Get Mystery Box with random crypto!

«Otandastar Qory»

Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory» O
Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory»
Арна мекенжайы: @otandastar
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 300
Арнадан сипаттама

Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 9

2022-07-14 14:31:40 Қ.Тоқаев: «Біз тарихи Отанына оралған қандастарды толық қолдаймыз»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен

«Біз тарихи Отанына оралған қандастарды толық қолдаймыз. Бірақ, тек Маңғыстау өңірімен шектелуге болмайды. Басқа облыстарға, соның ішінде өндірісі дамыған аймақтарға қоныстануға болады. Біз қажетті жағдайды жасауға дайынбыз.
Қазіргі заманда өңірлерде, елдерде, тіпті, құрлықтарда жұмыс күшінің көші-қоны жүріп жатыр. Бұл заңды құбылысқа айналды. Осы үрдіске біздің азаматтар да үйренуі керек. Көрші елдердің азаматтары бұл жағдайға жақсы бейімделді. Біз қандастарымыздың барлық салада, соның ішінде мемлекеттік қызметте жұмыс істегенін қалаймыз. Олар Жаңа Қазақстанды құруға өз үлесін қосады деп сенемін» - деді Президент өз сөзінде.
___

Q.Toqaev: «Bız tarihi Otanyna oralğan qandastardy tolyq qoldaimyz»

Memleket basşysy Qasym-Jomart Toqaevtyñ Ükımettıñ keñeitılgen otyrysynda söilegen sözınen

«Bız tarihi Otanyna oralğan qandastardy tolyq qoldaimyz. Bıraq, tek Mañğystau öñırımen şekteluge bolmaidy. Basqa oblystarğa, sonyñ ışınde öndırısı damyğan aimaqtarğa qonystanuğa bolady. Bız qajettı jağdaidy jasauğa daiynbyz.
Qazırgı zamanda öñırlerde, elderde, tıptı, qūrlyqtarda jūmys küşınıñ köşı-qony jürıp jatyr. Būl zañdy qūbylysqa ainaldy. Osy ürdıske bızdıñ azamattar da üirenuı kerek. Körşı elderdıñ azamattary būl jağdaiğa jaqsy beiımdeldı. Bız qandastarymyzdyñ barlyq salada, sonyñ ışınde memlekettık qyzmette jūmys ıstegenın qalaimyz. Olar Jaña Qazaqstandy qūruğa öz ülesın qosady dep senemın» - dedı Prezident öz sözınde.

#президент#отандастар#қандастар#отандастарқоры#қолдау#отан
67 views11:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 14:31:35
62 views11:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 17:00:44 13 шілде күні «Отандастар қоры» мен шет елдегі«Аbai» мәдени-іскерлік үйінің өкілдері «ZOOM» арқылы онлайн кездесті.
«Abai Uii» МІҮ шетелдегі қазақ ұлттық-мәдени орталықтарын бірыңғай желіге шоғырландыру мақсатында «Отандастар қорының» қолдауымен 2019 жылдан бастап құрыла бастаған еді.

Кездесу барысында алыс-жақын шет елдердегі қазақ диаспоралары және отандастармен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған түрлі жобалар талқыланды.
Онлайн шараға «Abai Uii»-нің 5 елдегі өкілдері, атап айтқанда, Қырғызстаннан Гүлшат Қадырқызы, Өзбекстаннан Серікбай Назарұлы, Ресейден Қуаныш Жолдасбекұлы, Германиядан Галина Нуркеновна, Түркиядан Ертолқын Гайретуллах қатысты.
___

13 şılde künı «Otandastar qory» men şet eldegı«Abai» mädeni-ıskerlık üiınıñ ökılderı «ZOOM» arqyly onlain kezdestı.
«Abai Uii» MIÜ şeteldegı qazaq ūlttyq-mädeni ortalyqtaryn bıryñğai jelıge şoğyrlandyru maqsatynda «Otandastar qorynyñ» qoldauymen 2019 jyldan bastap qūryla bastağan edı.

Kezdesu barysynda alys-jaqyn şet elderdegı qazaq diasporalary jäne otandastarmen mädeni-gumanitarlyq jäne ıskerlık bailanystardy nyğaituğa bağyttalğan türlı jobalar talqylandy.
Onlain şarağa «Abai Uii»-nıñ 5 eldegı ökılderı, atap aitqanda, Qyrğyzstannan Gülşat Qadyrqyzy, Özbekstannan Serıkbai Nazarūly, Reseiden Quanyş Joldasbekūly, Germaniadan Galina Nurkenovna, Türkiadan Ertolqyn Gairetullah qatysty.

#отандастар#қандастар#шетелдегіқазақтар#абайүйі#отандастарқоры#анатілі
29 views14:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 11:25:08 Отандастар қорында биыл екі үлкен өзгеріс болған еді, оның бірі Қоғамның Ақпараттық қоғамдық даму министрлігінен толық ҚР Сыртқы істер министрлігіне көшуі. Яғни бүгінде Отандастар қорының 100 пайыз акционері Сыртқы істер министрлігі. Екінші өзгеріс Қоғамның басшысының ауысуы. Бүгінде Отандастар қорының президенті бұған дейін Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған, белгілі дипломат Абзал Сапарбекұлы.

Отандастар қорында ҚР СІМ-не ауысқанына байланысты қандай өзгерістер болды? Қоғам қандай мақсатта қызмет атқаруда?
Отандастар қорының жұмысы және келешек жоспарлары қандай?
Осы және басқа да сауалымызға "Қандастар" хабарында қонақта болған «Отандастар Қоры»КеАҚ Президенті - Абзал Сапарбекұлы жауап берді. @abzalsaparbekuly

Сұхбаттың толық нұсқасын

https://qazradio.fm/kz/audios/53433
сілтемесіне өтіп тыңдай аласыз
@qazradio.fm
___

Otandastar qorında byıl eki ülken özgeris bolğan edı, onyñ bırı Qoğamnyñ Aqparattyq qoğamdyq damu ministrlıgınen tolyq QR Syrtqy ıster ministrlıgıne köşuı. İağni bügınde Otandastar qorynyñ 100 paiyz aksionerı Syrtqy ıster ministrlıgı. Ekınşı özgerıs Qoğamnyñ basşysynyñ auysuy. Bügınde Otandastar qorynyñ prezidentı būğan deiın Qazaqstan Respublikasynyñ Türkiadağy Tötenşe jäne ökılettı elşısı qyzmetın atqarğan, belgılı diplomat Abzal Saparbekūly.

Otandastar qorynda QR SIM-ne auysqanyna bailanysty qandai özgerıster boldy? Qoğam qandai maqsatta qyzmet atqaruda?
Otandastar qorynyñ jūmysy jäne keleşek josparlary qandai?
Osy jäne basqa da saualymyzğa "Qandastar" habarynda qonaqta bolğan «Otandastar Qory»KeAQ Prezidentı - Abzal Saparbekūly jauap berdı.
Sūhbattyñ tolyq nūsqasyn tömendegi sıltemege ötıp tıñday alasız. @abzalsaparbekuly

Sūhbattyñ tolyq nūsqasyn

https://qazradio.fm/kz/audios/53433 sıltemesıne ötıp tyñdai alasyz.
@qazradio.fm

#otandastarqory#отандастар#ақпарат#қандастар#қазақрадиосы
48 views08:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 11:24:26
43 views08:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 11:22:29 Германияда туып-өскен Әли Бөкейхан - кәсіби регбиші, Түркияның ұлттық құрамасында ойнайды. Спортта түрлі жетістіке жеткен қандасымыз жақында Қазақстанға келіп, "Отандастар қорының" ұйымдастыруымен Семейде өткен "Киелі Қазақстан" жобасына қатысқан еді. Спортқа келу жолы, елге келгендегі сезімі мен туған жері туралы сұхбаты "Түркістан" халықаралық газетінде жарияланды. @turkistan_gazeti. Сұхбаттың толық нұсқасын https://turkystan.kz/article/187597-turkiyanyn-ulttyk-kuramasyndagy-eli-bokeyhan/ оқи аласыз
__

Germanyada tuıp-ösken Äly Bökeyhan - käsiby regbyşi, Türkyanıñ ūlttıq qūramasında oynaydı. Sportta türli jetistikke jetken qandasımız jaqında Qazaqstanğa kelip, "Otandastar qorı" ūyımdastıruımen Semeyde ötken "Kyeli Qazaqstan" jobasına qatısqan edi. Sportqa kelu jolı, elge kelgendegi sezimi men tuğan jeri turalı sūhbatı "Türkistan" halıqaralıq gazetinde jaryalandı. Sūhbattıñ tolıq nūsqasın https://turkystan.kz/article/187597-turkiyanyn-ulttyk-kuramasyndagy-eli-bokeyhan/ oqy alasız.
43 views08:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 11:22:17
45 views08:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 15:35:32 2022 jılğı 13-20 şilde aralığında ŪBT tapsırğan qandastarğa grantqa qūjattar qabıldau bastaladı.

Qajetti qūjattar tizimi:
1) Atestat (Dyplom), (qajet bolğan jağdayda notaryaldı kuälandırılğan qazaq nemese orıs tilindegi audarması. Tūratın eliñizde jasay alasız);
2) Jeke basın kuälandıratın qūjat (pasport), sonday-aq bar bolğan jağdayda ıqtyarhattıñ köşirmesi (qajet bolğan jağdayda notaryaldı kuälandırılğan qazaq nemese orıs tilindegi audarması). (Tūratın eliñizde jasay alasız);
3) 3x4 ölşemdi elektrondı foto;
4) № QR DSM-175/2020 būyrığımen bekitilgen Elektrondıq formatta 075/e nısanı boyınşa Medysynalıq anıqtama;
5) Qazaq ekeniñ rastaytın anıqtama (qūjat);
6) Papka (skorosşyvatel);
7) 2 fayl

Tolıq aqparat bizdiñ resmy saytımızda:https: //www.oq.gov.kz/
Qosymşa mälimet alu üşin öziñiz tañdağan unyversytetke tikeley habarlasıñız.
(Baylanıs nömiri resmy sayttarında körsetılgen)
Bizdiñ baylanıs ortalığımız - 1404
34 views12:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 15:35:22 2022 жылғы 13-20 шілде аралығында ҰБТ тапсырған қандастарға грантқа құжаттар қабылдау басталады.

Қажетті құжаттар тізімі:
1) Аттестат (Диплом), (қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы. Тұратын еліңізде жасай аласыз);
2) Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт), сондай-ақ бар болған жағдайда ықтиярхаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы). (Тұратын еліңізде жасай аласыз);
3) 3x4 өлшемді электронды фото;
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Электрондық форматта 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама;
5) Қазақ екенің растайтын анықтама (құжат);
6) Папка (скоросшиватель);
7) 2 файл
Толық ақпарат біздің ресми сайтымызда: https://www.oq.gov.kz/
Қосымша мәлімет алу үшін өзіңіз таңдаған университетке тікелей хабарласыңыз.
(Байланыс нөмірі ресми сайттарында көрсетілген)
Біздің байланыс орталығымыз - 1404
34 views12:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 15:35:12
32 views12:35
Ашу / Түсініктеме