Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE N
Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 23.81K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 54

2021-08-09 20:38:44
586 views17:38
Ашу / Түсініктеме
2021-08-08 13:29:54
@jel90
1.7K views10:29
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 19:42:57 LinkedIn - білікті мамандардың әлемдік нарыққа шығаратын негізгі құрал. Өзім де, достарым да талай компанияларға тапсырғаны бар.

Бұл өте жаман прецедент. Халықаралық компаниялар үшін бұл үлкен red flag. Мемлекет тарапынан жарнама үшін бұғатталды делінген. Өте қызық себеп екен.

Онда неге фейк аккаунттарға, порно-контентке және лицензиясыз музыкаға толы VK бұғатталмаған? Ол жерде жас балалар жасын өзгертіп ақ кіріп жүр ғой. Оның жабылуын мен екі жақтап қолдар едім.

Негізі, біз Ресейдің жолын қайталап келе жатқандаймыз. 2016 жылы олар да Линкедин жапқан. Мен сонда ресейлік достарым мен рекрутерлерге күлетін едім. Сол кезде ресейлік медиа ортада біраз шу болды.

Алайда, сол шуды бізден көріп жатқаным жоқ. Сол өкініштісі. Қазаққа LinkedIn керек емес те сияқты. Жұмысты сол ресейлік Headhunter арқылы іздеп отырамыз дегендей.

Кринж десе кринж енді.
1.3K viewsedited  16:42
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 19:27:35 Қазақстанның интернеттегі ұлттық қауіпсіздігімен айналысатын адамдардың логикасын түсінгім келеді.

Қазақтар көп қолдана бермейтін, тіпті 10 000 000 қазақстандық қолданатын Инстаграмның жанында “тіпті ешкім қолданбайды” деп айтуға да келетіндей сервистерді бұғаттап тастайды да қарап отырады.

Мысалы, issuu деген электронды журнал жариялауға арналған платформа бар. Соны бұғаттай салады.

Medium блогплатформасы бар. Соны бұғаттай салады.

Vimeo видеоплатформасы бар. Соны бұғаттай салады.

Ал енді… ешкімге зияны жоқ Linkedin желісін де бұғаттап тастапты.

Әлі есімде, сонау 2011 жылдары Қазақстанда ең бірінші боп қазақ блогосферасы өте қарқынды дами бастаған болатын. Асхат Еркімбай құрдасымның санағы бойынша, кемі 500-дей қазақтың әрбір саладағы “сен тұр, мен айтайын” контент жасаушысы жетіліп келе жатқан еді. “Ана ауылдың бақаны ішіме тиді” дегендей, айдаладағы бір кавказдық топтар уордпрес платформасынан блог ашты деп біз блог жазып жүрген ресурсымызды бұғаттай салған еді.

Ең қызығы, бұл платформаның барлығы нағыз контент жасаушы немесе прогрессив адамдар қолданатын ресурстар. Осыдан кейін ренжісең, “Неге ренжисің?” деп өзіңе ренжиді…
1.3K views16:27
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 04:14:46 Достар, Сіздерге менен кішігірім өтініш. Менің жан апам қазір ауыр сырқаттанып (ковид болса керек), ауруханаға түсіп қалды. Сіздердің дұғаларыңызға мұқтаж. Намазда дұға жасап қойсаңыздар: Баянкүл Әубәкірқызы. Алла разы болсын
1.1K views01:14
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 15:29:29 Достар,
Сіздерге менен кішігірім өтініш.

Менің жан апам қазір ауыр сырқаттанып (ковид болса керек), ауруханаға түсіп қалды. Сіздердің дұғаларыңызға мұқтаж.

Намазда дұға жасап қойсаңыздар:
Баянкүл Әубәкірқызы.

Алла разы болсын
1.2K viewsedited  12:29
Ашу / Түсініктеме
2021-07-18 21:12:55
Kuji podcast ковидтың таралу көрсеткіші R коэффициентін түсіндіруде. Қысқаша айтсақ:

Егер R < 1 болса, 1 адам басқа адамды жұқтыру ықтималдығы төмен. Пандемия тоқтауы керек.

R = 1 болса, бір адам тек бір адам жұқтырады. Пандемия тоқтамаса да, таралу жылдамдығы төмен.

R > 1 болса, бір адам бірнеше адамды жұқтырады. Бұл пандемияның басты сипаты.

Вакцинацияның басты мақсаты осы R < 1 жеткізу, яғни таралу жылдамдығын азайтып, тоқтату.
1.1K viewsedited  18:12
Ашу / Түсініктеме
2021-07-18 20:34:07 Я сегодня в Фейсбук и Инстаграм выложил пост о вакцинации. И реакция на него натолкнула на несколько очень важных соображений, которыми я хотел бы тут поделиться. Сначала, конечно, открылись врата в ад, особенно в Инстаграме. Пришли, конечно, поклонники…
1.1K views17:34
Ашу / Түсініктеме