Get Mystery Box with random crypto!

LinkedIn - білікті мамандардың әлемдік нарыққа шығаратын негіз | Narikbi LIVE

LinkedIn - білікті мамандардың әлемдік нарыққа шығаратын негізгі құрал. Өзім де, достарым да талай компанияларға тапсырғаны бар.

Бұл өте жаман прецедент. Халықаралық компаниялар үшін бұл үлкен red flag. Мемлекет тарапынан жарнама үшін бұғатталды делінген. Өте қызық себеп екен.

Онда неге фейк аккаунттарға, порно-контентке және лицензиясыз музыкаға толы VK бұғатталмаған? Ол жерде жас балалар жасын өзгертіп ақ кіріп жүр ғой. Оның жабылуын мен екі жақтап қолдар едім.

Негізі, біз Ресейдің жолын қайталап келе жатқандаймыз. 2016 жылы олар да Линкедин жапқан. Мен сонда ресейлік достарым мен рекрутерлерге күлетін едім. Сол кезде ресейлік медиа ортада біраз шу болды.

Алайда, сол шуды бізден көріп жатқаным жоқ. Сол өкініштісі. Қазаққа LinkedIn керек емес те сияқты. Жұмысты сол ресейлік Headhunter арқылы іздеп отырамыз дегендей.

Кринж десе кринж енді.