Get Mystery Box with random crypto!

«Otandastar Qory»

Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory» O
Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory»
Арна мекенжайы: @otandastar
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 300
Арнадан сипаттама

Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 3

2022-07-29 07:40:15
“Отандастар қорының” ұйымдастыруымен 17-28 шілде аралығында өткен 12-17 жастағы шетелдегі қазақ балаларына арналған жазғы лагерь @turkistantvkz телеарнасында
Материалдың толық нұсқасын


сілтемесін басып көре аласыз
_

“Otandastar qorynyñ” ūiymdastyruymen 17-28 şılde aralyğynda ötken 12-17 jastağy şeteldegı qazaq balalaryna arnalğan jazğy lager @turkistantvkz telearnasynda
Materialdyñ tolyq nūsqasyn


sıltemesın basyp köre alasyz
33 views04:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 16:18:51 28 şıldede “Otandastar qorynyñ” Prezidentı Abzal Saparbekūly Türkı akademiasynyñ prezidentı, “Egemen Qazaqstan” JŞS-nyñ Bas direktory Darhan Qydyrälımen kezdestı.
Jyly şyraida ötken äñgıme barysynda yntymaqtastyq qalyptastyru maqsatynda bırlesken bağdarlamalar men şeteldegı belsendı otandastar, elge oralğan qandastar turaly, sonymen qatar mädeniet, öner, ūlttyq qūndylyqtar bağytyndağy sait jäne gazet betterınde arnaiy aidarlar aşuğa, qazaq diasporasyna arnalğan ıs-şaralar jūmysyna aqparattyq qoldaular körsetu üşın jobalar men bağdarlamalar jasauğa kelıstı.
Sonymen qatar, «Otandastar Qory» KeAQ janynan qūrylğan şet elderdegı qazaq tıldı būqaralyq aqparat qūraldarymen aqparat almasuğa, bırlese jobalar jürgızuge, özara yntymaqtastaq ornatyp, arnaiy mamandaryn türlı käsıbi bağyttarda täjıribeden ötkızu jäne şeberlık sağattaryn ūiymdastyru turaly da söz qozğady.
«Basty maqsatymyz – bükıl älem qazaqtaryn tarihi jäne etnikalyq Otany töñıregınde bırıktıru. Negızgı bağyttarymyz – şeteldegı qazaqtardy aqparattyq-konsültasialyq qamtamasyz etu jäne mädeni-gumanitarlyq qoldau. Osy bağytta «Egemen Qazaqstan» respublikalyq gazetımen» ortaqtasa otyryp «Otandastar» degen ataumen 3 aida bır, iağni toqsanda bır şyğatyn jurnal şyğarsaq deimız», dedı A.Saparbekūly.

«Egemen Qazaqstan» respublikalyq gazetı» JŞS Bas direktory Darhan Qydyrälı «Otandastar qory» KeAQ prezidentı Abzal Saparbekūlyna rizaşylyğyn bıldırıp, qordyñ jūmysyna sättılık tıledı. Sondai-aq qandastar mäselesıne «Egemen Qazaqstan» respublikalyq gazetı beijai qaramaitynyn alğa tartyp, elımızdıñ bas gazetınde Özbekstan, Moñğolia, Türkia, Resei jäne İrandağy qandastarymyzğa qatysty materialdar jüielı türde jarialanyp otyratynyn tılge tiek ettı.
Odan bölek Darhan Qydyrälı myrza «Otandastar qoryna» aqparattyq qoldau körsetuge ärdaiym daiyn ekenın, «Egemen Qazaqstan» gazetınde şettegı qandastarğa, elge qonys audaryp kelgen qandastarğa asa köñıl böluge barynşa tyrysatynyn jetkızdı. Şalğaidağy qazaqtarğa qatysty arnaiy materialdar jazylyp, aldağy uaqytta qandastar mäselesın köteretın arnaiy aidar aşuğa da bolatynyn aitty.
Talqylanğan mäselelerge bailanysty taraptar aldağy uaqytqa arnaiy jospar qūryp ekı jaqty memorandumğa qol qoiuğa uağdalasty.
33 views13:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 16:18:02 28 шілдеде “Отандастар қорының” Президенті Абзал Сапарбекұлы Түркі академиясының президенті, “Егемен Қазақстан” ЖШС-ның Бас директоры Дархан Қыдырәлімен кездесті.
Жылы шырайда өткен әңгіме барысында ынтымақтастық қалыптастыру мақсатында бірлескен бағдарламалар мен шетелдегі белсенді отандастар, елге оралған қандастар туралы, сонымен қатар мәдениет, өнер, ұлттық құндылықтар бағытындағы сайт және газет беттерінде арнайы айдарлар ашуға, қазақ диаспорасына арналған іс-шаралар жұмысына ақпараттық қолдаулар көрсету үшін жобалар мен бағдарламалар жасауға келісті.
Сонымен қатар, «Отандастар Қоры» КеАҚ жанынан құрылған шет елдердегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарымен ақпарат алмасуға, бірлесе жобалар жүргізуге, өзара ынтымақтастақ орнатып, арнайы мамандарын түрлі кәсіби бағыттарда тәжірибеден өткізу және шеберлік сағаттарын ұйымдастыру туралы да сөз қозғады.
«Басты мақсатымыз – бүкіл әлем қазақтарын тарихи және этникалық Отаны төңірегінде біріктіру. Негізгі бағыттарымыз – шетелдегі қазақтарды ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету және мәдени-гуманитарлық қолдау. Осы бағытта «Егемен Қазақстан» республикалық газетімен» ортақтаса отырып «Отандастар» деген атаумен 3 айда бір, яғни тоқсанда бір шығатын журнал шығарсақ дейміз», деді А.Сапарбекұлы.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ЖШС Бас директоры Дархан Қыдырәлі «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлына ризашылығын білдіріп, қордың жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ қандастар мәселесіне «Егемен Қазақстан» республикалық газеті бейжай қарамайтынын алға тартып, еліміздің бас газетінде Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Ресей және Ирандағы қандастарымызға қатысты материалдар жүйелі түрде жарияланып отыратынын тілге тиек етті.
Одан бөлек Дархан Қыдырәлі мырза «Отандастар қорына» ақпараттық қолдау көрсетуге әрдайым дайын екенін, «Егемен Қазақстан» газетінде шеттегі қандастарға, елге қоныс аударып келген қандастарға аса көңіл бөлуге барынша тырысатынын жеткізді. Шалғайдағы қазақтарға қатысты арнайы материалдар жазылып, алдағы уақытта қандастар мәселесін көтеретін арнайы айдар ашуға да болатынын айтты.
Талқыланған мәселелерге байланысты тараптар алдағы уақытқа арнайы жоспар құрып екі жақты меморандумға қол қоюға уағдаласты.
37 views13:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 16:17:58
36 views13:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 14:56:11 DAİYNDYQ BÖLIMINE TÜSUŞI QANDASTAR NAZARYNA!

QŪRMETTI JAS QANDAS, QAZAQSTANNYÑ JOĞARY OQU ORYNDARYNDA BILIM ALĞYÑ KELE ME?

Qazaqstannyñ Joğary oqu oryndaryna tüsuge 9 ai boiy daiyndaityn “Daiyndyq bölımderıne” qūjat tapsyru 2022 jylğy 5 tamyzdan 5 qyrküiek aralyğynda bolady. Qūjat tapsyru ONLAİN FORMATTA https://enic-kazakhstan.edu.kz saity arqyly jüzege asyrylady.
Qajettı qūjattar:
1. Ötınış;
2. Pasport;
3. Atestat (qazaq nemese orys, ağylşyn tılınde notarialdy rastalğan bolu kerek);
4. Qazaq ekenın däleldeitın qūjat;
5. 0-75 medisinalyq anyqtama.
——-
ВНИМАНИЕ ТЕХ, КТО ИЗ КАНДАСОВ ПОСТУПАЕТ В ПОДГОТОВИТЕЛЬНОЕ ОТДЕЛЕНИЕ!

УВАЖАЕМЫЙ МОЛОДОЙ КАНДАС, ВЫ ХОТИТЕ ПОЛУЧИТЬ ОБРАЗОВАНИЕ В ВУЗЕ КАЗАХСТАНА?

Подача документов на «Подготовительные отделения», которые готовят к поступлению в высшие учебные заведения в течение 9 месяцев, будет проходить с 5 августа по 5 сентября 2022 года. Подача документов осуществляется ОНЛАЙН через https://enic-kazakhstan.edu.kz.
Необходимые документы:
1. Заявление;
2. Паспорт;
3. Сертификат (казахский или русский, должен быть нотариально заверен на английском языке);
4. Документ, подтверждающий, что он казах;
5. Медицинская справка 0-75.
38 views11:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 14:56:02
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНЕ ТҮСУШІ ҚАНДАСТАР НАЗАРЫНА!

ҚҰРМЕТТІ ЖАС ҚАНДАС, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ АЛҒЫҢ КЕЛЕ МЕ?

Қазақстанның Жоғары оқу орындарына түсуге 9 ай бойы дайындайтын “Дайындық бөлімдеріне” құжат тапсыру 2022 жылғы 5 тамыздан 5 қыркүйек аралығында болады. Құжат тапсыру ОНЛАЙН ФОРМАТТА https://enic-kazakhstan.edu.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар:
1. Өтініш;
2. Паспорт;
3. Аттестат (қазақ немесе орыс, ағылшын тілінде нотариалды расталған болу керек);
4. Қазақ екенін дәлелдейтін құжат;
5. 0-75 медициналық анықтама.
40 views11:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 15:36:41
26 шілдеде «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы мен баспасөз хатшысы Нұрымжан Қасымұлы Turkistan Media Holding бас директоры –Жанахмет Жәнібекұлы Ағыбаев және маркетинг директоры Самат Сүлеймен ZOOM арқылы онлайн кездесті.
Кездесу барысында қор мен «TURKISTAN» телеарнасына түркітілдес халықтарға ортақ бағдарлама әзірлеу, телеарнаға шетелдегі қандастарға арнап тұрақты бағдарлама жасау мәселесі қозғалды. Жобаларды ақпараттық қолдау мен алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасау жоспарланды.
___
26 şıldede «Otandastar qory» KeAQ prezidentı Abzal Saparbekūly men baspasöz hatşysy Nūrymjan Qasymūly Turkistan Media Holding bas direktory –Janahmet Jänıbekūly Ağybaev jäne marketiñ direktory Samat Süleimen ZOOM arqyly onlain kezdestı.
Kezdesu barysynda qor men «TURKISTAN» telearnasyna türkıtıldes halyqtarğa ortaq bağdarlama äzırleu, telearnağa şeteldegı qandastarğa arnap tūraqty bağdarlama jasau mäselesı qozğaldy. Jobalardy aqparattyq qoldau men aldağy uaqytta bırlese jūmys jasau josparlandy.
29 views12:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 15:08:58 2022 жылғы 26 шілдеде «Отандастар қоры» мен Ресей Федераиясындағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдері арасында «ZOOM» арқылы онлайн кездесу өтті.
Кездесулер барысында Ресейдегі қазақтардың мәдени орталықтарын гуманитарлық қолдау және іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған түрлі идеялар талқыланды. Шекаралас Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту, жобаларды бірлесе жүзеге асыру жолдары мен қазақ мәдени ұйымдарымен қор арасындағы серіктестікті жүйелеу әдістері ұсынылды.

Жиналысқа ««Арман» Красноярск өлкесінің аймақтық Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы» ҚБ құрылтайшысының бірі Нариман Алексеевич Бекқұлов, «Томирис» продюсерлік орталығының директоры және негізін қалаушы, Мәскеу Үкіметі жанындағы ұлттар істері жөніндегі Кеңесінің мүшесі Дәмелі Сулейменқызы Тасмағамбетова, «Волгоград облысының ұлттық-мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымының төрағасы Айболат Қабибуллаұлы Ахметов, Магнитогорск қаласы «Достар» қазақ мәдени-сауықтыру ұйымының басшысы Жанна Сәлтекқызы Жақаева, Мәскеу қ. «Астана» халықтар мен ұлттық мәдениеттер достығын дамытуға арналған қорының құрылтайшысының бірі Баян Құрманбекқызы Нұрсапарова, Красноярск (Ресей) қаласында «Ақ Жайық» қазақ ұлттық-мәдени автономиясының негізін қалаушы Гүлнар Ғарифқызы Төлешова, «Мөлдір» Сібір қазақ мәдениеті орталығы Кеңесінің төрағасы Әсел Бауыржанқызы Кәрімова қатысты.
__

2022 jylğy 26 şıldede «Otandastar qory» men Resei Federaiasyndağy qazaq mädeni ortalyqtarynyñ ökılderı arasynda «ZOOM» arqyly onlain kezdesu öttı.
Kezdesuler barysynda Reseidegı qazaqtardyñ mädeni ortalyqtaryn gumanitarlyq qoldau jäne ıskerlık bailanystardy nyğaituğa bağyttalğan türlı ideialar talqylandy. Şekaralas Resei men Qazaqstan arasynda yntymaqtastyqty odan ärı damytu, jobalardy bırlese jüzege asyru joldary men qazaq mädeni ūiymdarymen qor arasyndağy serıktestıktı jüieleu ädısterı ūsynyldy.

Jinalysqa ««Arman» Krasnoiarsk ölkesınıñ aimaqtyq Qazaq ūlttyq-mädeni avtonomiasy» QB qūryltaişysynyñ bırı Nariman Alekseevich Bekqūlov, «Tomiris» prodüserlık ortalyğynyñ direktory jäne negızın qalauşy, Mäskeu Ükımetı janyndağy ūlttar ısterı jönındegı Keñesınıñ müşesı Dämelı Suleimenqyzy Tasmağambetova, «Volgograd oblysynyñ ūlttyq-mädeni avtonomiasy» qoğamdyq ūiymynyñ törağasy Aibolat Qabibullaūly Ahmetov, Magnitogorsk qalasy «Dostar» qazaq mädeni-sauyqtyru ūiymynyñ basşysy Janna Sältekqyzy Jaqaeva, Mäskeu q. «Astana» halyqtar men ūlttyq mädenietter dostyğyn damytuğa arnalğan qorynyñ qūryltaişysy bırı Baian Qūrmanbekqyzy Nūrsaparova, Krasnoiarsk (Resei) qalasynda «Aq Jaiyq» qazaq ūlttyq-mädeni avtonomiasynyñ negızın qalauşy Gülnar Ğarifqyzy Töleşova, «Möldır» Sıbır qazaq mädenietı ortalyğy Keñesınıñ törağasy Äsel Bauyrjanqyzy Kärımova qatysty.
32 views12:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 15:08:33
31 views12:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 14:55:01
"Қандаспен келген қазына" жобасының кезекті спикері Моңғолиядан оралған қандасымыз, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы РҚБ Павлодар облыстық филиалының жетекшісі, Отандастар қорының фронт-кеңсе сарапшысы - Болат Зауыт.

Сұхбаттың толық нұсқасын

арқылы көре аласыз.
35 views11:55
Ашу / Түсініктеме