Get Mystery Box with random crypto!

Ресей Федерациясының Омбы қаласында Орталық Азия жастарына арн | «Otandastar Qory»

Ресей Федерациясының Омбы қаласында Орталық Азия жастарына арналған халықаралық форум өтуде.

«РИТМ» халықаралық жастар форумына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдің әр аймағынан келген жастар қатысуда.
Аталмыш форум «Отандастар қорының» «Абай үйі» жобасы аясындағы серіктесі «Омбы қазақтары» ұйымының ұсынысымен биыл алғашқы рет халықаралық деңгейде өтуде.
«Отандастар қоры» атынан жобалар координаторы Болат Дидар және баспасөз хатшысы Нұрымжан Қасымұлы спикер ретінде қатысып, Қоғамның жұмыстарымен оның ішінде шетелдегі қазақ жастарына арналған жобаларымен таныстырды.
Форумның алғашқы күні Болат Дидар «Шекаралық ынтымақтастықтың Еуразиялық екпіні» панельдік отырысында Қазақстанға көршілес елдердегі этникалық қазақтармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Сонымен қатар бұл отырысқа Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдықтың бірінші хатшысы Қанатқалиев Серікқали мен Ресей Федерациясының Омбыдағы Сыртқы істер министрлігі өкілі Косинцев Евгений Васильевич қатысты.
__

Resei Federasiasynyñ Omby qalasynda Ortalyq Azia jastaryna arnalğan halyqaralyq forum ötude.

«RİTM» halyqaralyq jastar forumyna Qazaqstan, Özbekstan, Qyrğyzstan jäne Reseidıñ är aimağynan kelgen jastar qatysuda.
Atalmyş forum «Otandastar qorynyñ» «Abai üiı» jobasy aiasyndağy serıktesı «Omby qazaqtary» ūiymynyñ ūsynysymen biyl alğaşqy ret halyqaralyq deñgeide ötude.
«Otandastar qory» atynan jobalar koordinatory Bolat Didar jäne baspasöz hatşysy Nūrymjan Qasymūly spiker retınde qatysyp, Qoğamnyñ jūmystarymen onyñ ışınde şeteldegı qazaq jastaryna arnalğan jobalarymen tanystyrdy.
Forumnyñ alğaşqy künı Bolat Didar «Şekaralyq yntymaqtastyqtyñ Eurazialyq ekpını» paneldık otyrysynda Qazaqstanğa körşıles elderdegı etnikalyq qazaqtarmen jürgızılıp jatqan jūmystar turaly aityp berdı.
Sonymen qatar būl otyrysqa Qazaqstan Respublikasynyñ Omby qalasyndağy Bas konsuldyqtyñ bırınşı hatşysy Qanatqaliev Serıkqali men Resei Federasiasynyñ Ombydağy Syrtqy ıster ministrlıgı ökılı Kosinsev Evgeni Vasilevich qatysty.