Get Mystery Box with random crypto!

Әбу әл-Жағд ад-Дамрийден (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Пайға | NURLY.ISLAM

Әбу әл-Жағд ад-Дамрийден (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Пайғамбарымыз (ﷺ):

«Кiмде-кiм жұма намазын үш рет себепсiз (елемей) қалдырса, Алла оның жүрегiн мөрлеп қояды»,– деген.

Адамның жүрегі мөрленсе, оған бірде-бір жақсылық кірмейтін болып қалады. Ондай адамдар жақсылық істеуді де, жақсылықтың не екенін де білмейді. Ол өзі үшін және отбасы мен қоғам үшін де зиян келтіріп, айналасына қауіп төндіреді. Бұл – үлкен апат.

Жұма намаз оқитын мұсыл-мандары көп болған қоғамда жақсылық та мол болады. Жұма намаз оқымайтын мұсылмандар көбейген ортаға әртүрлі жамандықтар мен қиыншылық тез көбейе бастайды.

Тирмизи мен Ахмад жеткізген