Get Mystery Box with random crypto!

«Отандастар қоры» мен “Ш. Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ Өнд | «Otandastar Qory»

«Отандастар қоры» мен “Ш. Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ Өндіріс жөніндегі вице-президенті Серік Ержанұлы, “Tompaq” ЖШС директоры Нұрлан Тургинбаев арасында онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында балаларға арналған “Tompaq” интерактивті планшетіне қазақ тіліндегі мультфильмдер мен отандық кино өнімдерін енгізіп, шетелдегі қандастарға тарату мәселесі талқыланды. Киноөнім ана тілімізді, мәдениетімізді дәріптеу, насихаттау мен пайдалану көкжиегін кеңейтуде мықты құралға айнала алады. Осы мақсатта «Tompaq» интерактивті планшетінің көмегі зор. Идеяны жүзеге асыру жолдары мен тәсілдері кездесу барысында талқыланып, жоба ретінде алдағы жоспарларға енбек.
__

«Otandastar qory» men “Ş. Aimanov atyndağy “Qazaqfilm” AQ Öndırıs jönındegı vise-prezidentı Serık Erjanūly, “Tompaq” JŞS direktory Nūrlan Turginbaev arasynda onlain kezdesu öttı.
Kezdesu barysynda balalarğa arnalğan “Tompaq” interaktivtı planşetıne qazaq tılındegı mültfilmder men otandyq kino önımderın engızıp, şeteldegı qandastarğa taratu mäselesı talqylandy. Kinoönım ana tılımızdı, mädenietımızdı därıpteu, nasihattau men paidalanu kökjiegın keñeitude myqty qūralğa ainala alady. Osy maqsatta «Tompaq» interaktivtı planşetınıñ kömegı zor. İdeiany jüzege asyru joldary men täsılderı kezdesu barysynda talqylanyp, joba retınde aldağy josparlarğa enbek.