Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИС: Ибн Масғуд (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи у | NURLY.ISLAM

ХАДИС:

Ибн Масғуд (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, шыншылдық ізгілікке, ал ізгілік жұмаққа жетелейді. Кісі әрдайым шыншыл болып, оны өмірлік ұстанымына айналдырса, Аллаһтың құзырында турашыл деп жазылады. Суайттық азғындыққа, ал азғындық тозаққа жетелейді. Кісі үнемі жалған сөйлеп, өтірік айтуға әуестенсе, ақырында, Аллаһтың құзырында өтірікші кәззап деп жазылады», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, әдәб 69; Муслим, бирр 103).