Get Mystery Box with random crypto!

Аллаһ елшісі ﷺ жасы 12ге келген кезде Әбу Толиб Шамға (қазір | NURLY.ISLAM

Аллаһ елшісі ﷺ жасы 12ге келген кезде Әбу Толиб Шамға (қазіргі Сирияға) сапарға шығуды көздеді. Осы хабар, көкесінен ажырап қалатындығы Мухаммадке (ﷺ) ауыр тиді. Сосын, Әбу Толибтің жаны ашып, сапарға өзімен бірге алып кетуді жөн көреді. Бұл Аллаһ елшісінің ﷺ ең бірінші сапары еді. Керуенде келе жатқып, Бусроға жеткен кезде оларға ар- Рохиб Бахира (Бахира деген монах) келіп, осы заманда арабтардың арасынан пайғамбардың шығу керектігі/шығатындығы туралы сөз қозғайды. Ақырзаман жақындаған уақыт туралы христиандар мен яһудилердің жазбаларына (Інжілде, Тәуратта) көп айтылғанын айтады. Оған арабтар әлі елшінің шықпағаны туралы айтады.
فَلَمَّا جَاءَهُم مَّا عَرَفُوا كَفَرُوا بِهِ فَلَعْنَةُ اللَّـهِ عَلَى الْكَافِرِينَ
(Бақара сүресінің 89шы аяты)


Нур-уль йақин фи сирати сәййд әль мурсәлин, 12ші бет