Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE N
Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 23.81K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 52

2021-08-25 10:37:33
Narikbi LIVE Yokohama дөңгелектерін ұсынады

Подкастты көлікте тыңдайтын адам бар ма?
919 views07:37
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 12:07:06
Бір күн өтпей ақ топқа шықтық

Кім тыңдап қойды?
Қалай шығыпты? Қандай кері байланыс бере аласыз?
895 views09:07
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 15:41:52 Narikbi LIVE pinned « Episode 38. #Talk (Örken, Daniyar, Narikbi): Әлеуметтік желі – иллюзияның елі Салем, тыңдарман! Подкастымыздың бұл санында сіздермен әлеуметтік желідегі иллюзия туралы сөз қозғаймыз. Бұл орайда бізге қонаққа белгілі блогерлер Өркен Кенжебек және Данияр…»
12:41
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 15:33:25
Share and support us please :)
460 views12:33
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 15:32:45 Тайм-кодтар:

01:30 Блогер мамандық па?
08:00 Aqarys фанаты және тикток
16:00 Сізді түсімде көрдім..
20:30 Жақын адамдарды блокқа тығу
26:00 "Кім болсаң да, жалғызсың!" және фанатизм
31:00 Мейрамбек Беспаев синдромы
38:30 Әлеуметтік желімен бірге есею және халал блогерлер
46:00 Саясаткерден не талап етіледі?
50:30 Жарнама жасау өнері
01:00:00 Қолдан өз құныңды көтеру жайлы
01:07:00 Ақыл-кеңес сұрау дұрыс па?
01:11:00 Курс сатушылар туралы
01:15:00 Инфо-цыган vs Инфо-маньяктар
01:24:00 Телефонда отыру және азиялықтардың комплекстері
01:36:00 Краудфандинг жұмыс істей ме?
484 viewsedited  12:32
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 15:32:10 Episode 38. #Talk (Örken, Daniyar, Narikbi): Әлеуметтік желі – иллюзияның елі

Салем, тыңдарман!
Подкастымыздың бұл санында сіздермен әлеуметтік желідегі иллюзия туралы сөз қозғаймыз. Бұл орайда бізге қонаққа белгілі блогерлер Өркен Кенжебек және Данияр Жігітбек ағаларымыз келді.

Конкурс!
@qazyna_kz - тек қазақ тіліндегі кітаптар. Келесі үш кітаптың бірін ұтып алу үшін:
1. осы постпен сториста бөлісіп @narikbi.live @qazyna_kz белгілеңіз
2. Кітап оқитын досыңызды комменте белгілеңіз

Кітаптар:
Тайм-менеджмент. Шынар Әділова
Өлгендер қайтып келмейді. Бердібек Соқпақбаев
Тұлғалар өміріндегі Ислам. Марфуға Шапиян

Бізді қолдау
Каспи: 4400 4301 0531 4071 (Нәрікби М.)

Подкаст тыңдау үшін төмендегі сілтемелерден өтіңіз

Apple Podcasts - https://apple.co/384PlgX
Google Podcasts - https://cutt.ly/nQ5X61g
Яндекс Музыка - https://cutt.ly/dQ5CwF9
Spotify - https://cutt.ly/DQ5CrcM
Castbox - https://cutt.ly/xQ5CtAh
Stitcher - https://cutt.ly/2Q5CpR1
Сайт арқылы тыңдау - http://narikbi.podbean.com/
Instagram - https://www.instagram.com/narikbi.live/
477 views12:32
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 15:31:33
465 views12:31
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 12:49:28
Қайбір жылы достарымызбен Ыстықкөлге бардық. Сенбі-жексенбі — 2 күн демалысты ерекше өткізейін дедік. Негізі бір қарағанда 2 күн аз сияқты. Бірақ мен апталап көлдің жағасында жататындарды түсіне алмай-ақ қойдым. Бітпейтін не ләззат ол?! Сөйтіп бірінші күніміз…
844 views09:49
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 12:44:47 Қайбір жылы достарымызбен Ыстықкөлге бардық. Сенбі-жексенбі — 2 күн демалысты ерекше өткізейін дедік. Негізі бір қарағанда 2 күн аз сияқты. Бірақ мен апталап көлдің жағасында жататындарды түсіне алмай-ақ қойдым. Бітпейтін не ләззат ол?!

Сөйтіп бірінші күніміз эмоция мен әсерге толы өтті. Өмірдің секундтар емес, сәттерден тұратынын осындайда түсінесің. Уақыт баяу жылжығандай бір күннің өзінде көп нәрсені көріп, сезініп тастадық.

Екінші күні эмоциялар басылып, түске қарай шомылудың қызығы кете бастады. Сөйтіп үйге қарай шығып кеттік. Солай істегеніміз дұрыс та болған сияқты. Егер тағы бір күн қалсақ, демалыстан шаршап, жағымсыз эмоцияларды кешер ме едік, кім білсін?!

Әр жағымды эмоцияның бір шегі болады. Сол шекке жеткенше өзіңді бақытты сезінесің. Ал шектен асқан кезде керісінше бақытсыз сезіне бастайсың.

Ісіңнен үнемі ләззат алып, өзіңді бақытты сезініп жүру үшін сол шекті білуің керек және дер кезінде тоқтауың керек. Мысалы, саған кітап оқу ерекше ләззат сыйлайды. Осы бір жағымды эмоцияны 30 минут бойы кешесің. Одан әрі оқи берсең, оқу жалықтыра бастайды. Дәл осы сәтте кітап оқуды тоқтату маңызды. Әйтпесе, кітап оқу энергия бермей, керісінше оны жей бастайды.

Калифорнияда French Laundry деген ресторан бар. Ерекшелігі: ол жерде тағамды кішкентай порциялармен береді екен. Себебі ресторанның бас аспазы Томас Келлердің айтуынша, адам алдындағы астың тек алғашқы 3-4 порциясынан ғана ләззат алады екен. Қалғаны әшейін қарынды толтыру ғана.

Бұл заңдылық басқа дүниелік заттарға да қатысты жүреді деп ойлаймын. Мысалы, Дубайда Ломбарджини айдап көресің де, ләззат аласың. Соны сатып алсам деп аңсарың ауады. Бағасы: 120 млн тг. Сөйтіп сатып аласың. Басында өзіңді бақытты сезініп жүретін шығарсың. Бірақ оның да ләззаты ұзаққа созылмайды. Бір кезде "осы-ақ па не?" деген сезім пайда болады.

Бұдан шығатын қорытынды: бір нығметтен ләззат алу үшін оған иелік етудің қажеті жоқ. Мысалы, ана Ломбарджиниді Дубайға барған сайын жалға алып, айдап тұрсаң болады. Содан ләззат аласың. Артық шығындалмайсың.

Негізі қаржы сауаты деген түптеп келгенде қажет пен қалаудың аражігін ажырату ғой. Артық қалаулар түбі сені тақырға отырғызуы мүмкін. Бір жаңа дүниеге қызығып, сатып алғың келді дейік. Сатып алу деген — иелік ету деген сөз. Сол кезде өзіңе сұрақ қой "Мен бұл затсыз өмір сүре алам ба?" деп. Жауап "иә" болса, демек, бұл — қалауың.

Кейде бір әдемі дүниені көргенде, оны сатып алмай, оған жай қарап-ақ ләззат алуға болады. Соның өзі жеткілікті. Мысалы, Луи Витонның сөмкесіне қарап, оны жасауға кеткен шеберлердің еңбегін ойлап, дизайнына тамсанып тұруға болады. Сатып алу шарт емес. "Мен бұл затсыз өмір сүре алмаймын" десең, мархабат, сатып ала бер. Бірақ бір айдан кейін ләззаты кетіп, "осы-ақ па не?" деп айтпа.

Адамның жаны мәңгілік рахатты қалайды. Адам бір нәрсені қаласа, демек, ол нәрсе бар деген сөз. Ол — жәннат. Сол сияқты адам не үшін мәңгі өмір сүргісі келеді, өлгісі келмейді? Себебі оны бұл өмірден өткеннен кейін мәңгілік өмір күтіп тұр. Бірақ ол сол мәңгілік өмірді осы дүниеден күтеді.

Адамның жаны мәңгілік жәннатқа ие болғысы келеді. Тәні дүниелік рахаттарға иелік етуді қалайды. Біз осы екеуін шатастырып аламыз да, қымбатқа сатып алған затымыз ләззат бермей жатса, көңіліміз түседі.

Кез келген ләззаттың бір шегі болады. Сол шекке дейін сол затты қолдан, сол істі істе. Ләззаты азая бастағанда, тоқтап үлгер де, басқа бір іске көш. Сонда өзіңді үнемі бақытты сезініп жүресің. Бір нығметтен ләззат алу үшін оған иелік етудің қажеті жоқ. Яғни, сатып алудан гөрі жалға ала тұру психологиясы бұл тұрғыда ұтымдырақ. Әрине, қажет пен қалаудың аражігін ажырата алсаң.

https://t.me/dzhigitbek
704 views09:44
Ашу / Түсініктеме
2021-08-22 13:25:07
Danday Amokachi v2.0

Gallup test тапсырдыңыз ба?
Топ 5 комментте жазып кетіңіз
593 viewsedited  10:25
Ашу / Түсініктеме