Get Mystery Box with random crypto!

2022 жылғы 26 шілдеде «Отандастар қоры» мен Ресей Федераиясынд | «Otandastar Qory»

2022 жылғы 26 шілдеде «Отандастар қоры» мен Ресей Федераиясындағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдері арасында «ZOOM» арқылы онлайн кездесу өтті.
Кездесулер барысында Ресейдегі қазақтардың мәдени орталықтарын гуманитарлық қолдау және іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған түрлі идеялар талқыланды. Шекаралас Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту, жобаларды бірлесе жүзеге асыру жолдары мен қазақ мәдени ұйымдарымен қор арасындағы серіктестікті жүйелеу әдістері ұсынылды.

Жиналысқа ««Арман» Красноярск өлкесінің аймақтық Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы» ҚБ құрылтайшысының бірі Нариман Алексеевич Бекқұлов, «Томирис» продюсерлік орталығының директоры және негізін қалаушы, Мәскеу Үкіметі жанындағы ұлттар істері жөніндегі Кеңесінің мүшесі Дәмелі Сулейменқызы Тасмағамбетова, «Волгоград облысының ұлттық-мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымының төрағасы Айболат Қабибуллаұлы Ахметов, Магнитогорск қаласы «Достар» қазақ мәдени-сауықтыру ұйымының басшысы Жанна Сәлтекқызы Жақаева, Мәскеу қ. «Астана» халықтар мен ұлттық мәдениеттер достығын дамытуға арналған қорының құрылтайшысының бірі Баян Құрманбекқызы Нұрсапарова, Красноярск (Ресей) қаласында «Ақ Жайық» қазақ ұлттық-мәдени автономиясының негізін қалаушы Гүлнар Ғарифқызы Төлешова, «Мөлдір» Сібір қазақ мәдениеті орталығы Кеңесінің төрағасы Әсел Бауыржанқызы Кәрімова қатысты.
__

2022 jylğy 26 şıldede «Otandastar qory» men Resei Federaiasyndağy qazaq mädeni ortalyqtarynyñ ökılderı arasynda «ZOOM» arqyly onlain kezdesu öttı.
Kezdesuler barysynda Reseidegı qazaqtardyñ mädeni ortalyqtaryn gumanitarlyq qoldau jäne ıskerlık bailanystardy nyğaituğa bağyttalğan türlı ideialar talqylandy. Şekaralas Resei men Qazaqstan arasynda yntymaqtastyqty odan ärı damytu, jobalardy bırlese jüzege asyru joldary men qazaq mädeni ūiymdarymen qor arasyndağy serıktestıktı jüieleu ädısterı ūsynyldy.

Jinalysqa ««Arman» Krasnoiarsk ölkesınıñ aimaqtyq Qazaq ūlttyq-mädeni avtonomiasy» QB qūryltaişysynyñ bırı Nariman Alekseevich Bekqūlov, «Tomiris» prodüserlık ortalyğynyñ direktory jäne negızın qalauşy, Mäskeu Ükımetı janyndağy ūlttar ısterı jönındegı Keñesınıñ müşesı Dämelı Suleimenqyzy Tasmağambetova, «Volgograd oblysynyñ ūlttyq-mädeni avtonomiasy» qoğamdyq ūiymynyñ törağasy Aibolat Qabibullaūly Ahmetov, Magnitogorsk qalasy «Dostar» qazaq mädeni-sauyqtyru ūiymynyñ basşysy Janna Sältekqyzy Jaqaeva, Mäskeu q. «Astana» halyqtar men ūlttyq mädenietter dostyğyn damytuğa arnalğan qorynyñ qūryltaişysy bırı Baian Qūrmanbekqyzy Nūrsaparova, Krasnoiarsk (Resei) qalasynda «Aq Jaiyq» qazaq ūlttyq-mädeni avtonomiasynyñ negızın qalauşy Gülnar Ğarifqyzy Töleşova, «Möldır» Sıbır qazaq mädenietı ortalyğy Keñesınıñ törağasy Äsel Bauyrjanqyzy Kärımova qatysty.