Get Mystery Box with random crypto!

ХАДИС: Әбу Саид Мәлик ибн Синан әл-Худри (Аллаһ олардан разы | NURLY.ISLAM

ХАДИС:

Әбу Саид Мәлик ибн Синан әл-Худри (Аллаһ олардан разы болсын): «Бірде Аллаһ елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ансардан бір топ адам бұйымтайын айтып еді, сұрағандарын берді. Олар араға біраз уақыт салып тағы сұрады. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл жолы да олардың бетін қайтармай, қолындағы барын ұстатты. Қолындағы бар дүниесі таусылған соң оларға: «Қолымдағы барымды сендерден аямаймын. (Бірақ, айтарым) кімде-кім өзгеге қол жайып қайыр тілеуден арын сақтаса, Аллаһ оны арлы, әрі абыройлы қылады.
Кімде-кім ел-жұртқа зәрулік танытпаса, Аллаһ оның күнін ешкімге қаратпайды. Ал кімде-кім сабырлы болуға тырысса, Аллаһ оған түгесілмес сабыр береді.
Ешбір жанға сабырлылықтан да үлкен әрі қайырлы сый нәсіп етілмеген», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, зәкәт 50; Муслим, зәкәт 124).