqyzy Jälelova, «Astrahän qazaqtary» qazaq ūlttyq-mädeni qoğamynyñ basşysy Daniar Näbiūly İmaşev, «Mäskeu qalasyndağy Qazaq ūlttyq mädeni avtonomiasy»
qoğamdyq ūiymynyñ vise-prezidentı Säule Bolatqyzy Äşırbekova, Saratov aimaqtyq ««Ūlttyq - mädeni ortalyğynyñ» «Povolje qazaqtary qauymdastyğy»» qoğamdyq ūiymynyñ prezidentı
Vladimir Aleksandrovich Taşpekov qatysty.
22 views14:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 17:37:53 2022 жылғы19 шілде күні «Отандастар қоры» мен Ресей Федерациясындағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдері арасында «ZOOM» арқылы онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында Ресейдегі қазақтардың мәдени орталықтарын мәдени-гуманитарлық қолдау және іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған түрлі идеялар талқыланды. Көршілес және дос Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту, түрлі салаларда (спорт, мәдени-гуманитарлық, туризм) жобаларды жүзеге асыру жолдары ұсынылды.
Онлайн шараға «Этногармония» қорының басшысы, Қазақ этномәдениетін сақтау және дамыту жөніндегі коммерциялық емес ұйымдар одағының төрағасы, «Жас тұлпар» аймақтық қоғамдық ұйымының бас директоры және құрылтайшысы Ғабдылрахым Теміржанұлы Әлібеков, «Этногармония» этномәдени бастамаларды қолдау қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Болат Өнерұлы Жамалов, ««Ата-Мекен» Санкт-Петербург қаласы және Ленинград облысының қазақ ұлттық-мәдени қоғамы» өңіраралық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлия Қазкенқызы Кикенова,
«Самара қазақтары» мәдениет орталығы» Самара аймақтық қоғамдық ұйымының төрағасы Айгүл Нариманқызы Жәлелова, «Астрахань қазақтары» қазақ ұлттық-мәдени қоғамының басшысы Данияр Нәбиұлы Имашев, «Мәскеу қаласындағы Қазақ ұлттық мәдени автономиясы»
қоғамдық ұйымының вице-президенті Сәуле Болатқызы Әшірбекова, Саратов аймақтық ««Ұлттық - мәдени орталығының» «Поволжье қазақтары қауымдастығы»» қоғамдық ұйымының президенті
Владимир Александрович Ташпеков қатысты.
14 views14:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 17:37:13
14 views14:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 17:22:41 Gülnara Töleşova Krasnoiarsk (Resei) qalasynda A.Kuznesov atyndağy eñbek jäne kelısım saraiynyñ ūlttyq mädeniettermen jūmys jönındegı bölım basşysy qyzmetın atqarady. Qoğamdyq jūmysqa erte aralasqan ol Krasnoiarsk ölkesındegı qazaq jastarynyñ köşbasşysy retınde tanylyp, etnosaralyq toleranttylyq pen qoğamdyq kelısımnıñ bıregei ülgısın tanytudy maqsat tūtqan. Bır jyl būryn aşylğan «Aq Jaiyq» qazaq ūlttyq-mädeni avtonomiasynyñ negızın qalauşylardyñ bırı. Krasnoiarsk qazaqtarynyñ ruhani-mädeni ortasyn qalyptastyrudy közdep jürgen Gülnaranyñ sūhbaty “TÜRKİSTAN” gazetınde jaryq kördı. Sūhbattyñ tolyq nūsqasyn “Turkystan.kz” saitynan https://turkystan.kz/article/188469-krasnoyarsktegi-kazak-zhastarynyn-koshbasshysy-gulnara/?lng=cir
oqi alasyzdar.
18 views14:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 17:21:34
Гүлнара Төлешова Красноярск (Ресей) қаласында А.Кузнецов атындағы еңбек және келісім сарайының ұлттық мәдениеттермен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы қызметін атқарады. Қоғамдық жұмысқа ерте араласқан ол Красноярск өлкесіндегі қазақ жастарының көшбасшысы ретінде танылып, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің бірегей үлгісін танытуды мақсат тұтқан. Бір жыл бұрын ашылған «Ақ Жайық» қазақ ұлттық-мәдени автономиясының негізін қалаушылардың бірі. Красноярск қазақтарының рухани-мәдени ортасын қалыптастыруды көздеп жүрген Гүлнараның сұхбаты “TÜRKİSTAN” газетінде жарық көрді. Сұхбаттың толық нұсқасын “Turkystan.kz” сайтынан мына сілтеме арқылы https://turkystan.kz/article/188469-krasnoyarsktegi-kazak-zhastarynyn-koshbasshysy-gulnara/?lng=cir
оқи аласыздар.
21 views14:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 15:06:39
70 жыл бұрын Алтайдан Анадолыға қөшкен қандастарымыз айтулы датаға орай Ыстамбұлда мерекелік еске алу басқосуын өткізді. Толығырақ "Хабар24" телеарнасының материалынан көріңіз.
_

70 jyl būryn Altaidan Anadolyğa qöşken qandastarymyz aituly datağa orai Ystambūlda merekelık eske alu basqosuyn ötkızdı. Tolyğyraq "Habar24" telearnasynyñ materialynan körıñız.
25 views12:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 14:52:14 Ресей Федерациясының Омбы қаласында Орталық Азия жастарына арналған халықаралық форум өтуде.

«РИТМ» халықаралық жастар форумына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдің әр аймағынан келген жастар қатысуда.
Аталмыш форум «Отандастар қорының» «Абай үйі» жобасы аясындағы серіктесі «Омбы қазақтары» ұйымының ұсынысымен биыл алғашқы рет халықаралық деңгейде өтуде.
«Отандастар қоры» атынан жобалар координаторы Болат Дидар және баспасөз хатшысы Нұрымжан Қасымұлы спикер ретінде қатысып, Қоғамның жұмыстарымен оның ішінде шетелдегі қазақ жастарына арналған жобаларымен таныстырды.
Форумның алғашқы күні Болат Дидар «Шекаралық ынтымақтастықтың Еуразиялық екпіні» панельдік отырысында Қазақстанға көршілес елдердегі этникалық қазақтармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Сонымен қатар бұл отырысқа Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдықтың бірінші хатшысы Қанатқалиев Серікқали мен Ресей Федерациясының Омбыдағы Сыртқы істер министрлігі өкілі Косинцев Евгений Васильевич қатысты.
__

Resei Federasiasynyñ Omby qalasynda Ortalyq Azia jastaryna arnalğan halyqaralyq forum ötude.

«RİTM» halyqaralyq jastar forumyna Qazaqstan, Özbekstan, Qyrğyzstan jäne Reseidıñ är aimağynan kelgen jastar qatysuda.
Atalmyş forum «Otandastar qorynyñ» «Abai üiı» jobasy aiasyndağy serıktesı «Omby qazaqtary» ūiymynyñ ūsynysymen biyl alğaşqy ret halyqaralyq deñgeide ötude.
«Otandastar qory» atynan jobalar koordinatory Bolat Didar jäne baspasöz hatşysy Nūrymjan Qasymūly spiker retınde qatysyp, Qoğamnyñ jūmystarymen onyñ ışınde şeteldegı qazaq jastaryna arnalğan jobalarymen tanystyrdy.
Forumnyñ alğaşqy künı Bolat Didar «Şekaralyq yntymaqtastyqtyñ Eurazialyq ekpını» paneldık otyrysynda Qazaqstanğa körşıles elderdegı etnikalyq qazaqtarmen jürgızılıp jatqan jūmystar turaly aityp berdı.
Sonymen qatar būl otyrysqa Qazaqstan Respublikasynyñ Omby qalasyndağy Bas konsuldyqtyñ bırınşı hatşysy Qanatqaliev Serıkqali men Resei Federasiasynyñ Ombydağy Syrtqy ıster ministrlıgı ökılı Kosinsev Evgeni Vasilevich qatysty.
31 views11:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 14:51:29
27 views11:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 13:24:07 2022 jylğy 19 şıldede «Otandastar qory» men Resei Federasiasyndağy qazaqtardyñ mädeni ortalyqtarynyñ ökılderı «ZOOM» arqyly onlain kezdestı.

Kezdesu barysynda Reseidegı qazaqtardyñ mädeni ortalyqtary jäne Otandastar qorymen mädeni-gumanitarlyq jäne ıskerlık bailanystardy nyğaituğa bağyttalğan jalpy yntymaqtastyq mäselelerı talqylandy.
Onlain şarağa Samara qalasynyñ «Resei qazaqtarynyñ Federaldy ūlttyq-mädeni avtonomiasy» Jalpy reseilık qoğamdyq ūiymynyñ prezidentı -Düsenbaev Toqtarbai, Tümen oblysy qazaqtarynyñ Ūlttyq mädeni avtonomiasynyñ törağasy - İbraev Esenğali, Orynbor oblysy, «Orynbor aimaqtyq qazaq ūlttyq-mädeni avtonomiasy» QB prezidentı - Balabaev Janabai, Novosıbır aimaqtyq qoğamdyq ūiymy «Otan» Qazaq mädeniet ortalyğy» ökılı - Nastauşeva Orynkül, Qorğan oblysy, Oral halyqtary Asambleiasy tekseru komisiasynyñ törağasy - Oralov Qairat, Saratov oblysy, «DOSTAR» Saratov oblysynyñ sport jäne qazaq mädenietın damytu qory» Basqarma törağasy - Öteşev Erbūlat, Altai aimağy, «Altai Respublikasy qazaqtarynyñ ūlttyq-mädeni avtonomiasy» aimaqtyq qoğamdyq ūiymynyñ jetekşısı - Kuskov Temırbek qatysty.

Kezdesu barysynda körşıles jäne dos Resei men Qazaqstan arasynda yntymaqtastyqty damytuğa, onyñ ışınde sauda-investisialyq, turizm, mädeni-gumanitarlyq salalarda jobalardy jüzege asyru joldary da talqylandy.
39 views10:24
Ашу / Түсініктеме