Get Mystery Box with random crypto!

NURLY.ISLAM

Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM N
Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM
Арна мекенжайы: @nurlyislam
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.09K
Арнадан сипаттама

🌙Ислам діні
👑Әбу Ханифа мазхабы
🇰🇿Қмдб Ұстаздары
📸Ой саларлық суреттер
🎥Пайдалы бейнежазбалар

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2022-01-21 15:53:00 -Уа,Алланың елшісі!Тәбеті бола тұра”Тәбетім жоқ”десе өтірік айтқан бола ма?-деп сұрады Әсма.
Әрқашан да ақиқаттың жаршысы болған Пайғамбарымыз(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
-Иә,айтылған өтірік өтірік болып жазылса,кішкентай өтірікте өтірік болып жазылады,-деді

Барша мұсылманның ардақты анасы-әзірет Айша кітабынан
687 views12:53
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 09:29:06 ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім күн батыстан шыққанға (6) дейін тәубе ететін болса, Аллаһ тағала оның тәубесін қабыл етеді», – деп айтты», – деген.

(Муслим, зикр 43).

(6) Қиямет-қайым орнағанға дейін
517 views06:29
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 06:36:54
Жұма мүбәрак болсын!


Жұма күнінің сүннеттерінің бірі садақа беру.
2.5K views03:36
Ашу / Түсініктеме
2022-01-19 21:13:55 Посетив этот канал, прочитайте салават на Пророка Мухаммада, солляЛлаху алейхи ва саллям

Аллаһумма солли ъала саийдина Мухаммад солаллаһу алейһи уа салам
477 views18:13
Ашу / Түсініктеме
2022-01-19 21:12:47 Біреудің қателігін көрсең оны ешкімге айтпа!Қатесі үшін жек көріп кетпе!Әйтпесе,Аллаһ Тағала сені баяғыда жек көре салатын еді.
Erlan Akataev ustaz
496 views18:12
Ашу / Түсініктеме
2022-01-19 21:12:13 Жұмаққа қол ұстасып кіру үшін
Некесіз қол ұстасып жүрмеу керек
505 views18:12
Ашу / Түсініктеме
2022-01-17 06:46:57
523 views03:46
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 17:01:16 ПАРАСАТТЫ ПЕРЗЕНТ СҰРАЙТЫН 5 ДҰҒА

1. «Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!»
("Фұрқан" сүресі, 74-аят)

«Раб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-ри-иәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-ъәл-нәә лил-мут-тә-қии-нәә-и-мәә-мәә»

2. «Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!»
(«Ибраһим» сүресі, 40-аят).
«Раб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зур-ри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл ду-ъәә-и»

3. "Раббым, маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла! Анығында, сен тілекті Естушісің!"
("Əли Имран" сүресі, 38-аят)
"Рабби һәбли мил-лəдункə зурриəтəңң тойибəһ ин-нəкə сəмиъуд-ду-ъəə"

4. "Раббым! Маған ізгілерден тарту ет! ("Саффат" сүресі, 100-аят).
"Рабби һәбли минəссоолихиин"

5. "Раббымыз! Екеумізді де Өзіңе берілушілерден ет жəне ұрпағымыздан да берілуші үммет ете гөр. Бізге құлшылықтарымызды (амал, тəртіптерін) көрсетіп, күнəмізге шынайы өкініп, Өзіңе бойұсынуға қайтуымызды (тəубемізді) қабыл ет! Күмəнсіз, Сен – Тəубені қабыл етуші, ерекше Мейірімдісің" ("Бақара" сүресі, 128-аят)
"Раббəнəə уəжъəлнəə муслимəйни лəкə уə миң зуррииəтинəə уммəтəн муслимəтəн лəкə уə əринəə мəнəəсикəнəə уə туб ъəлəйнəə иннəкə əнтə əт-тəууəəбур-рахиим"

Расында, адамзат тарихында ғұмыр кешкен талай игі жақсылар, тіпті, пайғамбарлардың өздері Алла Тағаладан салиқалы, ізетті ұрпақ сұраған:
«...Шынында менің сүйегім қаусап, шашым ағарды. Сондықтан маған өз жаныңнан мұрагер бер және оны разылығыңа бөлей гөр» деп жалбарынған Зәкәрия пайғамбарды (а.с) Алла Тағала: «Біз сені Яхья деген ұлмен қуантамыз!» - деп сүйіншілеген. Ал Иса пайғамбарды (а.с) әкесіз тудырған. Ибраһим пайғамбарға (а.с) әбден қартайған шағында Исмаил мен Ысқақ (а.с) атты ұлдарды көруді нәсіп қылған. Бұл – Алла Тағаланың ризық-несібені, бақытты, нығметті себеппен де, себепсіз де бере алатынының, қалаған нәрсесін қалаған уақытта жарата алатынының айқын дәлелі. Демек, артынан қайырлы, өнегелі ұрпақ қалдырып кетуді армандаған адам Алла Тағаланың құдіретінің шексіз екендігін әсте естен шығармауы тиіс. Алла сіз бен бізге қайырлы, берекелі ұрпақ сыйлап, оның тек жақсылықтарын көруімізді нәсіп етсін!
386 views14:01
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 12:10:06 ИМАНДЫ КҮШЕЙТЕТІН 3 НӘРСЕ

Кейде елге елеулі, сыйлы адамды көрсек, оны сыйлап, төрге шығарып, құрмет көрсетіп жатамыз. Әлгі адаммен қарым-қатынас жасағанда аса сақтық танытып, көңіліне келетін сөз айтып қоймауға, ол кісімен байланысты үзіп алмауға тырысамыз.
Айтқанын орындаймыз. Бұйырғанын тыңдаймыз. Алдында әдеп сақтаймыз.
Тіпті, өзіміздің әйел, бала-шағамызбен де дәл сондай нәзік әрі тығыз қарым-қатынастамыз. Себебі, көп уақыт көңіл бөлмей қойсақ, бір күні әйеліміздің де суып кететінін білеміз. Ұзақ уақыт көріспесек, бауыр еті баламыздың да жат болатынын сеземіз.
Сондықтан да өзімізге қымбат болған жандарға көбірек көңіл бөлеміз, оларды бағалаймыз, іздейміз. Олармен байланысымызды үзбейміз.
Ал Жаратушымен ше?..
Онымен қандай байланыстамыз?
Әлгі адамды ренжітіп алмайын деп жүгіріп, қолымыздан келгенін жасағандай, Алла үшін де дәл солай тырыса алып жүрміз бе?..
*
Иә, әр нәрсенің өткінші, бірде бар, бірде жоқ болатыны секілді, иман да бірде күшейіп, бірде әлсіреп тұрады.
Өткір қылышты қайрап тұрмаса, кесуге жарамай қалатыны секілді, иманды да үнемі суарып, жаңартып отыру керек.
Сондықтан бүгін иманды қуаттаудың ең негізгі, маңызды деген 3 жолын атай кетуді жөн көріп отырмыз.

БІРІНШІ, ДҰРЫС ОРТАДА БОЛУ.

Негізі адамға жүрген ортасы, сөйлесетін, араласатын достары қатты әсер етеді. Қанша жерден «мен жеке тұлғамын» десең де, айналаңдағы адамдар ықпалын тигізбей қоймайды. Егер досың лайдың үстімен жүргенді жақсы көретін адам болса, оны таза жермен жүруге шақыр. Көнбесе, өзің алыста. Себебі, сен қанша таза жермен жүрсең де, лайдың үстінде жүрген досың бір күні саған батпағын жағады. Арада біраз уақыт өткенде үстіңді былғайды. Сөйте-сөйте бір күні өзің де қара батпақтың ішіне қалай кіріп кеткеніңді байқамай қаласың.
Ал «қандай адаммен дос болу керек?» деген сұраққа түсі игі, жаны ізгі, сөзі дұрыс, ісі тиянақты адамдармен жолдас болу керек деп жауап берер едік. Себебі, «Адам – досының дінінде». Ең жақсы дос – Құдайды ұмытсаң есіңе салатын, ал ойлап отырсаң көмектесетін дос! Ендеше, жаныңа бірігіп күнә жасайтын емес, жұмылып Құдай риза болатын істерді атқаратын жандарды жина!

ИМАНДЫ КҮШЕЙТУДІҢ ЕКІНШІ ЖОЛЫ - ҚҰРАННЫҢ СОҢҒЫ ПАРАЛАРЫН ОҚУ, ТЫҢДАУ, МАҒЫНАСЫНА ОЙ ЖҮГІРТУ.

Расында, Құрандағы Меккелік, яғни Меккеде түскен соңғы сүрелер Алланың алдына баратын күнді, Қияметті еске салады. Және Құранның соңғы параларында бір Аллаға сыйыну, жәрдемнің де, азаптың да Алладан болатыны, еш нәрсе Алланың қалауынсыз, білімінсіз болмайтыны, Құдайдың құдіреті жайында көп айтылады. Сондықтан Алланың сөзін оқып, тыңдап, оның мағыналарына ой жүгіртіп, түсіндірмелерін оқыған адамның әлбетте, иманы көтеріледі. Жүрегі тазарады, санасы нұрланады. Аяттардың мағынасына мән беріп, ізденген адам намазда оқыған сүрелерінен ләззат алады. Иманның басқа еш нәрсемен салыстыруға келмейтін тәп-тәтті дәмін татады! Сондықтан иманым күшейсін деген адам Алланың сөзі болған қасиетті Құранға көңіл бөлуі керек.

ҮШІНШІ, НАСИХАТ.

Яғни өз білгеніңді өзгелерге үйрету.
Себебі, Алла Құранда:
«Адамдарды Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгіт арқылы шақыр…» («Нахыл» сүресі, 125- аят),
«…Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер...» («Мәида» сүресі, 2 аят),
«Сендерден жақсылыққа шақыратын, сондай-ақ, дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне, солар - құтылушылар» («Әли-Имран» сүресі, 104 аят), - деген.
Сондай-ақ, ардақты елшіміз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жақсылыққа шақырушыларға соны жасағандардың сауабындай сауап жазылады», - деген. (Муслим)
Сондықтан біреуді жақсылыққа шақыру арқылы өзіңнің де иманың, білімің артатынын және дәл сол жақсылықты жасамасаң да, жасағандай сауап алатыныңды ұмытпауың керек.
Міне, бұл ең үлкен байлық, ең үлкен қазына болған жүректегі иманды күшейтудің ең маңызды 3 жолы. Алла баршамызды ойы азат, жаны таза иманды құлдарының қатарынан етсін!
640 views09:10
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 06:37:37
Жұма мүбәрак болсын!

Жұма күнінің сүннеттерінің бірі - садақа беру.
3.5K views03:37
Ашу / Түсініктеме