Get Mystery Box with random crypto!

2022 жылғы19 шілде күні «Отандастар қоры» мен Ресей Федерацияс | «Otandastar Qory»

2022 жылғы19 шілде күні «Отандастар қоры» мен Ресей Федерациясындағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдері арасында «ZOOM» арқылы онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында Ресейдегі қазақтардың мәдени орталықтарын мәдени-гуманитарлық қолдау және іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған түрлі идеялар талқыланды. Көршілес және дос Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту, түрлі салаларда (спорт, мәдени-гуманитарлық, туризм) жобаларды жүзеге асыру жолдары ұсынылды.
Онлайн шараға «Этногармония» қорының басшысы, Қазақ этномәдениетін сақтау және дамыту жөніндегі коммерциялық емес ұйымдар одағының төрағасы, «Жас тұлпар» аймақтық қоғамдық ұйымының бас директоры және құрылтайшысы Ғабдылрахым Теміржанұлы Әлібеков, «Этногармония» этномәдени бастамаларды қолдау қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Болат Өнерұлы Жамалов, ««Ата-Мекен» Санкт-Петербург қаласы және Ленинград облысының қазақ ұлттық-мәдени қоғамы» өңіраралық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлия Қазкенқызы Кикенова,
«Самара қазақтары» мәдениет орталығы» Самара аймақтық қоғамдық ұйымының төрағасы Айгүл Нариманқызы Жәлелова, «Астрахань қазақтары» қазақ ұлттық-мәдени қоғамының басшысы Данияр Нәбиұлы Имашев, «Мәскеу қаласындағы Қазақ ұлттық мәдени автономиясы»
қоғамдық ұйымының вице-президенті Сәуле Болатқызы Әшірбекова, Саратов аймақтық ««Ұлттық - мәдени орталығының» «Поволжье қазақтары қауымдастығы»» қоғамдық ұйымының президенті
Владимир Александрович Ташпеков қатысты.